Дәулет туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 21
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 26
Нақыл сөздер: 17
Туындылар: 1
Ертегілер: 1

Жамандықты көп қуған,Бір пәлеге жолығар.Жақсылықты көп қуған,Бақ-дәулетке жолығар
©  Самет Оқанұлы
Жамандықты көп қуғанБір бәлеге жолығар.Жақсылықты көп қуған,Бақ дәулетке молығар.
Келген дәулет,Кеткен бейнет. 
Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар. 
©  Асан қайғы
Білім — иесінің дәулеті, білімді қайда барса да,
Алдына алтын тартылады.
Біліксіз биік болса дәулетімен,
Білікті биігірек сәулетімен.
Бос кеуделер көрсе дәулет шіркінді,
Тістей қатар бос жібермей бір күнді.
Бейнетсіз дәулеттің рахаты жоқ.
Дәулес төрін бермейді,
Өлсе – көрін бермейді.
Дәулет басса –
Ет басады,
Бейнет басса –
Бит басады.
Бақыттыға бақ-дәулет бас көтертпейді.
Залымның дәулеті әулетіне де бұйырмайды.
Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.
Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір.
Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.
Келген - дәулет, кеткен - бейнет.
Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.
Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.
Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
Дәулетті ел — сәулетті.
Дәулетіне қарай сәулеті.