Бастық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 47
Нақыл сөздер: 12
Құттықтау, тілектер: 5
Әңгімелер: 14
Анекдот, әзілдер: 3

Бастықтың «жаманы» жоқ,Дегенмен, жел сөзден аманы жоқ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастық байлығын білдірмес,Елге қарап қол жаяр.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастықты алтынмен аптасаң да,Жырымдап жеуін қоймайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастық бір сүрінсе,Орынбасары қырық сүрінеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
КамАЗ-дан жүк қалмас,Бастықтан түк қалмас.
©  Ермахан Шайхыұлы
Екі бастықтың құйрығы,Бір креслоға сыймайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастықтың айтқанын қызметкері де айтады,Тек, қолында билігі жоқ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастық ашуланса,Еден жуушының мұрны қанайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастықтың бағы,Қызметкердің жағы үлкен.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастық күлсе,Орынбасары езу тартады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастықты есепшісі асырайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастығы бар әскердің астығы бар.
Бастықтарға қарсылық етуші
Құдайдың бұйрығына қарсылық етеді.
Шықпаған егіннен жер бүлінеді,
Олақ бастықтан ел бүлінеді.