Сабақтың атауы - Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні сипаты


Дін тану

Сабақтың атауы

Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні сипаты

Сілтеме

Сабақтың жабдығы

Оқулық, интернет материалдары және кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру

Күтілетін   нәтиже

. Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;

-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді

Әдіс- тәсілдер

. Миға шабуыл

Кластер

Венн диаграммасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Миға шабыл статегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталау

Сұрақ жауап

1 Дін туралы не білеміз?

2 Діннің қалыптасу кезеіңін ата

3 Діни ұғымдар

4 Діни ағымдар

Мағынаны тану

. Қазақстан - зайырлы мемлекет! Себебі, мемлекет пен дін өзінше бөлек, автономды өмір сүреді, мектеп діннен ажыратылған. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Адам, азамат қандай көзқарас, наным не сенім ұстанамын десе де өз еркі. Конституцияда көрсетілген ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты қудалауға тиым салады. Яғни, дін заңмен қорғалады. Алайда дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен шұғылданбауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда құрылымдары мен институттары Конституциямен баянды етілген мемлекет жұмысына дін ешбір кедергі келтірмеуі тиіс.

зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес, ол – гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және діни сенім бостандығын жүзеге асыруды қолдайтын, дүниетанымдық еркіндікті, рухани саладағы ой-сананың көптүрлілігін мойындайтын, адамгершілік-өнегелілік және құқықтық құндылықтарға негізделген әмбебап жүйе. Сондықтан діни таным да зайырлы дүниетанымның бір бөлігі болып табылады.

  • Зайырлылық ұғымы лаицизм – грек тіліндегі “лаикос”- халықтық, бұқаралық деген мағынаны білдірсе, француз тілінде “лаиците”- діни емес, яғни,”лаику”- зайырлы дегенді білдіреді .
  • Бүгінгі қазақ тіліндегі “зайырлы”,”зайырлылық” сөзі- “заһир”, яғни, анық, ашық деген мағыналарды білдіретін араб тілінен енген сөз. Бұл сөзді алғаш рет өткен ғасырда Алаш қайраткерлері “Алаш мемлекетін” құруда өз заңнамаларында қолданды. Олар бұл сөзді
  • 1) Ашық, нақтылық;2) адами, адамдық, өркениеттік;3) азаматтық деген мағыналарда қабылдады.

Зайырлы жүйеде діни білімге де, дінтанулық білімге де тыйым салынбайды. Керісінше, еліміздің заңна­малары аясында діни және дінтанулы Қазақстан Республикасының Конституциясында дін мемлекеттен бөлінген делінбеген. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген» — делінген. Ал Конституция заңының бірінші бабында Қазақстан «зайырлы» мемлекет деп жариялаған.

Демократиялық қоғамда дін міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституциямыздың 5-бабында: «Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады», — делінген. Дін тек идеология ғана емес, дегенмен, Конституцияның бұл тұжырымы дүниеге деген әр түрлі көзқарастың (идеологияның) заң алдында теңдігін, бірақ ешқайсысының анық міндетті еместігін көрсетеді. Конституцияның бұл бабынан экстремистік, радикалдық емес идеологиядан басқалар, діни де, атеистік те көзқарастар мәдени өмірімізде, бұқаралық ақпарат, сондай-ақ азаматтардың қалауына байланысты меншік түріне қарамастан оқу орындарында уағыздалуы мүмкіндігін байқаймыз. Әрине, бүгін Конституция берген бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырмыз. Қазақстанда дінтану пәні факультативтік негізде немесе міндетті емес пән ретінде енгізіле бастады. Ал жоғары оқу орындарында тек Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында барлық мамандарға міндетті пән ретінде енгізілді.

Мемлекетімізде іштей атеизмнің әлі тұғыры берік. Сырттан таңылып жатқан пікірді қолдай жөнеліп, елімізде ислам тым асқынып бара жатыр, мешіттер тым көбейіп кетті, қалаларда діни рәміздер басым, бұл зайырлы мемлекетке сәйкес емес деушілер кездеседі. Осылай мемлекетіміз клерикалданып немесе дінге бой ұсынып бара жатыр деп те айтушылар бар. Елін, рухани дәстүрін сыйлайтын зайырлы мемлекеттерде бұндай сөздерді ашық айтуға бармайды, оны әдепсіздікке санайды, ал ол елдерде діни ғибадатханалар, ай мен крестер де баршылық.

Конституцияның 22-бабындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», 14-бабындағы «дінге көзқарасына» байланысты «ешкімді кемсітуге болмайды» деген қағидаларына сәйкес мемлекет:

азаматтардың дінге қатынасына, дін таңдауына, балаларының да дін таңдауына араласпайды;

мемлекеттік органдардың жұмысын діни бірлестіктерге жүктемейді;

діни бірлестіктерді қаржыландырмайды;

діни бірлестіктердің жұмысына, егер ол заңға қайшы болмаса, араласпайды;

әр түрлі діндегі немесе дінге сенбейтін адамдардың, діни бірлестіктердің өзара сыйластықта, төзімділікте болуына ықпал етеді.

Ал діни бірлестіктер:

мемлекеттік биліктің қызметін атқармайды және мемлекеттік органдардың жұмысына араласпайды;

саяси партиялардың жұмысына қатыспайды, оларға қаржылай қолдау көрсетпейді;

мемлекеттің заңнама талаптары мен хұқық тәртібін сақтауға міндетті.

Осыған сәйкес мемлекетіміз "зайырлы" қағидасын есепке алады. қ білім берудің өзіндік мүмкіндіктері жасақталған

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Топтық жұмыс

1 топ Постер арқылы дін туралы түсініктерін қалыптастыру

2 топ Венн диаграммасы арқылы дін мен Мемлекттің ара қатынасын анықтау

3 топ Клас тер стратегися бойынша дінді сипаттау

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Рефлекция  

сұрақ-жауап) (3 мин)

  • Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
  • Өзім турал не білеміз?
  • Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Пәннің аты

Уақыты:

Сабақтың атауы

Зайырлы мемлекет және дін

Мақсаты

Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу; Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы діни ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру..

Күтілетін нәтиже

Дұрыс сөйлеуге үйренеді;Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі;Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

Психологиялық ахуал

Оқушыларды түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сабаққа қажетті құралдардың атаңдар.

- үйге берілген суретті тексеріп бағалау. Дұрыс салынған суреттерді оқушыларға көрсету, мадақтау.- Қате салынған суреттерге сабақ барысында кемшіліктерін жеке түсіндіріп, қателеспеуге үйрету.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Адам баласы бүгінгі өркениетті қоғамға дейін түрлі даму сатысынан өтті. Соған орай әр халық өзінің таным-түйсігін қалыптастырды. Әрбір қоғамдық сатыдағы адам түсінігі, наным -сенімі бірдей емес. Содан да діннің түрлері өзгеріп отырған. Дін адам баласының Жаратушыға, айнала қоршаған ортаға деген наным-сенімі. Алғашқыда қарапайым табиғат күштеріне сиынудан туған дін мыңдаған жылдар бойында дамып, өркендеп, біздің дәуірімізге жетті. Кейбір діндер көп ұзамай жоғалып кетсе, енді бір діндер ұлттық дін деңгейіне көтерілді. Ал үшінші бір дін әлемдік беделге ие болды. Ондай діндер қатарына қандай діндер жатады?

Еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Зайырлы мемлекет ұғымының түпкі мағынасына келер болсақ, ол – діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, діни бірлестіктер мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайтын мемлекет.

Демократиялық құндылықтарды басшылыққа алатын заманауи зайырлы мемлекеттер дінге қатынаста ашық позиция ұстанады. Және оның бастауы бостандық мәселесімен, яғни дінге сену-сенбеу, діни сенім мен ғұрыптарды ұстану-ұстанбау бостандығымен тікелей байланысты. Және бұл қағидаттар бүгінгі күндегі зайырлы елдердің конституцияларында анық көрініс тапқан.

Меніңше, зайырлылық ұғымынан туындайтын қатынастар мен құндылықтардың мынадай түсінігін ұғынуымыз қажет: халықтың тарихи дамуында екі-үш ұрпақ бойы өзінің өміршеңдігін көрсеткен және сол халықтың сан ғасырлық дәстүрлерімен біте қайнасып кеткен жалпыадамзаттық құндылықтар және соған негізделген өмір сүру қағидаттары – заманауи елдерге ортақ дәстүрді құрайды. Осы желіде айтар болсақ, халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрінен туындайтын демократиялық сипаттағы жасампаз құндылықтармен қатар, ХХ ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың нәтижесінде қазақ халқының болмысына берік орныққан зайырлы құндылықтар – азаматтардың тең құқықтығынан бастау алатын ер адамдар мен әйелдердің қоғамдық ортада бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болуы, азаматтардың білім алу және өз мүмкіндіктерін кеңінен жүзеге асыра алуы, дінді ұстану-ұстанбау еркіндігі және басқа да заманауи құндылықтарды біздің төл дәстүрімізге айналған қағидаттар деуге болады. Бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, осынау іргелі құндылықтар еліміздегі бірнеше ұрпақ өмірінің сабақтастығын қамтамасыз етіп, бүгінгі күнде мемлекетіміздің демократиялық сипатын айқындайтын негізге айналды.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы- Конституциясының 1 -бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.» деп жазылған. Бұл- Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай дінді жүрегімен қабылдауы немесе ешқандай дінге кірмеуі- азаматтың өз еркі дегенді білдіреді.

Бейнекөрініс көрсету «Діннің қоғамдағы рөлі»

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси- экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықсыз билік болмайды, ал - дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі түрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.

Қазақстанда қазіргі ахуал сан салалы әрі күрделі. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700 жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3201 болған. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 сунниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстан аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік, 7 старообрядтық шіркеу, римдік- католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік жұмыс істейді. Кейінгі уақытта католик, протестанттық жэне дэстүрлі емес діни кұрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

-

Бүгінгі өтілген сабағымыздың тақырыбына байланысты екі топқа екі түрлі сурет беріледі. Осы түрлі түстерді пайдаланып отырып мелект пен діннің мара қатынасын және зияткерлі Мемлектіміздің маңыздылығын анықтайды акварельмен салады.

V. Бекіту кезеңі.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Қорытынды

-Оқушы мектепте не істейді?

-Оқу құралдары – сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 3,

Сабақтың атауы

Білім жүйесіндегі зайырлылық қағидаттары. Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани даму кепілі.

Мақсаты

. Жаңа сабақ бойынша дін туралы танысады сұрақ- жауап арқылы өз ойын, пікірін еркін жеткізе білуге дағдыланады, жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, өзінің оқуына деген жауапкершілік сезімдерін дамытады

Күтілетін нәтиже

Тақырып бойынша Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

І топқа- Сұрақ жауаптар

ІІ- топқа негізгі дін жүйесіндегі маңыздықтар

ІІІ- топқа Дінді неліктен таза ұстау керек?

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

 Зайырлылық ұғымының шығу тегі мен тарих көшінде қалдырған ізіне сәйкес аталмыш терминнің анықтамасын жасайтын болсақ, орта ғасырлардағы (схолостика кезеңі) дін өкілдерінің өктемдігінен мемлекет пен қоғамды һәм жеке тұлғаны арашалап алуды көздеген идеялардың жеңіске жетіп, индивидтердің дүниеуи және рухани қажеттіліктерін тең қалыпта қанағаттандырғысы келген жоғары саяси ұйым модернизациясының зайырлылық түсінігін қалыптастырғанына көз жеткіземіз.

