Ер туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 389
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 144
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 4

Жүк ауырын нар көтереді,Ел ауырын ер көтереді
©  Самет Оқанұлы
 Елін сүю – ердің ісі,Елден безу – ездің ісі
©  Самет Оқанұлы
Ер жігіттің сөзі бір(еу),Ердің көгі үш(еу).Бұл мақал ер-азаматтарды айтқан сөзі мен уəдесінде тұруға шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Қылыш даттанса, іс бұзылар,Ер даттанса, пейіл былғанар.Бұл мақал азаматты қайтпас ерлікке баулып, əрқандай нəрсенің өз жынысына қарай өмір сүруінің..
©  Түркі халықтары
Құс қанатымен,Ер атымен.
©  Түркі халықтары
Ер, Азамат туралы
Су тасыса жиегіне,Ер тасыса еліне.Ер азамат түзде – мырза, үйде – құл.Ердің ісі – тәуекел.Ердің малы елде,Еріккенде қолда.Ерегестен ер өлер.Тәуекел..
©  Дихан Қамзабекұлы
Ерден иман құтылмас"Ерден иман құтылмас, "- деген сөз бар,Дүниені шашып-төгіп Мекке барған.(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Ізбас қажы").
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Айласыз ер тез өледі"Айласыз ер тез өледі"Деген сөзді қарашы."Айласыздан Аршылан Қолға түсті" деген сөз бар,Осыны байқап қарашы.("Нәрік". Бабалар..
Ер жігіт үйде туып, түзде өлер- "Ер жігіт үйде туып, түзде өлер" деген емес пе, ата, мықтаса, бір оқтық шығармын, сынап неге көрмейсіз? - дейді..
Салмай жортқан ерден салмай құлындаған бие артық табады"Салмай жортқан ерден салмай құлындаған бие артық табады" деген. Таза, адал еңбек істесеңдер..
Ер сыйлаған есікте қалмас"Ер сыйлаған есікте қалмас" деген. Әлі-ақ бәріміз де бір-бір үйдің иесі боламыз. Шарапат, жақсылығы тиер, үлкен кісілердің..
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
©  Көпеев Нұрдәулет
Атың жақсы болсаЕр жігіттің пырағы
©  Көпеев Нұрдәулет
Әйелдер аз сөйлесе, ерлер көп нәрсе тыңдырушы еді.
©  Еврей халқы
Өнер-білім ердің азығы, ер елдің азығы.
©  Естеу ЖҮНІС
Ер азамат белгісі - түзде мырза үйде құл
Жер сәні — егін,Ер сәні — білім. 
Жер тозса — тақыр,Ер азса — пақыр. 
Ер елдің көркі,Орман, тоғай — жердің көркі. 
Елім бай болсын десең,Жеріңнің бабын тап.Ерім сай болсын десең,Еліңнің бабын тап. 
Ормансыз жер — жалаңаш.Армансыз ер — жалаңаш. 
Ерді  жақта, қызды жақта, одан бұрын анаңды сақта. 
Ер тоқымы жаман депЕрді мазақ қылмаңыз.Еккен егін жаман деп,Жерді мазақ қылмаңыз...