Күн туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 81
Жұмбақтар: 93
Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 864
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 41
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 46
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Аңыздар: 1

Жалықтырса да май жақсы,Күйдірсе де күн жақсы.
©  Түркі халықтары
Күнге қараса, көз ұялар.
©  Түркі халықтары
Кейде бір бұлт та күнді жабады.
Күн күркірегендей жаңбыр жауған жоқ.
Күннің көзі көрге де түседі.
Штрихсыз күн де, сызықсыз күн де жоқ.
Оның артында кеш болмайтын күн жоқ.
Күн ұзақ- істер көп , түн ұзақ-армандар көп.
Алдымен сіз күннің қаншалықты тез өтетініне таң қаласыз, содан кейін бұл күн емес, өмір екенін түсінесіз.
Ақымақтар бақытты күнді күтеді, бірақ күн сайын еңбекқор адам үшін сәтті болады
©  Будда
Жаңа шыққан күнді көргенБір ғанибет.Жаңа ашылған гүлді көргенБір ғанибет. 
Күн сіркіресе —Көк дүркірейді. 
Қайтқан күнде қайыр жоқ,Қу ағашта шайыр жоқ. 
Шағала қонса айдынға,Күн жауар деп қайғырма.
Қатты күркіреген күнТез ашылады.Қатты ашуланған адамТез басылады. 
Бұлыңғыр күннің артынанБұлтты түре күн шығар. 
Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.

Осы мақалдың мәнін ашатын тағы қандай мақалды білесіз?
Барлық іске үлгеру үшін..
©  Гүлтас Құрманбай
Сәуір болса,Күн күркірер.Күн күркіресе,Көк дүркірер. 
Кешкі күн құлақтансаҚатының ұл тапқандай сүйін.Ертеңгі күн құлақтанса,Еліңді жау шапқандай күйін. 
Кешкі асыңды қысқарту-Кешер күніңді ұзарту.
Бір күн бұрын ексең,Бір апта бұрын орасың.
Қитыққан-күн шықса да көрмейді.
Біреу күн нұрына малынса,Біреу ай сәулесіне зәру.
Әр күн жексенбі бола бермейді.
Екі күндік бақытқа жүз күнде жетесің.