 Әсілі, діннің үстемдік етуі орта ғасырда өмір сүруші адамдардың сұранысына сай орныққан жүйе еді. Дін насихаты кең етек жайғандықтан, адамдар бұл дүниені өткінші санап, ақыреттік бақытқа қол жеткізуге көбірек мән беретін. Ал, сол кезеңдегі қоғамда мықтап орныққан теократиялық басқару құрылымы негізінен халықты жұмақпен қауыштыруға бағытталған канондық жүйе болатын. Еуропа халықтарының осы діни танымына католик шіркеуіне қарсы орын алған реформациялық қозғалыстар мен «Қайта өрлеу» дәуіріндегі ғылыми дүмпулер күрт өзгеріс әкелді. Дін шырақшыларының дінді өз бас пайдасына жаратуы және христиан догматикасының ғылым ақиқатымен қайшыласуы секілді жағымсыз жайттар халықтың шіркеу билігіне деген наразылығын тудырды. Осы қарама-қайшылықтың әсерінен Еуропада ғасырларға жалғасқан текетірес орын алды. Ақырында 1789 жылғы І Француз буржуазиялық рефолюциясынан кейін шіркеу иерархиясы күйреп, зайырлылық жүйе мемлекеттік басқарудың озық үлгісі ретінде қабылданды.

 Десе де, орта ғасырлардағы дін өкілдерінің азаматтық қоғамға жасаған өктемдігі жалпыға ортақ тенденция саналғанымен, әрбір субекті өзіне тән (локальді) мемлекет пен дін қатынастарын реттеу методологиясы мен концепциясын қалыптастырды. Мәселен, зайырлылықтың отаны саналатын Франция мен секуляризмге көбірек басымдық беретін Германияның мемлекет пен дін қатынастарын реттеудегі тәжірибесі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Сондай-ақ, Ұлыбритания мен Скандинавия елдерінің де дін қатынастарын реттеудегі тәжірибесі бір-бірінен бөлек-бөлек сипатқа ие. Зайырлылық қағидаттарын мемлекеттік басқаруға енгізген Түркия, Алжир, Мысыр, Морокка, Малайзия сынды мұсылман елдерінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Яғни, ғалам тарихында зайырлылықтың көптеген локальды тұрпаттары тарих сахнасына шықты. Бұл әлем елдеріне зайырлылықтың бір ғана тұрпатының прецедент бола алмайтынын, әрбір мемлекет өзінің тарихи тәжірибесіне сай дін қатынастарын уникальді түрде реттеу керек екеніне көз жеткізеді.

 Жалпы, зайырлылық тақырыбы сөз болғанда, осы терминге қатысты ой-тұжырымдарды да саралаған жөн. Орта ғасырларда Еуропада индивидтер діни ұстанымына байланысты мынадай үш категорияға бөлінетін:

 «Клерок» – христиан теологиясы мен канондарына адал әрі шіркеу қызметіндегі ритуалдарды мінсіз атқаратын индивидттер (папа, кардинал, свещенник, поп).

 «Лайцо» – Құдайға иланғанмен христиан канондарына әрі шіркеу өткізетін діни ритуалдарға немқұрайлы қарайтын немесе өз еркіндігін шіркеуге тәуелді етпеген индивидтер.

 «Еретик» – Құдайға иланбайтын немесе христиан теологиясына сыни көзқараспен қарап, шіркеу қызметкерлерін әжуалайтын индивидтер.

 Франциядағы І Буржуазиялық революциядан кейін қабылданған «Адам құқығы декларациясында» дінді ұстанып, ұстанбау еркіндігі «лайцизм» терминімен бекітілді. Яғни бұл термин жоғарыдағы христиан шіркеуінен тәуелсіз саналатын «лайцо» категориясынан нәрленіп, құқықтық ұғымға айналды. Әйткенмен, Еуропада мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлектігін білдіретін «лайцизм», «лайцо», «лайк» терминдерімен бірге «секуляризм» термині де қолданылады. Бұл термин латын тіліндегі «секуляр», яғни «дүниеуи» мағынасын білдіреді. Ал, терминологияда мемлекеттің қоғамдағы діннің рөлін төмендетуі немесе діни тұлғалардың белсенділігіне жол бермейтін жоғары саяси ұйым жүйесін айтамыз. Осы сөз орыс тілінде «светский» (бұл жарық дүние) деп тәржімаланған. Туыс түркі халықтары «светское государство» ұғымын «дүниеуи мемлекет» деп аударып, сөзбе-сөз мағынасын қолданады.

 Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституцияда осы «светское государство» ұғымын «зайырлы мемлекет» деп берді. Түбі араб тіліндегі «әз-заһир» сөзінен шығатын «зайыр» сөзі қазақ тілінде «анық», «айшықты», «белгілі» деген мағыналарды білдіреді. Зайырлы мемлекеттің терминологиялық мағынасына келетін болсақ, жоғары саяси ұйым өз халқының тек бұл дүниедегі мұң-мұқтажымен шұғылданады, тұрғындардың өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеуде бұл фанидің мұраты негізге алынады деген ұғымға саяды. Яғни, зайырлы мемлекет заңдарды қабылдағанда теократиялық жоғары саяси ұйым секілді ақырет бақытын көздемейді, халықтың бұл дүниедегі мәселелерін шешуді негізге алады. Ал, ақыреттік бақытқа (жұмақ) ие болу мәселесін индивидттердің өз еркіне қалдырады.

 Біздің еліміз 1991 жылы саяси бостандыққа қол жеткізгеннен кейін Қазақстан азаматтарының дінді ұстанып, ұстанбауына қатысты еркіндік жариялап, оны 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңда ресми түрде бекітті. Қазақстан Республикасы 1995 жылы қабылдаған Атазаңның 1 бабының 1 тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетіп, мемлекет пен дін қатынастары зайырлылық қағидаттары шеңберінде реттеліп, индивидтердің діни-сенім бостандығы қамтамасыз етілетіндігін паш етті.

 Әдепкіде, классикалық (laisizm) зайырлылық қағидаттарын басшылыққа алған еліміз кейін келе Қазақстан халқының тарихи һәм діни тәжірибесі ескерілген зайырлылық үлгісін қалыптастыруды жүзеге асыра бастады. Нақтырақ айтар болсақ, 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында «...Ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын...» мойындап, преференциялық зайырлылық немесе халықтың басым көпшілігінің діни ұстанымы ескерілген зайырлылықтың қазақстандық модельін қалыптастыруды қолға алды. Осы заң қабылданған соңғы бес жылда Қазақстан қоғамындағы дін қатынастары мемлекеттілікті нығайту бағытында және халықтың діни сұранысына сай реттелуде.

Әйткенмен, зайырлылық қағидаттарын ұстану барысында кейбір қоғамдық салаларда түсініспеушіліктер орын алып отырғанын жасыра алмаймыз. Мәселен, Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылдаған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда мемлекеттік органдар, қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдар, сот және құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық сақтау, жазалау мекемелерінде діни салт-жораларды іске асыруға және құлшылық орындарын ашуға жол берілмейтіндігіне кейбір діндар азаматтар түсініспеушілік рай танытты. Тегінде, бұл құқықтық нормалар азаматтардың діни бостандығын шектеуді көздемейді. Әрбір мемлекеттік органның міндетті атқаратын өз функциясы бар. Діни рәсімдер осы мемлекеттің міндетті қызметтердің жүзеге асуына кедергі келтірмеуі тиіс. Аталған құқықтық нормалар осы тұрғыда бекітілген болатын. Ал, мемлекетіміз республика азаматтарының заңда көрсетілген негізде діни сенімді ұстануына һәм салт-жоралар мен ритуалдарды орындауына ешбір кедергі келтірмейді. Әділет басқармасының ресми тіркеуінен өткен жүздеген діни бірлестіктер, оның ішінде ҚМДБ-ның 2500-ден астам мешіттері мен Орыс проваслав шіркеуіне қарасты құлшылық орындары ашық жұмыс істеуде.І топ--

оқимыз, ашамыз, баға қойылады

қызық, әдемі, үлкен

қағаздан жасалған

Топтық жұмыс

І топ-Зайырлық қағидалары

ашамыз, жазамыз

әдемі, үлкен

қағаздан жасалған постермен қорғау

ІІ-топ- Зайырлылық қазақстандық қоғамның рухани даму кепілі.-эссе жазу

3 топ әңгіме құрастыру

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Мұғалім сабақты қорытындылайды. «Синквейн» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылаймыз.

Әр топқа бір сөз беріледі, оқушылар сол сөзге сипаттама береді.

Үйге тапсырма

Өзіңе ұнайтын спорт түрі туралы әңгімеле.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім сабақ 4

Сабақтың атауы

Дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Негізгі діни ұғымдар. Дін – рухани мәдениет феномені.

Мақсаты

Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың мағанасын түсінеді, шығармашылық тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар,бос уақыттарыңда немен айналысқанды ұнатасыңдар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар қою.

Дін-қоғамдыққұбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылғанмақалалар,ғылыми еңбектерсаны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Цицероншығармаларында «религия»сөзі халықтың тұрпайысоқыр сенімінеқарсы қойылғанұғымретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-біртұжырым, дін деп кез-келгенсенімтүрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оныңсубстанциясы. Сенімқарым-қатынас,байланыссынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Менқұдайғасенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады.Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.

Құрбандықне мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, олкөзқарасдіннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмдіатайды. Діннің негізінде рәсім тұр.Рәсімдеп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

Дін әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс;

Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындауы және соған илануы.

Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз.

Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды.

Дін және ғылымның айырмашылығы

Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға, теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті.

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Топтық жұмыс

1 топ:Дін туралы түсініктердің дамуы

2 топ: Діни бірлестіктер жайлы

3 топ: Дін және ғылымның айырмашылығы

4 топ: Дін және мәдениет

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Асоссация арқылы тақырыпты жинақтау

Қайталау сұрақтары:

Дін дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді айтып беріңдер.

Діннің не екенін ғылым қалай түсіндіреді?

Діннің құрылымын түсіндіріңдер.

Діни бірлестіктер туралы не білесіңдер?

Дін мен мифтің бірлігі және айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма

Өз қиялыңмен сурет салып кел.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәні:

Сабақ 5

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы:

Көне наным-сенімдер: фетишизм, тотемизм, анемизм, магия

Мақсаты:

Мифологияның көне формалары, әлемнің үштік үлгісі, мифтер мазмұны, мифтердегі мәдени жетістіктер, мифологиялық таным туралы баяндау.

Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін еске түсіру арқылы өз тарихын құрметтеуге, білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, сыни ойлауға, өзіндік ой-пікірін айтуға, топта ынтымақтастықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сілтеме:

  • 9-сынықа арналған «Дінтану негіздері» оқулығы
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топта бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып, сөйлеу шеберлігі, белсенділігі артады, пәннің маңыздылығын түсінеді, логикалық қорытынды жасай алады, қорытындыларды бағалап отырады;

Негізгі идеялар:

Мифологиялық сананың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу;

Сабақта қолданылатын материалдар:

  • Презентация
  • АКТ
  • Интерактивті тапсырмалар

Оқыту әдістері:

  • АКТ
  • Топтық жұмыс
  • Жаңа әдіс-тәсілдер
  • Интерактивті әдіс

Дерек көздері:

Оқулық материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, интернет, БАҚ материалдары;

Тапсырмалар:

Постер жасау, таныстырылым дайындау, пікірсайысқа қатысу

Сергіту сәті:

«Әлемнің жеті кереметі» бейнебаянын көрсету арқылы оқушыларды сүйіспеншілікке, шыдамдылыққа, жақсы көруге, сезінуге, тыңдауға, қуануға, мейірімділкке шақыру;

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

  • Сыныптың пікірін анықтау арқылы

3 топқа бөлу

«Дін-адамзат тарихы мен мәдениетінің

ажырамас бөлігі»

Толықтай келісемін Келісемін Білмеймін

Оқушыларды мұғалімнің жанына келіп, сәйкес келетін шкаланы таңдаулары керектігі айтылады. Осылайша топқа бөлінеді, содан кейін неліктен сол көзқарасқа тоқталғаны сұралады.

  • Сергіту сәті
  • Шағын топтарға бірігу

Оқушылар сәйкес келетін таңбаның шкаласының жанына келіп тұрады. Өз көзқарастарын ортаға салады.

  • Белсенділік таныту

ІІ. Ойталқы

  • Діни-наным сенімнің адам өмірінде орны қандай?
  • Неге дін ежелден бастау алады?

Оқушылар ежелгі діни-наным сенім туралы айта отыра, сабағымыздың тақырыбын ашады.

ІІІ. Жаңа тақырып:

Ғылымда сонымен қатар діннің көне наным нысандары бар. Олар – фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шамандық (бақсылық).

Фетишизм. Алғашқы адамдар үшін қоршаған географиялық ортаның өте маңызды болғаны белгілі. Адам табиғаттың дүлей күштері алдында өзін дәрменсіз сезініп, оған бағынышты күй кешті. Осыдан әр түрлі табиғат денелеріне: тасқа, ағашқа, аң-құстарға, суға, күнге табыну пайда болды. Осылар фетиш (португал тілінде – ерекше қасиеті бар зат) болып табылады. Яғни фетишизм - адам құдірет күші бар, жаудан қорғайтын, емдейтін қасиеті бар деп сенетін әртүрлі дүние объектілерін қастерлеу. Фетишизм сарқыншақтары күрделі діндерде де кездеседі. Мысалы, христиан дінінде иконалар, шірімей сақталған мүрделер; исламда Меккедегі Қағбаның қара тасына табыну, әулиелер жатқан мазарларды қастерлеу және т.б., буддизмде Лхасадағы реликвиялар, субурган (қасиетті ступа, қасиетті ғимарат) табыну.

Тотемизм – ежелгі діндердің тағы бір түрі. Солтүстік Америка үндістері тайпаларының тілінде тотем - оның тегі, туысы дегенді білдіреді. Адамдар топтары мен белгілі бір өсімдік, жануарлардың арасындағы туысқандық, құдіреттілік байланысы барына нанымды білдіреді. Тотемизмнің мәні туралы ғылымда әлі бірегей пікір қалыптаспаған. Тотемизм рулық құрылыспен тығыз байланысты.

Магия. Объективті шындық дуниеге магиялық әдіспен әсер етуге наным алғашқы адамдардың табиғаттың заңдарын білмеуінен, олардың табиғат алдындағы әлсіздігінен шыққан. Магияның әр түрлі әдістері бар, олардың сипаты белгілі бір мақсатқа бағытталғандығына байланысты. Оларды былайша бөлуге болады - өндірістік немесе кәсіптік магия (егін шығымдылығын арттыру немесе сәтті аңшылық болуын қамтамасыз ету үшін дуалау ғұрыптары, жаңбыр шақыру, еңбек құралдарын дуалау) емдеу магиясы ( дұға ету, аурудан арылту үшін дәрі-дәрмектер дайындап беру), зиянкестік магиясы ( жауларына көз тигізу, тіл тигізу ), әскери магия (жауынгерлердің ритуалды биі, каруларды дуалау), махаббат магиясы (басын айналдырып сиқырлау немесе теріс қаратып жіберу). Магиялық түсініктер және әрекеттер өміршең болып келеді, біздің еліміздің халықтарының тұрмысында әлі де орын алып отыр.

Анимизм алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болды. Анимистік наным алғашқы адамдарға тән бейнелеуден, қоршаған ортаны жандандыру талабынан шықты. Қиыр Шығысты зерттеуші В.К. Арсеньев «Дерсу Узала» атты кітабында Приморье өлкесінде жүріп, Жапон теңізі жағалауында болған мынадай оқиғаны суреттейді. Кенеттен әуеде теңіздің бетінен жоғарыда пароход, екі шхуна, таудың бейнесі көрініп, кейіннен тағы да әлдеқандай құрылыстың сүлделері көрінді. Біраз уақыт өткен соң осы көрініс сейіліп кеткен. Бұл осы өлкеде жиі кездесетін сағым болатын. Дерсу Узаланың пікірінше адамдардың, жануарлардың, құстардың, балықтардың, жәндіктердің, тіпті өсімдіктер мен тастардың, жалпы барлық жансыз заттардың жаны – көлеңкесі ( ханя) бар, адамдар ұйықтағанда жан қыдырады, ал ханя шегіншектесе адамдар оянады. Адам ұйықтағанда жаны денені тастап шығып, қыдырып көп нәрсені көреді. Түс көруді ол осылайша түсіндіреді. Жансыз денелердің жаны да өз материясын тастап кете алады, ал денелер бұл кезде тыныштық күйде болады.

Постер қорғау:

І топ: Мифтік сананың ерекшеліктері;

ІІ топ: Фетишизм, тотемизм, анимизм, магия, шамандық;

ІІІ топ: Мифология мен табиғат байланысы

Постер қорғау;

Оқушылар шығармашылығы

І. INSERT әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.

«V» -бұл маған белгілі; «+»- бұл мен үшін жаңа, мен ол туралы тұңғыш рет оқып отырмын; «?»-мен бұл жерде не айтылғанын түсінбедім; «!»-бұл өте қызықты, ол туралы сыныптастарыммен әңгімелесуім керек.

ІІ. Артықшылықтар мен кемшіліктер.

Тапсырма:

«Діннің артықшылығы мен кемшілігі»

Тапсырмада оқушылардан бір құбылысты басқасымен салыстыру және бірқатар идеялардың кемшіліктері мен артықшылықтарының тізімін жасауға нұсқау беріледі.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Мектепте

Мешітте

Үйде

24-беттегі 3-абзац, 25-беттегі 2-абзац, 27-беттегі 1-абзацты толықтай оқып шығады және мәтінді INSERT әдісі арқылы талдайды.

Оқушылар тапсырманы бірлесе отырып талқылайды.

ІV. Қорытындылау

Эдвард де Боно “6 ойлау қалпағы”

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

Оқушылар ой қорытады.

V. Үй тапсырмасы:

§5 Мифологиялық сананың өзіндік ерекшеліктері. Көне (алғашқы қауымдық) культтар (фетешизм, тотемизм, анимизм, магия)

VІ. Бағалау:

Формативті бағалау

Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, смайликтер, стикерлер арқылы бағалау

VІІ. Рефлексия

«Алақан»

  • Бас бармақ Не ұнады?
  • Балан үйрек Жаңа не білдім?
  • Ортан терек Не жөнінде

ойландыңыз?

  • Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?
  • Кішкентай бөбек Не білгім келеді?

Оқушылар стикерге қолдың суретін салып, әр саусаққа жауап жазады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 6

Сабақтың атауы

Шаманизм

Мақсаты

. Оқушыларға шаманизм ғұрыптары туралы терең білім беру.

Шаманизм туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,

өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

  • .Сұрақ-жауап.
  • 1. Діни сана деген не?
  • 2. Діннің атқаратын қандай қызметтері бар?
  • 3. Діни бірлестіктердің қандай түрлері бар?
  • 2.Сөзжұмбақ шешу
  • (тапсырманы тақтаға сызуға немесе үлестірме қағаз арқылы беруге болады).
  • М
  • О Н
  • Д И Н А
  • И С О С Ш Й
  • П О Л И Т Е И З М
  • А Н А Б Е К В А А
  • Н И М Р И Т А Ғ Р
  • Т С А З А А Д
  • Е Һ М Й У
  • О И К

Н М

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Қосымша тапсырма

Шаманизм ( әвенкі тілінде шаман, саман ) – алғашқы діндердің ішіндегі ру басылары мен кәсіби дін қызметкерлерінің қалыптасуы кезеңіне тән ерекше түрі. Мұндағы бір ерекшелік, осы кәсіби дін қызметшісі шаман (бақсы) болуы керек. Бақсылардың негізгі істерінің бірі - «жынды» ауруларды емдеу. Бақсы осы емшілігімен қатар ақын, музыкашы, сиқыршы, басқалардан осынысымен жоғары тұратын адам.

 Шамандық қасиет адамға рухтың қалауымен қонады, бақсы зікір салардың алдында рухтарын көмекке шақырады. Көңіл аударатын тағы бір нәрсе, шамандық тұқым қуалаушылық, тегіне тартушылық арқылы мұраланады. Барлық шамандар өз әулетінде, ата-бабаларының бірінде осындай қасиет болғандығын айтады. Осыны ескере отырып, біз шамандықтың генотиптік сипаттағы діни жүйе деп санаймыз және оның төмендегідей ерекшелігін атап өтейік:

 1.Шаманизмде өлі табиғат ұғымы жоқ, табиғат жанданған, барлық құбылыстың, жер мен судың киелі иесі бар.

 2.Адам мен әлем тұтас. Оларды бөліп тұрған құз-жартас жоқ. «Адам – табиғат патшасы» - дейтін еуропалық ұран шамандыққа жат. Адам қанша құдіретті болса да табиғаттан жоғары емес, ол тіршіліктің ерекше бітімі.

 3.Дүниедегінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыс-та. Бұл байланыс шаман-медиум арқылы іске асады.

 4.Ғарышты мекендейтін рухтар адамның күнделікті тұрмысына жақын араласып отырады, қолдайды немесе жазалайды.

 5.Рух ниетін, әмірін адамдарға жеткізуші тұлға – шаман, бақсы.

 6.Шамандық қасиет тұқым қуалау, тегіне тарту, рухтың қонуы арқылы дариды.

 7.Шаманизм рулық қоғамның діни идеологиясы ретінде қалыптасады, шаман бір әулеттің немесе рудың абызы қызметін атқарады. Ол діни әдет-ғұрыптарды өткізеді, әулеттің немесе рудың болашағын болжайды, сол арқылы шаруашылық әрекетін, тұрмыс-тіршілігін айқындайды.

