👈 қаріп өлшемі 👉

Ағаш туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 66
Жұмбақтар: 29
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 43
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Жемісі жоқ ағаш-отын, жаңбырсыз бұлттар-түтін, ал ақылсыз адам — жануар.
Ағаш ыдысты отқа тек бір рет қояды.
Алма алма ағашынан алыс құламайды.
Ағаш құлады-макакалар қашып кетті.
Ағаш тамырымен,адам досымен мықты.
Жел болмаса, ағаштар тербелмейді
Биік ағаштың көлеңкесі де үлкен.
Жемісті ағашқа тас атпа,Буаз биеге тас артпа. 
Қайтқан күнде қайыр жоқ,Қу ағашта шайыр жоқ. 
Тұт ағаштың тұтын же,Тұтын жесең, күтіп же! 
Қалың ағаштыңҚисығы болмайды. 
Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу. 
Құрыған ағаштың құрты да аш-арық.
Керейден ұл туса,Ағашқа күн туады.
Алма ағашты бергеніне қарап бағала,Адамды еңбегіне қарап бағала.
Аялы ағаш —Саялы.
Кәрі ағаш — бұтағымен,Кәрі адам — ұрпағымен. 
Бір тал кессең,Он тал ек. 
Жалғыз ағаш орманға қарайды,Жалғыз бала қорғанға қарайды. 
Ағаш — жапырағымен,Жер — топырағымен. 
Еменнен қатты ағаш жоқ,Көп жатса жерде дерт ілер.Болаттан қатты темір жоқ,Тасқа салса кертілер. 
Өсер жастың алдын кеспе, Өсер ағаштың басын кеспе.

«Алдын кеспе» деген талантты, болашағы бар адамға кедергі келтірме, әдейлеп..
—  Гүлтас Құрманбай
  Бұтағы көп ағашқа құс қонады, Атағы жақсы адамға сөз ереді. Ағаш басына жел үйір, Жақсы адамға сөз үйір.

Осы мақалдың мәнін ашатын сіздің..
—  Гүлтас Құрманбай

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы