Кеңес туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 24
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 48
Нақыл сөздер: 13
Туындылар: 2
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 2

Кеңесіп пішкен тон келте болмас
©  Самет Оқанұлы
Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес
©  Самет Оқанұлы
Кең (тігілген) тон тозбас,Кеңесілген іс бұзылмас.Бұл мақал бір іс істегенде өзім білермендікке салынбай, үлкендермен ақылдасып, кеңесіп отыруға..
©  Түркі халықтары
Кеңесті білім оңалар,Кеңессіз білім бұзылар.
©  Түркі халықтары
Батыр жігітті қорлама,Сəйгүліктің арқасын жауыр қылма.Осы мақалмен ақсақалдар бектерге ақыл-кеңес айтады.
©  Түркі халықтары
Жас адам-қызметке, қарт адам-кеңеске.
Ағаттық өткен соң,Ақыл-кеңестен не қайыр?!
Құлағыңа сыбырлаған кеңестің құны жоқ.
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен..
Ақыл-кеңес бергенге қызмет қыл.
Ақыл-кеңес тыңдамаған адам
Әрдайым машақатқа түседі.
Кең тон тозбайды,
Кеңесті іс азбайды.
Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.
Өзіңнен бір көйлек тоздырғаннан сұра.
Кеңесті хан азбайды,
Кең киім тозбайды.
Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.
Кеңеспен кескен тон келте болмас.
Кемеңгер кеңес таппай қоймас.
Келбеті келгеннен
Кеңес сұра.
Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас.
Жүйрік бестіден шығар,
Кеңес естіден шығар.
Кеңесті жерде кемдік жоқ,
Кеңессіз жерде теңдік жоқ.