 Шаманның рухтардың тандаулысы болуы және сәуегейлік, яғни болашақты болжау қасиеті әлемдік діндердегі пайғамбар идеясының қалыптасуында маңызды рөл атқарған деп топшылауға болады, сол сияқты жаратушыны таза рух ретінде түсінуде де шамандық әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жалпы жаратушы – құдай идеясының түп-тамыры табиғатқа табыну, оны құдіреттендірумен әруаққа, рухқа табыну десек артық айтпаған болар едік. Тәңірлік сенім мен шамандық дін ұзақ уақыт қатар да дами отырып, ажырамас синкретті сипатқа ие болады. Тәңір шамандық дінде бүкіл болмысты жаратушы құдайға айналады. Тәңірдің әмірі мен бұйрығын орындайтын рухтар оның көмекшілеріне айналады. Шаман осы рухтармен байланысқа түседі, рухтардан қолдауын, қорғауын сұрайды. Алайда, біздің пайымдауымызша, Тәңірілік сенім эволюциясының соңғы кезеңдері христианшылдық пен исламның пайда болып, таралуымен кезбе-кез келеді. Белгілі бір дәрежеде түркілер арасында діндер «полиферациясы» орын алады. Түркілер арасында сақталған діни төзімділік осы діндердің ішінде өмір мен дүниетанымға, қоғамның прогрессивті дамуына анағұрлым бейімінің тұрақтанып қалуына мүмкіндік береді.

Сергіту сәті

Бір, екі үш Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

Сабақты қорыту:

Сұрақтар:

1. Тотемизм және шаманизм деген не?

2. Фетишизм қандай жағдайда пайда болған?

3. Анимизмнің мәні неде?

4. Магияның бүгінгі күнде алатын орны барма?

5. Мифтік сананың қандай белгілері және түрлері бар?

6. Әлемнің үштік тұрғыдағы моделінде Ғарыш қалай түсіндіріледі?

7. Мифалогияда әлемнің пайда болы қалай қарастырылған?

Үйге тапсырма

Менің күн тәртібім әңгімелеу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Тест

1. Дәуіт пайғамбарға түскен кітап

А) Құран В) Інжіл С) Зәбур Д) Тәурат

2. Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште

А) Жәбірейіл В) Микәйіл С) Исрафил Д) Әзірейіл

3. Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі

А) Ораза ұстау В) Тәрбие (Аһлақ) С) Кітаптарға сену Д) Қажылық

4. Ислам діннің бес парызының бірі

А) Періштелерге В) Тағдырға сену С) Амал Д) Куәлік сөзін айту

5. Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді?

А) 630 В) 622 С) 610 Д) 609

6. Ислам діні әлемде кең таралу жағынан ... орында? (екінші)

7. 1962 жылы Меккеде ... әлемі Лигасы құрылды. (Ислам)

8. ... Иран мен Ирак аумағында кездеседі. (Шииттер)

9. Әлемнің ... елінде Ислам діні ресми болып жарияланған. (29)

10. Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы ... . (Сунниттер)

11 Исламның жазбаша және ауызша халық шығармашылығымен байланысы.

(Әл-фараби,Абай,Шәкәрім,Шоқан Уәлиханов,Ыбырай Алтынсарин)пікірлерін тыңдау.

VIІ. Үйге тапсырма беру

Дінтану негіздері. Ғ.Есім., т.б. Алматы «Білім» баспасы 2010

§11. 1. 131-148 бб. 148 беттергі сұрақтарға жауап беру

Озық тапсырма:

1. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) (реферат)

2. Қасиетті кітап – Құран (хабарлама)

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 7

Сабақтың атауы

Ежелгі Египеттегі, Грекиядағы, Римдегі діндер

Мақсаты

Оқушыларға көне Египет,Греция және Рим мифологиялары, құдайлар пантеоны, діни ғұрыптары туралы терең білім беру және олардың білімін арттыру.

Оқушыларды көне египет, грек және рим діндеріне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,

өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды. Дін туралы ұғымдардың ерекшеліктерін түсіне білу

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Алғашқы қауым адамдарында қандай алғашқы наным-сенімдер болды?

2. Миф деген не? Дін мен мифтің бірлігі және айырмашылығы неде?

3. Тотемизм деген не?

4. Фетишизм дегеніміз не? Мысалмен түсіндір.

5. Анимизм дегеніміз не? Бұл терминді енгізген ғалым?

6. Алғашқы қауым адамдары неліктен өздерін шығу тегін аңдар мен жануарлардың шықтық деп есептеді?

7. Шаманизм қалай пайда болған?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

болып табылады.

1. Ежелгі Египеттің мифологиясы. Құдайлары.

2. Гректердің діни наным-сенімдері мен мифтері.

3. Көне Рим мифологиясы. Римдіктердің құдайлар пантеоны. Рим діни ғұрыптары.

 Көне дәуірде алғашқы мемлекет құрған халық – египеттіктер. Египет Ніл өзенінің жағасындағы ең жоғары өркениетті дамыған мемлекет болды. Египет мемлекетінде билеушілерді, перғауындарды (фараондар) Құдай деп санады. Ал Ра Құдайын Құдайлардың Құдайы деп немесе перғауындар оның ұлы деп санады.

 Египет халқының тағы бір ерекшелігі – ажалға қарсы шығуы, өлмей мәңгі жасауға ұмтылуы. Мұндай діни көзқарас тек дінге емес, сонымен қатар мәдени салаларға, саяси экономикаға да үлкен әсерін тигізді. Халықтар мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесінде адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек деп, денені бальзамдап, оны мумияға айналдырып, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасауын кәсіпке айналдырды. Себебі, өлген адамның денесі сақталса, оның жаны оған қайта оралады деп түсінді. Египет халықтары перғауындардан басқа аруаққа да сенді. Патшалардың, перғауындардың өздері немесе отбасындағы адамдарының бірі өлсе, олардың кұрметіне пирамидалар (мазарлар) салатын болды. Ал ақшалары аз, қатардағы адамдарды матаға орап, көбінесе зираттардың шетіне көмді.

 Көне Египет заманында басты Құдай Радан кейін төменгі Құдайлар да болды. Ол Құдайлардың өздеріне арналған жеке қызметтері болды. Мысалы: өлім Құдайы – Осирис. Ол жер астының Құдайы. Құнарлы жер мен аналықтың Құдайы, Осиристің қарындасы әрі әйелі – Исида. Шындық пен тәртіптің Құдайы – Маат және т.б. Осындай көпқұдайлықтың басын қоспақ болған Перғауын Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400 жж.) діни реформа жүргізді. Ол көпқұдайлық түсінікті жойып, бір ғана Атон Құдайға сену керек деп білді. Осы арқылы мемлекеттік монотеистік дін құруға әрекет жасады. Онан кейінгі Аменхотеп IV те бірқұдайлық реформаны жалғастырды. Бірақ ол реформадан ештеңе шықпады, оған қарсы көптеген абыздар шығып, бұрынғы ескі Құдайлардың түрлерімен біріктірілді.

 Б.з.б. 332 жылы македондықтар Египетті өздеріне бағындырған кезеңде Египет абыздары Македонскийді жақсы қарсы алып, оны «Құдайдың ұлы» деп жариялады. Сонымен қатар Египеттік және гректік Құдайларының бейнесі қалыптасты да, оған Египет халықтары табына бастады.

 Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз тұңғиық) өмір сүрді, одан жер құдайы Гея және жерасты құдайы Тартар шықты. Гея аспан құдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.

 Гея мен Ураннан балалары – екінші дәрежедегі құдайлар – титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар құдайына беріп, қамап қояды. Бірақ титандар жер астынан құтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен уақыт құдайы Кронос өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады.

 Осыдан кейін үшінші дәрежелі құдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы, найзағай және жауын құдайы Зевс өзінің әкесін жеңіп, бас құдайға айналады. Оның әйелі Гера – аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші дәрежелі құдайлар Олимп тауында орналасады.

 Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқын миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде құдайлардың суреттері мен образдары болмады.

 Рим құдайлары ұзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас түрінде, Map құдайы найза түрінде, Веста құдайы от-жалын түрінде бейнеленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Греция елдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздеріне таратты. Гректердің құдайлық түсінігінен Римдік құдайлар шықты.

 Көне Рим мәдениетіне көне Греция мен этрускілер дінінің орасан ықпалы болды. Римдіктер өз құдайлары мен ғұрыптарын этрускілерден қабылдады. Этрускілерде бірінші орында аспан құдайы Тин тұрды, одан кейінгі орындарда патшалық әмір құдайы Уни (римдіктерде – Юнона), қолөнер кәсіпшілігі құдайы Менерва (римдіктерде–Минерва) болды.

Құдайлардың ерекше қадірлі үштігі

Этрускілерде

Римдіктерде

Жер асты отының құдайы – Вехнас

Вулкан

Теңіз құдайы – Нефнус

Нептун

Соғыс құдайы – Марис

Марс

Римдіктердің құдайлар пантеоны:

Құдайлардың аты

Құдайлардың қызметі

Юпитер

Римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы. Ол – шарап жасау, антқа беріктік пен шекара беріктігі, жеңімпаз соғыс құдайы, республиканың және Рим императорларының жебеушісі.

Юнона

Әйелдердің, некенің, аналардың және жоғары биліктің қорғаушысы.

Минерва

Қолөнер кәсіпшілігі құдайы. Көне Римдіктер ғұрпында Юпитер, Юнона, Минерваның құрметіне Капитолийде тұрғызылған храм басты храм болып саналады.

Марс

Жабайы табиғат, құнарлылық пен соғыс құдайы, ырыс иесі, аңшылықта табыс әкелетін, соғыста жеңіске бастайтын Рим қауымының бас сақшысы.

Квирин

Халық жиналыстарының жебеуші құдайы. Осыдан римдіктер өздерін «римдік квирит халқы» деп атайды.

Янус

Кіріп, шығатын есіктердің әміршісі, әрбір нәрсенің бастауының әміршісі. Өткенді және болашқты бірдей біледі.

 Көне Римде мемлекет пен дін біртұтас идеология түрінде көрінді. Мемлекеттің астанасы «қасиетті қала» деп жарияланды. Заң бәрінен жоғары қойылды. Барлық діни және азаматтық ахуал (неке, жерлеу, бала асырау т.б.) заң жолымен понтификтерде тіркелді. Бас понтифик – бас абыз міндетін атқарды.

Бұлар діни және мемлекет билігінің тұтастығын білдіретін міндетті құдіретті ғұрыптарды – қателік жасаған жағыдайларда құдайлардан кешірім өтініп, садақа үлестіруді, соғыс немесе індет жағдайында берген уәдесіне қарай тарту жасауды, мемлекет тарапынан храмдарға сыйлық үлестіру түріндегі құдайларға таралғы жасауды ұйымдастырып өткізуге жауапты болды.

Құдай дағуасында бекітілген императорларға құрмет көрсету ғұрыпатарын орындайтын жаңа абыздар коллегиясы құрылды. Абыз – фециалдар деген орнықты. Олар соғыс жариялау, одақтық шарт жасау ғұрыптарын атқарды, соғыс ашпас бұрын ультиматум жариялады, 33 күн өткен соң, ультиматум қабылданбаған жағдайда, соғыс қимылдарын бастауға рұқсат берген.

Римнің діни күнтізбесінде мейрамдар – фериялар болды:

Фериялар атауы

Атқарылатын іс-шаралар

Паренталий

Ақпанда ата-баба аруақтарына арналып өткізілетін мейрам.

Сатурналий

Желтоқсанда Сатурн құрметіне өткізіледі.

Марс

Наурыз айында Марс күні мерекеленеді.

Юпитер

Әр айдың ортасында Юпитер құрметіне құрбандық шалу.

Плебей

Қарашада Плебей ойындарын өткізу.

Юнона мен Минерва

Қыркүйектегі мерекелер, Рим ойындары–спорт жарыстары мен театрланғандырылған көріністер.

