Ауған мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 186

Сұйық айранды судай сапырды.
Патай жесең, бұлақтың басына барып отыр.

(Патай — бұрыш қосқан тағам)
Сұлу туыстың да сұмпайы аяғы бар.
Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.
Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.
Ініне кіре алмай жүріп, тышқан құйрығына сыпырғыш байлап алыпты.
Тірі піл жүз мың тұрады,
Өлгеннен соң – екі есе.
Үндемей қапқан – ит емес.
Жамаулы киім де жаңбырға жарайды.
Бос құмыраның жаңғырығы әуезді.
Еңбексіз береке жоқ,
Еңбекте мереке көп.
Жақсы еттің сорпасы да майлы.
Құмырсқа қаза табарда,
Қанат тағады.
Өтірікпен өткелден өте алмайсың.
Шын ұнатсаң,
Басқасын қаламассың.
Шын ұйықтасаң,
Тасқа да қарамассың.
Пияз да болса, назы болсын.
Думанның болатыны болжам емес.
Жүрегім жүрексінсе,
Қалшылдайды да, тоңады.
Мойнындағы қарыздан қой да өледі.
Немере ағаң –
Жең ішіндегі жылан.
«Мойның неге қисық?» десе түйеге:
«Түзу нәрсе пешенеме тие ме?» депті.
Тілі – тәтті,
Діні – қатты.
Суға кетуші жаңқаға жармасады.
Бұлақ басынан былғанады.
Бидайды көрсетіп, арпаны сатты.