Көңіл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 93
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 781
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 62
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2

Көңіл көзін сөз ашар,Сөйлемесе, кір басар
©  Самет Оқанұлы
Көңілі ояудың көзі ояу
©  Самет Оқанұлы
Жаманның сөзі көңіл қалдырғандай,Жақсының сөзі мейір қандырғандай
©  Самет Оқанұлы
Ақ киім – кірлегіш,Ақ көңіл – кешіргіш
©  Самет Оқанұлы
Күйісің жаман болса, тән азады,Көңілің жаман болса, жан азады
©  Самет Оқанұлы
Көңілің пасық болса,Айналаң қашып болар.Көңілің ашық болса,Көрген жан ғашық болар
©  Самет Оқанұлы
Күйісің жаман болса,тән азады.Көңілің жаман болса, жан азады.
©  Самет Оқанұлы
Көзден алыстаса, көңілден де алыстар.(Көзден кетсе, көңілден болар ұмыт.)
©  Түркі халықтары
Құлақ естісе, көңіл білер,Көз көрсе (сүйіктісін), əуес келер.
©  Түркі халықтары
Ананың көңілі – базарда,Баланың көңілі – басжазарда
©  Ермахан Шайхыұлы
Досың жылап мұңайса, жұбат көңілін жасытпа. Өзімсініп сыр айытса, өсек қылма басқаға.
©  Естеу ЖҮНІС
Жас болса-көңілді; Кәрілік келсе-ақылға көңіл бармайды.
Адам көңілден азады, тілінен жазады.
Көңіл қартаймайды, көз қартаяды.
Көңіл сырын сөз білдіреді.
Көңілсізден көзсіз бала туар.
Көңілдегі құпияңды көзің айтып қояды,Көп сөйлеген күпілдеп сырын айтып қояды.
Көзім – хат, көңілім – шот.
Көңіл – сөздің сандығы.
Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы ердің көңілін сақта.

Адамның көңілі қалса, ол –жаман. Со себепті де халқымыз: «қалған көңіл..
©  Гүлтас Құрманбай
Көңіліңе жаққанды көргің келер.
 Көтеріңкі көңіл – ең жақсы дәрі.
Көңілсіздің көлігі шаппас. 
Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға. 
©  Асан қайғы
Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.