Флоралий

Сәуір айы мен мамыр аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне ұйымдастырылатын мереке.

 Жаңа дәуірдің II-III ғ.ғ. Рим императорлары синкреттік культті енгізе бастады. Рим діні жалған сипат алуға көшті. Көне римдіктер IV ғ. аяғында христиан-император Ұлы Феодосийдің вердиктімен ескі құдайларға табынудан бас тартты.

.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

«Ыстық орындық» стр  бойынша.Қима қағаз дағы сурет бойынша сөйлем құрау.

Топ бойынгша практикалық жұмыс.

Негізгі ұғымдармен жұмыс:

Амон-Ракүн қаұдайы

Бен-бенге – тас құдайы

ХапиНіл өзені құдайы

Зевс, Посейдон, Аид, Гера, Деметра, Дионис, Афина, Афродита – гректердің құдайлары

Ферияларримнің діни күнтізбесіндегі мейрамдар

Понтифик – шариғат түрінде бекітіліген діни кітаптар

Бас понтифик – барлық құдіретті және адамшылық істерінің қазысы мен төрешісі.

Паренталийақпанда ата-баба аруақтарына арналып өткізілетін мейрам.

Флоралийсәуір мен мамыр айы аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне ұйымдастырылатын мереке.

Сатурналийжелтоқсанда Сатурн құрметіне өткізілетін мереке.

Авгулержұрт алдында сәуегейлік жасаушы коллегиясы.

Гаруспиктермалдардың ішкі құрылысына қарап сәуегейлік жасаушылар.

. Сабақты қорытындылау.

1. Ежелгі еипеттіктердің алғашқы діни сенімдері қандай?

2. Ең басты, ең көркем құдайы кім? Оны неліктен ерекше құрметтеді?

3. Ежелгі гректердің құдайлары қалай бейнеленді?

4. Ең басты құдайлары қандай? Олардың рөлі қандай болды?

5. Көне Рим құдайлар пантеонының ерекшеліктері қандай?

6. Көне Римде діни мейрамдар не себепті жалпыға бірдей болды?

7. Қандай мейрамдарды білесіңдер?

Үйге тапсырма

Көлік түрлерін атау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Сабақ тақырыбы: Шығыстығ ұлттық діндері: Индуизм, Конфуциандық, Доасизм, Синтоизм

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 9

Сабақ 8

Мақсаты

Ежелгі Египеттегі, Грекиядағы, Римдегі діндерді саралап, Индуизм, Конфуциандық, Даосизм,Синтоизм, Иудаизм, Тора және Талмуд қасиетті жазбалары туралы білімді жинақтай отырып, ішкі «сүзгіден» өткізе талдау жасап меңгеру

Күтілетін нәтиже

Ежелгі мемлекеттердің діндерінің тарихын, ерекшеліктерін және басты құндылықтарын біледі

Ежелгі діндердің айырмашылықтарын анықтап, қоғам мен діннің байланыс дәрежесін салыстырады

Қосымша ақпарат көздерімен мәліметтер жинақтап, тарих пәнінен алған білімдеріне сүйеніп, Қазақстанның болашақ азаматы ретінде бүгінгі тақырып туралы жеке көзқарасын өмірмен байланыстырып білдіреді

 Тілдік мақсат

Оқушылар:

Мемлекеттердігі ежелгі діндердің тарихын үйренеді, мазмұнын өз сөзімен жеткізе біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сөздікпен жұмыс /кестемен жұмыс/

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Бүгінгі біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғанын зерделеп, ежелгі діндердің қазіргі құндылықтарымыздың бастауы екенін айтады, себебі...

Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)

«Адамның әр жасаған жамандығы оның ғұмырын қысқартады» /Дао ілімі/, «Өздерің ұнатпаған нәрсені басқаларға істемеңдер» /Конфуций/, «Жаратушы берген өмірің ұзақ әрі жақсы болу үшін әке- шешеңді құрметте» деген пікірді... мәселемен дәлелдеуге болады

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Мысалдар келтіру, оқиғалармен байланыстыру

Алдыңғы оқу

Діннің бастаулары мен тарихи түрлері. Көне наным-сенім нысандары және ұлттық діндер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе.

(1-2 минут)

Ұйымдастыру

Оқушыларға ел бірлігі үшін ең басты ең асыл қасиеттер – Қазақтың бірлігі- еліміздің кілті, ең басты мәселесі екенін сіңіре, «Бірлік», «ынтымақ» және «сабырлылық» деп үш топқа бөлемін;

Үй тапсырмасын тексеру

«Коктейль таяқшасы» әдісі

Ежелгі еипеттіктердің алғашқы діни сенімдері қандай?

2. Ең басты, ең көркем құдайы кім? Оны неліктен ерекше құрметтеді?

3. Ежелгі гректердің құдайлары қалай бейнеленді?

4. Ең басты құдайлары қандай? Олардың рөлі қандай болды?

5. Көне Рим құдайлар пантеонының ерекшеліктері қандай?

6. Көне Римде діни мейрамдар не себепті жалпыға бірдей болды?

7. Қандай мейрамдарды білесіңдер?

Көне діни сенімдер:

Тотемизм, фетишизм, анимизм, магия.

Тотемизм- адамдар мен белгілі бір жануарлар не болмаса өсімдіктер арасындағы өзара тектік байланыс туралы сенім.

Табу- ежелгі қауым діндерінде адамның ұстауына немесе қажетіне пайдалануына тыйым салынған нәрселер.

Анимизм- табиған күштерінің, жан-жануарлардың, өсімдіктер мен жансыз заттардың рухы, жаны бар деп сену.

Фетишизм- жансыз заттардың тылсым, сиқырлы күші бар деп санап, оларға табыну.

Магия грекше «сиқыр» деген сөз. Тылсым құпия күштерге және олардың көмегімен айналадағы шындыққа әсер ету мүмкіндігіне сенуге байланысты салт- жоралар және әрекеттер жиынтығы.

Жаңа сабақтың табыс критериийін бірге анықтау.

Таныстырылым

/бейне үзік/

«Он сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау;

Үй тапсырмасын «коктейль таяқшасы» арқылы жұптаса немесе үштікте жұмыстана отырып, саралай өз білімінің қаншалықты деңгейде екенін «Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы біліп, өзін өзі бағалайды.

Зайырлылық және дінтану негіздері.

9-сыныбына арналған оқулық.Д. Кенжетаев, Ә. Сайлыбаев, Ө. ТұяқбаевАстана: «Арман-ПВ», 2016.  

Бейне үзік

Ортасы

Негізгі бөлім

Берілген тақырып бойынша бағдарламалар жасап, постер қорғау арқылы ежелгі діндерге талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс)

Индуизмнің тұңғыш қауымы–«адживака» тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғ. брахмандар жарты құдай–Рамаға ерекше тұғыр орнатты.

2. XV ғ. діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижсінде Вишнудың көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.

Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары–Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктеме беретін «Бхагават-Гита» («Жаратушы өлеңі») философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді.

«Бхагавад-Гитаның» негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудың 8-ші аватарасы (осы кейіпте көрінуі) болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік қызметі мен міндеттерін орындауға, тұрмыс тіршілігі жемістеріне бейтарап болуға, өзінің бар ойын құдайларға арнауға үйретеді. Кітап адамның дүниеге келуі мен өлуінің құпиялары, материя мен адам табиғатының арақатынасы, адамның тіршіліктегі өмірін анықтаушы табиғат тудырған үш материалдық бастау–тамас(әрекетсіз),раджас (құмаршыл, іскер, жігерлендіруші),саттва (рухтандырушы, ой сарайын ашатын, саналы) , йога жолы (өзінің өмірін йога арқылы санасын жетілдіруге арнаған адам жолы), ақиқат және ақиқат емес білімдер туралы көне үнді философиясынан мол мәліметтр береді.

Индуизмнің тағы бір арнасы–«пурана» діни-мистикалық поэмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар генеологиясы топтастырылған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып, «тримурти» немесе үштік ұғымы орнығады.

Вишнудың аватарасы, яғни адамның, хайуанның, болмаса басқа құдайлардың кейпіне енуі туралы ілім–индуизмнің діни ғұрыптарының негізі. Вишну аватарасының негізгі он түрі бар. Олар–балық, тасбақа, аю, арыстан, қортық, әмірлерді, өркөкіректер мен құдайды сайқымазақ етушілерді жазалаушы брахман Парасурама, Рама, Кришна, Будда және Калка батыр.Болашақта, әлемнің ақырында Вишну Калка батыр бейнесінде келіп, дінсіздерді тегіс жойып, мейірімділік мен бақыт қоғамын орнықтырады.

Индуизмдегі абыздардың басты міндеті–шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру. Мұндай білім таратушыларды «гуру» дап атайды.

 І топқа – Ежелгі Египеттегі, Грекиядағы, Римдегі діндер.

 ІІ топқа – Индуизм. Конфуциандық. Даосизм.

 ІІІ топқа – Синтоизм. Иудаизм. Тора және Талмуд.

Бағалау критерийлеріне сүйене отырып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалату.

Топтық жұмыс Әр топқа тест әдісінің тапсырмалары арқылы сұрақтар беріледі.

1. Күн құдайы Ра-ның жердегі мұрагері ------------

2. Гесиодттың ------------ поэмасы гректердің діни нанымдарының алғашқы дерек көзі болып табылады.

3. Египеттегі соғыс құдайы -------------

4. Зевс құдайының құрметіне өткізілген мереке ------------

5. Римдегі гүлдердің құрметіне өткізілген мереке ----------

6. Римдіктердің діни нанымына император -------------- тиым салды.

Екі жақты түсіндірме күнделігін толтыру

(жеке жұмыс)

Ежелгі діндерде не таңғалдырды?

неге таңғалдырды?

Топтар оқулық материалдарынан және қосымша мәліметтерден алған мәліметтерін қосып постер құрады және бағдарламалар дайындайды.

Берілген уақыт болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.

Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.

Постерді бағалау критерилері:

Тақырып мазмұнының ашылуы

Безендірілуі

Екі жақты түсіндірме күнделігі

Аяқталуы

Бекіту (табыс критерийіне қайта оралды)

«Ақылдың алты қалпағы» арқылы сабақты бекіту

1. Индуизмнің негізгі постулаттары қандай?

2. Вишнудың қандай аватарларын білесіңдер?

3. Сикхтар деген кімдер және олардың ілімі нені уағыздайды?

Бағалау

Үйге тапсырма

Деңгейлік тапсырмалар,

Рефлексия (кері байланыс)

«Алақан» әдісі арқылы

Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!

Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.

Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ.

Төртінші бармақ – бұл жерде орта...

Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды...

«Теректегі орным»

Сөздер жазылған парақшалар

Парақшалар

Күні: Пәні: Пән мұғалімі: Сабақ 9

Сабақтың тақырыбы:

Иудаизм, Тора және Талмуд

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға иудейлік діні туралы терең білім беру және білімі мен біліктілігін арттыру. Иудейлік іліміне талдау жасап, теологиялық тұрғыдан саралай білу.

Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырып, дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар интернетен оқып үйренудің әдістерін оқып біліп арқылы біледі, түснеді және сөздік қорларын дамытуға пайдаланады

Сабақтың көрнекілігі:

интерактивті тақта, атақты суретшілердің жұмыстары .

Қажетті құралдар:

түрлі түсті бор, дәптер, қарындаш, т.б.с.с.

