Қатты туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 9
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 8
Нақыл сөздер: 3

Жақсы – көлмен тең, суы тәтті,Жаман – шөлмен тең желі қатты
©  Самет Оқанұлы
Алмаз сияқты қатты.
Қабығы қатты жаңғақтың,Дәні тәтті. 
Бол ұстамды, қатты келсе қаһарың,
Сабыр етсең, келер шаттық баһарың.
Жас кезіңде тандыр нан да тәтті.
Қартайғанда құймақ та қатты.
Талдың жұмсақтығы өзіне жарасар,
Қайыңның қаттылығы өзіне жарасар.
Тілі – тәтті,
Діні – қатты.
Жайранның жаясы тәтті,
Жабағы жүні қатты.
Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты жерге бақ тұрар.