Надан туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 18
Өлеңдер: 27
Нақыл сөздер: 23
Әңгімелер: 1

Ғалымның бір күні –Наданның мың күніне татиды
©  Самет Оқанұлы
Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар  – Менің әкем: "Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар" деуші еді.("Қазақ мифтері"...
Дананың жүрегі жылаған жерде, ал наданның жүрегі — айқайлаған жерде.
Наданға қор болған есіл сөзім,Өлікке жылаған есіл көзім.
Білмеген (надан) көзі болса да — соқыр,
Тірі жүрсе де — өлік.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Бергенін алған –
Наданның ісі.
Ішкенін құсқан –
Жаманның ісі.
Қатесіз адам – қаперсіз надан.
Надан – қашан да надан,
Наданмен байланыспаған – адам.
Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.
Надан данамен өш.
Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Надан достан тура дұшпан артық.
Мың надан сопыдан, бір ілім молда артық.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Жағымпаз надан —
Жаудан жаман.
Наданға жалынғанша,
Адамға жалын:
Надан жолыңды тосады,
Адам қатарға қосады.