Сабақтың түрі:

аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Топқа бөлу, баяндау, сұрақ-жауап, оқушылардың ізденуі, талдау.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Қайырлы күн, оқушылар!

Дүйсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын.

Оқушылар хормен айтады

Өткен сабақты пысықтау.

«Жуан және жіңішке »стратегиясы

1. Индуизмнің негізгі постулаттары қандай?

2. Вишнудың қандай аватарларын білесіңдер?

3. Сикхтар деген кімдер және олардың ілімі нені уағыздайды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Топқа бөлу

Қарындаш, түрлі түсті қарындаш, акварель, гуашьпен топтарға бөлу

Оқушылар топтарға бөлінеді

Топтық жұмыс

1-топ.Сәйкестікті тап.

2 топ Венн диаграммасы

3 топ Асоссация арқылы

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Жаңа сабақ

Ребус шешу.

ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім

Еврей халқының ұлттық діні Иудей аңызы бойынша, Жаратушы Тораны (Таурат) сол уақыттағы барлық жетпіс халыққа қабылдауға ұсынған. Алайда еврей ұлты ғана қабылдауға келіскен. Сондықтан, діни мағынада “Израиль” бір Құдайды мойындағандар мен заң кітабы – Тора арқылы Құдайға бой ұсынуға ұмтылушыларды білдіреді.

Иудаизм термині (Ивритте “Яаадут”) Иуда еврей тайпасы бірлестігінің атынан шыққан. Иуда Израильдің ең ірі тайпасы болатын. Иврит тілінде “Иудаизм” термині XІX ғасырдың соңынан бастап кең тарала бастады.

Давид патша Иуда тайпасынан болатын. Давид тұсында біріккен Израиль-Иуда патшалығының күш-қуаты арта түсті. Бұл б.з.б. XІ ғасырдың соңында болды.

Иудаизм дін ретінде және құқықтық, моральдық-этикалық, философиялық және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі уақытта еврейлердің өмір салтын айқындап келді және айқындап отыр.

Қасиетті кітіптары

Танах Талмуд

Танах үш бөлімнен тұрады: Тора Мұса (ғ.с.) (бес кітап) Нэбиим (Пайғамбарлар), Кэтувиим (Жазба). Танах б.з.б. Х ғасырдан б.з.б. ІІ ғасыр аралығында қалыптасты

Талмуд екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – Мишна (Қайталау). Бұл Тораға түсіндірме. Екінші бөлімі – Гемара (толық түсіндіру). Бұл Мишнаның түсіндірмесі. Талмудта қылмыстық және азаматтық сипаттағы заңдар, адамгершілік заңдар, отбасылық және жеке адам өміріне қатысты кеңестер бар. Талмудта 365 тыйым және 248 бұйрық әмірлер жинақталған иудей әдет-ғұрыптар жүйесі бар.

Иудей діни ілімінің негізі дүниені жаратушы бір құдіретті Яхве Құдайына деген сенім. Иудаизмде құтқарушының келуіне деген сенім бар, ол мессия (мәсіх) деп аталады. Иудаизм бойынша мессия жер бетінде әділетті тәртіп орнатады деп есептелінеді.

Тора мен Талмудтағы түсініктер мен діни ілімге сәйкес сенушілердің бүкіл өмірін реттеуші әдет-ғұрыптардың күрделі жүйесі жан-жақты, бүге-шігесіне дейін айқындалған. Киіну, тамақтану, салт-жораны сақтау және мейрамдарды өткізу туралы нұсқаулар көрсетілген.Маңызды әдет-ғұрыптық талаптар қатарына мыналар жатады:

– Сүндетке отырғызу, ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады. Бұл Яхвеге сыйынушылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызуды могель атқарады

Иудаизмнің негізгі қағидаттары XІІ ғасырда өмір сүрген атақты философ-талмудшы, рабби Моисей мен Маймон (1135-1204) іліміне сүйенген төмендегідей 13 ережелерден тұрады:

1. Құдай бар.

2. Құдай бір.

3. Құдай денелік пішінде болмайды.

4. Құдай мәңгі.

5. Иудейлер тек бір Құдайға табынуы тиіс.

Оқушылар ребусты шешеді

Натюрморт туралы білгендерін жазады

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Жаңа сабақты пысықтау

Топтық жұмыс

Әртүрлі суреттердің ішінен натюрмортты тауып, флипчартқа желімдейді

Оқушылар тапсырманы орындайды

Практикалық жұмыс

Төмендегі негізгі ұғымдар туралы топттық эссе жазу :

«Ахурамазда»–қайырымды от құдайы.

«Авеста»–зороастризм дінінің қасиетті кітабы.

«Митра»–заратуштра мифтерінде әлем Күн құдайы.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кестелер,суреттер, тақта т.б.

Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды

Сабақты қорыту

ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім

Оқушылар өз ойларын айтады

Үйге тапсырма беру

Қарапайым натюрморт салу

Кері байланыс

Сабақтың ұнаған, ұнамағанын жазады

Пәннің аты

Сабақтың атауы

Тәңірлік. Ежелгі түркі дүниетанымындағы тәңірліктің орны

Мақсаты

ежелгі түркілердің дүниетанымының түпкі қазығы- тәңір ұғымымен танысады, ой-өрісі дамиды

және имандылыққа тәрбиелене отырып сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді

Күтілетін нәтиже

  • Тәңірлік діннің пайда болуын анықтайды;
  • Көне түркілердің дүниетанымы туралы түсінік қалыптасады;
  • Тәңірлік діннің исламмен ұқсастығын ұғынады;
  • Тәңір ұғымымен танысады;
  • Аруақтың түркі әлеміндегі маңызымен танысады;

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар берілген суреттермен әңгіме жүргізеді.

Сұрақ жауп Үй тапсырмасы бойынша

  • . Дін деген не?
  • Дін қашан пайда болды?
  • Діннің қандай функциялары бар?
  • Дүниетанымдық функциясы?
  • Құндылықтарға баулу функциясы?
  • Регулятивтік функциясы?
  • Политеизм?
  • Монотеизм?
  • Атеизм?
  • Әлемдік діндер?
  • Қытай діні?
  • Үнді діні?
  • Жапон діні?
  • Иудейлік дін?
  • Фетишизм? Тотемизм? Анимизм?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

  • Жаңа сабақ

  Ежелгі түркілердің наным сенімдері: Тәңіршілдік – түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі діни нанымы. Табынудың басты объектісі - Тәңір. Тәңірі (көне түркі тілінде – мықты, ер, құдіретті) – көне түркілердің діни наным-сенімдеріндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі есебіндегі аспанмен теңестірілген басты Құдай бейнесі.

 Барлық діни жүйелер тәрізді Тәңірлік дін де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында, діни көзқарастар эволюциясын бастан өткізді.

 Қалыптасуының бастапқы сатысында Тәңір про-тоқазақтардың құдайлар пантеонындағы жоғарғысы деп танылады. Қазақтардың ежелгі ілкі тектері де табиғат объектілері мен құбылыстарын құдайландырып оларға табынады. Бұл табынудың негізінде сыры беймәлім дүние алдындағы үрей мен оның сұлулығына, үйлесімділігіне таңдану сезімі жатты. Өмірі табиғат аясында өткен көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі оған тікелей тәуелді болды, өзін қоршаған дүние құбылыстарының тылсым сырларын түсінбеген адам олардың себебін басқа құбылыстар мен заттардан, күштерден іздейді. Ол құбылыс пен мәнді, себеп пен салдары толық ажырата алмағандықтан, алғашқыны соңғыға әкеп саяды. Соның нәтижесінде табиғат рухтандырылып, адамда діндарлық сезім мен сенім қалыптаса бастайды. Тәңірлік діннің бір тамыры осында, яғни табиғат дінінде жатыр. Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі, ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, «... оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік астың немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбағаға арнап су мен жерге де құдай деп табынады», – дейді. Түркі халықтарының көне нанымдарында ғарыштағы барлық процестерге тоқсан тоғыз Тәңір басшылық жасайды. Осы сенімге сай кез келген құбылыс пен объектінің киелі иесі бар. Түркілер дүние суреттемесінде ғарыш жоғарғы, ортаңғы және төменгі деп аталатын үш бөліктен тұрады. Осы үш әлемдегінің бәрі Тәңірге тәуелді. Түркілер сеніміндегі Тәңірдің ерекшелігі ол белгілі бір жан-жануармен немесе затпен теңестірілмейді. Түркілер Көк Тәңір дегенде оны материалдық кейіптегі аспанмен салыстырмайды. Көк тылсым құпияның, Жаратушылық бастаудың эпитеті болып табылады. Тәңірмен қатар Жер-Су құдайы да түркілер үшін – табыну объектісі. Жер-су тіршіліктің тірегі. Жер-Су мен Тәңір бір-бірін толықтырып тұратын бастаулар. Адамның тәні Жерден жаралғанымен Рухы Тәңірден. Рухтың түркілік атауы Құт. Адам туғанда Тәңір оның денесіне құт дарытады. Жаңа туған нәресте денесіндегі Құттың сақтаушысы, қамқоры – Ұмай. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: «Көк, Ұмай құдай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек», - делінеді. Бірақ құдайылық құдірет тұрғысынан алғанда Жер-Су мен Ұмай Тәңірмен тең емес. Олар ортаңғы әлем құдайлары болып табылады. Адамның өмірі мен тағдыры тек Тәңірге ғана тәуелді, сондықтан түркі халықтары Тәңірден жарылқауды, Жер-Су мен Ұмайдан қолдауды сұрайды. Жарылқау адам тағдырын жақсы бағытта өзгертуді білдіреді, яғни тағдыр мен жазмыш тек Тәңірдің қолында. Тәңір өз әрекетінде ештеңеге тәуелді емес, бірақ оның үкімі әділетті. Тәңір әділ жолдан тайғанды, ант бұзғанды жазалайды. Мұндай адамдардың жаны төменгі әлемге барады. Төменгі әлемде Ерлік билік етеді. Тәңір әркімге сай сол белгіленген жазаны жүзеге асырады. Төменгі әлемде жазаланған адамдардың көз жасын қанша жұтса да толыспайтын Тоймадым өзені ағып жатады. Ерліктің өзі өте қорқынышты, сұсты кейіпте бейнеленеді. Түркі халықтарында ислам мен христиан дініндегі күнә мен тозақ ұғымдары болмағанымен, әр адамның өз ісіне қарай Тәңірінің құтына ие болатындығы немесе қаһарына ұшырайтындығы туралы айқын идея болғаны күмән туғызбайды.

