Кәрілік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 38
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 52
Нақыл сөздер: 20
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 1

Жастық шақ кетті-қоштаспады, ал Кәрілік келді — сұралмады.
Жас кезінде ол бос жүрді, ересек кезінде қазына табуды армандайды, Кәрілік келсе-монахтарға барады.
Жас болса-көңілді; Кәрілік келсе-ақылға көңіл бармайды.
Кәрілік көрге сүйрер.
Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,Қарттыққа аяғын алдырмағаны. 
©  Ыбырай Жақаев
Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.
Қартайғанда өкпешіл болады.
Ауру – аздырады,
Кәрілік – тоздырады.
Жас кезіңде тандыр нан да тәтті.
Қартайғанда құймақ та қатты.
Тәліміне қарай кәрілігі.
Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.
Кәрілік — дауасыз дерт.
Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.
Жасыңда қылжың болсаң,
Қартайғанда мылжың боларсың.
Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.
Жастық көкке,
Кәрілік жерге қаратады.
Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.
Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.
Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.
Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың.
Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз.
Көп жасаған құрдасынан
Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.
Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.
Үлкен пышақ —
Ұялғаннан өтеді.
Алпыс — дер шағы,
Жетпіс — мәр шағы,
Сексен — жер шағы
Тоқсан — шер шағы,
Жүз — қор шағы...