Көр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 21
Өлеңдер: 9
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 1
Аңыздар: 1

Көрге кірген тірі шықпас,Үйге кірген құр шықпас
©  Самет Оқанұлы
Жақсы болсаң, төр сенікі,Қайықты болсаң, көл сенікі,Қазаң келсе, көр сенікі 
©  Самет Оқанұлы
Адам мəңгі жасамас,Көрге кірсе – кері қайтпас.
©  Түркі халықтары
Көрге кірген тірі шықпас,Үйге кірген құр шықпас.
Үйге кірген құр шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды- "Үйге кірген құр шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды" деген. Енді мен шықпаймын,—деп сіресіп..
Күннің көзі көрге де түседі.
Шылымшы- өзін көрге тығушы.
  Елiңдi жек көрсең, Елге қайтiп сиярсың. Жерiңдi жек көрсең, Көрге қайтiп сиярсың.

Мақалды жаттап алып, мәніне көңіл аударыңыз. Ойланып..
©  Гүлтас Құрманбай
Кәрілік көрге сүйрер.
Білім білген пілге мінер,
Білім білмеген көрге түсер.
Бұл өмірдегі ең соңғы баратын жер — көр.
Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.
Дәулес төрін бермейді,
Өлсе – көрін бермейді.
Ер көрге де күліп кіреді.
Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.
Ер көретінін көрмей
Көрге кірмейді.
Өлсем мейлі көріне,
Бір шығайын төріне.
Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.
Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.
Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.