 Тәңірге табынған түркілер дүниені кезіп жүретін зұлым күштер жеке адам мен отбасына, тұтас қауымға кесірін келтіреді, берекесін кетіреді деген сенімде болды. Сондықтан олар Жаратушы Тәңірден қолдау сұрап, оған арнап құрбандық шалып тұрды, сонымен қатар, тіл мен көзден сақтау мақсатында әр түрлі діни ғұрыптар мен ырымдар жасады. Құрбандық тек қиыншылық туғанда ғана емес, қуанышты күндері де, алыс сапардан немесе жорықтардан аман-есен оралғанда жасалды. Құрбандыққа қой, жылқы, түйе арналды. Түйе маңызды, ел тағдыры үшін шешуші сәттерде құрбандыққа шалынады. «Ақ түйенің қарны жарылды» деген мәтел содан қалған. Хан сайлаған кезде, үлкен жорықтардан оралған кезде осындай құрбандықтар шалынған және мұндайда құрбандық малдың түр-түсіне ерекше назар аударған. Оның түсі міндеті түрде ақ болуы шарт. Ақ пен көк түркі халықтарында жоғарғы, рухани әлемнің рәмізі болып табылады. Алайда, құрбандық түркілер дүниетанымындағы үш әлемнің бірлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан құрбандық үш бөлікке бөлінеді. Құрбандықтың сирақтары мен дене сүйектері мұқият тазаланып адам аяғы баспайды-ау деген жерге көміледі. Бұл – төменгі әлемнің сыбағасы. Еті пісіріліп, жиналған халыққа таратылады. Бұл – ортаңғы әлемнің сыбағасы. Ал бас сүйегі ағаш басына ілінеді. Бұл жоғарғы әлемнің сыбағасы.

 Құрбандық шалудың ерекше түрі – тасаттық беру. Бұл жұт жылдары, қар мен жаңбыр аз жауып, жер мен шөптің ырысы кетіп, мал жұтағанда жасалады. Ауыл адамдары өзен-көл, тоған басына барып Тәңірден жақсылық тілеп бата жасап бір малды құрбандыққа шалады.

 Кейде адам ауыр науқастанған жағдайда тезірек жазылып кетсін деген ниетпен де құрбандық шалынады. Мұндай құрбандықтың түсі қара болуы тиіс. Сырқат көз-тіл тиюден болды деп санаған кезде, көш-көш ғұрпы жасалады. Бұл ғұрыпты бақсы-балгер адам атқарады. Мағынасы сырқатты адамнан құрбандыққа көшіру болып табылады. Құрбандық еті осы ғұрыпты орындаған адамға тартылады.

 Сонымен қатар, науқас адамды дұға оқып үшкіру, аластау сияқты емдік әрекеттер жасалады. Егер үшкіру тек науқасқа қатысты ғана жасалатын болса, аластау жаңа қонысқа орналасқанда, мемлекеттік дәрежеде елшілер қабылдағанда және т.б. жағдайларда орындалды.

 Құрбандық шалуға ескі әдет-ғұрыптарды және құрбандық дұғаларын жақсы білетін адам басшылық жасайды. Егер құрбандық мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылса ол көпшілік бұқараның жұмылдырылуымен, салтанаттылықпен, ал қауым мен от басы өзінің шама-шарқына қарай өткізіледі.

 Әлемдік діндермен салыстырғанда тәңіршілдікте сән-салтанатты, әсем-зәулім ғибадатханалар салуға деген қажеттілік болған жоқ. Тәңір түркілерден күн сайын дұғалар оқып, ғибадатханаға баруды талап етпеді. Сонымен қатар, тәңіршілдікте канондалған мәтіндер де болмады. Бірақ таң сәріде ұйқыдан тұрған түркілер Тәңірді еске алып, одан қолдап-қорғауын, ісін оңдауын тілеп отырды. Түркі Тәңірі адамнан әрекетшілдікті, белсенділікті талап етеді. Әрбір түркі ері отбасына, ел-жұрты мен мемлекетіне қызмет етуі керек, тек сол арқылы ғана ол Тәңірі мен халқы алдындағы парызын өтей алады. Бұл жерде парыз тек моральдық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық ұғым болып табылады. Парыз ұғымы көне түркілердің елдігі мен мемлекеттілігінің іргетасы іспетті. Парыз – Тәңір мен түркі адамын байланыстырып тұрған нәзік тылсым ғана емес, парыз дүниені үйлестіру мен жетілдірудің пәрменді құралы. Оғділміш – осыны жете түсінген тұлға бейнесі. Өмірге деген мұндай әрекетшіл қатынас ғасырлар бойы Еуразия даласын мекендеген халықтардың санасына сіңіріліп келді.

 Тәңірлік дін генезисі жағынан шығыстық діни жүйелерге ұқсас болғанымен, типологиясы, типтік ерекшеліктері тұрғысынан олардан өзгеше. Құрманғазы Қараманұлы «Тәңірге тағзым» еңбегінде тәңірілік діннің төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді:

 1. Тәңір діні – халқымыздың қалыпты дүниетаны-мынан туған, табиғатқа табыну, Аспанды - ата, Жерді - ана деп ардақтау және аруаққа сыйыну, рухы күшті адамдардың өмірін өнеге тұту салтынан өрбіген ұлттық дін.

 2. Тәңір (көк) – күллі әлемді жаратқан бейтарап құдіретті күш. Ізіңді аңдып, аузыңды бағып, ойыңды тіктеп әуреге салмайды, яғни күнделікті тіршілік ағымына араласпайды.

 3. Сондықтан бұл дінде құдайға жағыну, жақсы атты көріну мақсатымен ертеңнен қара кешке дейін құлшылық ету рәсімі жоқ. Дінді ұстаушылар тек басына күн туғанда ғана Тәңірге тілек айтып, әруаққа сиынады.

 4. Діннің өз жора-салттары бар. Олар – Тәңірдің құдіретіне тәубе етіп, құбандық шалу, ата-баба аруағына арнап ас беру, т.б. Сол сияқты таңертең тұрғанда, күншығысқа қарап бас иіп, тағзым ету шарт.

 5. Тәңір дінін ұстағандардың өз мерекелері (наурыз, қымызмұрындық, сабан той, соғым басы, т.б.), христиан дініндегі көгершін секілді символдық киелі құстары, (аққу, қарлығаш), ислам дініндегі - жұма, яхуда дініндегі - сенбі, христиан дініндегі - жексенбі секілді сыйлы күн (сәрсенбі), өзіне тән ырымдары бар.

 6. Мұнда құдай лебізін жеткізеді делінетін періштелер мен пайғамбарлар «жаратқан осылай жасауға әмір етті» делінетін ережелер «күнә», «тозақ», «жазмыш» т.б. жөніндегі жаттанды қағидалар жоқ.

 7. Жұртты жинап, құдайға құлшылық ету рәсімдерін ұйымдастыратын шіркеу, мешіт, монастырь секілді орындарға да мұқтаж емес. Тәңір - әркімнің өз жүрегінде. Оған тілек айту, жалбарыну жорасы әркімнің көңіл қалауы бойынша жасалады.

 8. Мұнда діни фанатизм жоқ, өйткені «Тәңір Көк әлем халықтарының бәріне ортақ, ал әр халық өз ата-бабасын ардақ тұтады» дейтін қағиданы ұстанады. Адамдар кемел ойы мен кісілігіне қарап бағаланады.

 9. Тәңір діні адамгершілікті насихаттайды.

 10. Тәңір дінін ұстанатындарға үш қарызды орындау міндет. Олар – Тәңір алдындағы, ата-баба алдындағы және ұрпақ алдындағы қарыздар.

 Тәңірлік діндегі өмірге деген көзқарас, өмірден қашып тақуа күй кешпей, дүниеге қуанышпен қарау, оны жалған демей, жарық дүние деп қабылдау, жаратушы мен адам арақатынасын басқа тұрғыдан түсіну, оның өмір орнықтырушы принциптері Еуразиялық далада әр түрлі тарихи дәуірлерде үстемдік еткен митраизм, бон, зоро-астризм сияқты діндердің өзекті мәселелерімен үндес. Тәңірлік дін аталған діни жүйелердің игі ықпалын бойына сіңіріп, оларды синкретті біріктіріп, түркілер дәуірінде Еуразиялық дала мәдениетінің негізгі тірегіне айналды.

 Тәңірлік дін өзінің дамуында табиғи-тәндіктен (Көк Тәңірі) таза руханилыққа айналу сатыларынан өтеді. Түркілер «Бір Тәңір» дегенде, оны ең алдымен жаратушы рухани субстанция ретінде түсінген. Плано Карпини түркілердің құдайды құрметтеуін былай деп жазады: «Олар көзге көрінетін және көзге көрінбейтіннің бәрін жаратушы, бір құдайға сенеді сонымен қатар оны осы дүниедегі шаттықтың да, азаптың да себебі деп біледі, алайда оны намаз оқып дұға жасау немесе мақтап-мадақтау, болмаса басқа ырым, жора жолымен құрметтемейді»,-дейді. Вильгельм Рубрук: «Сендер құдайға қалай иланасыңдар? - деген сұрағыма олар: «Біз тек бір құдайға сенеміз»,- деді. «Сіздер оған рух немесе тәндік нәрсе ретінде сенесіздер ме?» - дегеніме, олар: «Біз оны Рух деп сенеміз»,- деді. Сонда мен «Сіздер оның адам табиғатында (кейпінде З.Қ.) болмағанына сенесіздер ме?» - деп сұрадым. Олар: «Ешқашан»,-деп жауап берді,- деп жазады.

 Түркілер Тәңірдің «мәнін» бастапқыда Көк аспан деп қабылдап, ғарыш ретінде түсінсе, Тәңірі туралы көзқарастардың, түсініктердің дамуы барысында оны жоғарғы құдай – жаратушы ретінде қабылдайды. Бұл заңды процесс, өйткені түркі халқы басқа халықтардан оқшау дамымаған, әр түрлі мәдени алыс-берістер барысында олардың да діни санасы өрістеп, кемелденіп оты-рады. Бірақ түркі қағанатының дағдарысқа ұшырауы мен түркілік ықпалдың әлсіреуі діни өмірге де әсер етеді. Осыған орай, қаған билігінің идеологиялық тірегі болған тивиндердің қоғамдағы беделі мен ықпалының әлсіреп, халық арасында қамдардың беделінің артуына байланыс-ты тәңіршілдік күнделікті халық тұрмысында қамдар діні ретінде сақталып қалады. Осыған орай тәңіршілдіктің кейінгі дамуын шамандық дінінен бөліп қарастыру мүмкін емес.

 Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVIII ғасырда енгенмен, ол туралы айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ. «Шаманизм» термині әр түрлі мағынада қолданылады. Кейбір зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің универсалды формасы деп санайды. Бұл құбылысты ғылыми бағалауда да қарама-қарсы көзқарас бар. Шамандық қасиеттің психикалық науқаспен байланысына басты назар аударған зерттеушілер оны ессіздікке табыну (культ безумия) деп қарастырса, ғалымдардың басқа бір тобы қазіргі психоанализдің түп бастауы деп бағалайды.

Топтық жұмыс

 I ТОП ТӘҢІР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ М.ҚАШҚАРИДІҢ ТӘҢІР ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІII ТОП КҮЛТЕГІН ЖАЗУЛАРЫНДАҒЫ ТӘҢІР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҰМАЙ АНАIII ТОП ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ АРУАҚ ҰҒЫМЫIY ТОПТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ИЕЛЕРІ

Сергіту сәті

Көжегім, тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

("ҚАРЛЫ КЕСЕК" ӘДІСІ).

  • ТӘҢІРЛІК ДІН ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
  • «ТӘҢІР«ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІҢ?
  • «ҚҰТ«ҰҒЫМЫ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
  • ҰМАЙ АНА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІҢДЕР?
  • АРУАҚТЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ ОРНЫ ҚАНДАЙ?
  • КҮЛТЕГІН ЖЫРЛАРЫНДА ТӘҢІР ҚАЛАЙ БЕЙНЕЛЕНЕДІ?
  • М.ҚАШҚАРИ ТӘҢІР ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ПІКІРЛЕРДІ АЙТТЫ?

1. Қандай бояу түрлерін білесіздер?

2. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары?

Үйге тапсырма

ТҮРІК ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ–ТӘҢІРЛІК.ЭССЕ ЖАЗЫП КЕЛУ.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім сакбақ 11

Сабақтың атауы

Буддизм: діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу аймақтары.

Мақсаты

Оқушыларды Буддизм ілімі, пайда болуы, таралуы, негізгі тармақтарымен таныстыру.

- Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білуге үйрене отырып ортамен қарым қатынста болуға дағдыланады

Күтілетін нәтиже

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Сабақтың әдісі: түсіндірме,сұрақ-жауап,ойын түрінде тапсырмалар орындау.

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сұрақ-тапсырма:

. Өткен тақырыпты қайталау: Сұрақ – жауап ойыны.

1. Иудаизмнің пайда болуының теориялық негізі не?

2. Иудаизм ілімінің ерекшеліктері қандай?

3. Иудаизмнің қандай қасиетті кітаптарын білесіңдер?

4. Иудаизмнің тарихи кезеңдерін атаңдар?

5. Иудаизмнің қандай дәстүрлері мен мерекелері бар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні - Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, сондай-ақ Қиыр Шығыста таралған ең ерте шыққан әлемдік діндердін бірі. Ол біздің дәурімізге дейінгі V1 ғасырда Үнді жерінде пайда болған. Будда туралы аңыз. Будда теологтарының уағыздауынша, діннің негізін салушы Сиддхартха Гаутама Солтүстік Үнді еліндегі шакья тайпасы патшасының ұлы болып табылады. Алайда бұл туралы әдебиетте нақтылы деректер жоқ. Буддашылардың ұғымында әрбір ең жоғарғы қасиеттілікке жеткен жан будда бола алады, яғни көзі ашылады. Жер бетіндегі өмірінде Шакьямуни (шакья руынан шыққан тақуа) деп аталған буддалардың бірі адамдарға құтқару туралы ілімді жеткізген, оны ізбасарлары санскрит сөзімен дхарма (ілім, заң) деп атаған. Сол себепті будда термині Шакьямуни деп те ұғынылады. Аталмыш дінді зерттеушілердің пікірінше, Будданың тарихта орын алғанына шек келтіріледі. Мысалы, Рис-Рәвиус, А. Мензис Будданы мифтік бейне деп есептейді. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қолдайды. Будда дінінің пайда болуы Үнді елінің б.д.дейінгі V1 ғ.саяси-әкономикалық жағдайымен байланысты. Бұл кезде Үнді елінде таптық қоғам қалыптасып, оның қайшылықтары көріне бастаған. Оған қосымша болған елдегі касталық (қоғамдық топ) жүйе болды. Ең жоғары ката брахмандар (абыздар) қоғамдық өмірде басты орын алды. Ал олардың діні қоғамның кастағ бөлінуін жақтады. Будда дінінің шығуы, касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғандардың, брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі. Будда діні брахманизм дінінің көптеген әдет-ғұрыптарынан қол үзіп адамдар будда іліміне бой ұсынып құтқарыла алады деп жариялады. Сөйте тұрып брахманизм дінінің бірқатар идеяларын да ұстап қалды.

Будда дінінің уағыздары. Будда дінінің негізгі уағыздары «Трипитака» (Үш себет даналық) деп аталған кітапта баяндалған. Будда діні уағыздарының өзіндік ерекшілігі белгілі бір бейнедегі құдай жоқ. Будда барлық құдайлардан жоғары тұрады. Ол құтқару мүмкіндігі бар жеке тылсым күш емес, тек қана діндарлардың көзін ашып,оларға ақиқатты танудың,сондай-ақ дұрыс жүрудің жолын көрсетеді. Будда діні де құдай идеясын жаратушы деп танымайды. Дегенмен, Веда (ежелгі үнділердің басты қасиетті кітаптары) уағыздайтын құдайларды, періштелерді, перілерді мойындап, басты құдай Брахманы да қолдайды. Будда діні өзге әлемдік діндер сияқты біртұтас емес. Оның негізгі бағыттары хинаяна және махаяна болып бөлінеді.Хинаяна – «құтылудың тар жолы». Монахтар қауымына (санагха) кетіп өмірден баз сы хинаяна жолы неғұрлым көбірек таралған махаяна – «құтылудың тар жолды». Махаяна Будда дінінің бұрынғы тұйықтығынан қол үзіп, барлық діндарларға құтылудың болатындығын айтты, бұл Будда дінінің әлемдік болуына мумкіндік туғызды.

Буддизмнің пайда болуы. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер – жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан – жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартха патшасының кейпін алған.Буддизмнің пайда болғанынан алдыңғы кездерде Индияның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Оның жазбасы, өзіндік әдет-ғұрпы, діндері болған. Индия мәдениеті әлемдік Месопотамия, Египеттердің мәдениетінің қатарында болды. Үндістанда біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда құл иеленушілік қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер брахмандар мен әскери қауым болды. Брахмандар мен әскери қоғам бір – бірімен бақталастықта болды. «Монахтардың өлеңі» деген буддистердің бір діни әдебиетінде үй – жайын тастап, қайыршылық жолда жүрген, тақуа деп аталатындардың «бостандығын» жырлапты. Бұл кезде Индияда буддизмнен басқа да көптеген діндер болды. Әр жердің өз құдайы бар, әрбір істің немесе құбылыстың өз құдайы бар дегенді уағыздайды. Бұл діндердің, оның ішінде буддизмнің белгілі бір негізін қалаушы құбылыс жоқ және көпшілік кітаптарда олар жайлы түсіндіріп жазушылар болды. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, заңдары жазылған Ману, Джатак деген кітаптары пайда болды. Индияның көпшілік таптары бір – бірімен соғысып отырғанының арқасында жоғары тап қорғану жағдайын жасап, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір – бірімен бірлестікке келіп, топтаса түсті. Нәтижеде Маурья империясы орнады. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүние зерттейтін институттар, діни-философиялық ағымдар пайда бола бастады. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем дінінің бірі дәрежесіне жетті. Сонымен Индияда адамдар қоғамдық касталарға бөлінді. Брахмандар: оларды құдай аузынан жаратқан деген ұғымда болды. Сол себептен олардың ішінен қазылар, оқытушылар, баяндамашылар шығады. Ол ең жоғарғы каста, билік те солардың қолында.Кшатрийлер:оларды құдай екі білегінен жаратқан деген ұғымда болды.Олар білім алады, тәрбиеленеді, соғыстың кезінде, қорғану кезінде қару – жарақтар алып жүреді. Бұл бүкіл елді осы екі каста билеп алды деген ұғымның дәлелдемесі. Ваишьялар: оларды құдай санынан жаратты деген ұғымда болды, олар сондықтан да ең қиын жұмыстарды орындайды, егін егеді, саудамен айналысады, мал бағады. Сонымен қатар олар діни оқу орындарына қаражат бөледі. Шудралар: оларды құдай аяғынан жаратқан, олар түпкілікті зәнгілер (дуана пақырлар) . Олар жоғарғы үш кастаға қызмет етеді. Бұлардың кәсіптері ең лас, қара жұмыстар. Міне, осы касталардың бөлінуі де, олардың тұрмыстық орындары да діни тұжырыммен белгіленген. Тәртіптері қатаң: төменгі кастадағы адам жоғары кастадағыға үйленуіне тыйым салынады; ер адам өз кастасынан төменгі кастадан үйленуіне болады, бірақ төртінші каста – шудрадан емес; брахмандарды Құдайдың таңдаулы адамы дейді; патша қандай жағдай болмасын брахмандардан салық алмайды (ыдыс, киім, т.б.); брахманға өлім жазасын берсе де, оның тек шашын сыпырып алып тастайды, ал басқа кастадан болса, ол үкім орындалады:10 жастағы брахман 100 шудрадан артық бағаланады. Шудралар – бұралқылар, хайуанаттан да төмен, иттен де күні қараң, қорлықтағы адам; шудралардың бірі брахманға қолын созып, таяқ көтеріп қалса немесе жай брахманды ұстамақ болса, онда оның қолы кесіледі, ал тепсе аяғы сындырылады. Шудралардың бірі брахманды үйретемін деп әрекет жасаса, оған қайнап тұрған зәйтүн майын ішкізу жазасы беріледі. Буддизм басқа діндермен байланысты болып, брахманизмді жоққа шығарғанымен, оның әсерінен арыла алған жоқ. Жанның ауысуы, Карма, Сансара, Нирвана жайлы идеялар буддизмнің қайнар көздері – веданта, ньяя философиялық мектептері, вайшешика діни мектебі болып табылады.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Ой –қозғау.1 топқа берілетін мәтін «Буддизмнің пайда болу алғышарттарын сипаттау.

ІІ топқа «Буддизмнің тарихы, таралуы».

ІІІ топқа «Негізгі тармақтары».

ІҮ топқа «Қазақстандағы Будда діні».

Оқушылардың топта істеген жұмыстарын тыңдау.

. Оқушылардың алған білімін тексеру.

Қосымша

Сұрақтар беру арқылы сабақты қорытыңыз.

Блиц – турнир ойыны.

1-сұрақ. Буддизм дінінің негізін салушы кім? (Сиддхартха Гаутама).

2- сұрақ Үнді мемлекетінің негізін қалаған Маурия әулетінен шыққан патша кім? (Ашок)

3 -сұрақ Буддизм ілімі неше «ақиқаттан» тұрады? (Төрт)

4- сұрақ Нирванаға жету жолы нешеу? (Сегіз)

5- сұрақ Негізгі тармақтарын атаңдар. (Хинаяна мен махаяна).

6- сұрақ Қазақстанға буддизм қашан келді? (ІІ - ІІІ ғасырларда).

7 -сұрақ Ресейге буддизм нешінші ғасырда келді? (ХҮІІ – ХҮІІІ ғ. ғ).

8 -сұрақ Чан - буддизм деген не? (Қытайда махаяна мен жергілігті діндердің синтезі).

9 -сұрақ Махаянаның екі бөлігі қалай аталады? (Ламаизм және дзен – буддизм).

10- сұрақ Буддизм діни басшыларының жиналысы қалай аталады? (Сангити).

Күнделіктеріне жазып беремін

Үйге тапсырма

Маған ұнайтын құстар әңгімелеу

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім сабақ 12

Сабақтың атауы

Графикалық сурет салу «Жыл құстары»

Мақсаты

Христиан дінінің қалыптасу мен таралуы туралы түсініктері қалыптасады, топ арқылы тақырыптың маңыздылығын түсінеді

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыта білді

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Суретпен әңгіме жүргізу.

1 топ Идуиз

2 топ Будуизм

3 топ Индуизм

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмысТүсінік беру.

Христиан дінінің пайда болуы. Христиан діні біздің дәуіріміздің 1-ғасырының екінші жартысында Кіші Азияда пайда болды. Оның шығу және жылдам таралу себебін анықтау үшін сол кездегі жағдайларға тоқталуымыз керек Шындығында христиан діні Шығыс халықтарының діни ғана емес, философиялық түсініктерін де қабылдады. Христианшылдықтың идеялық төркіні, біріншіден, әр түрлі шығыс діндерінің мифологиясы, екіншіден, ежелгі дүниедегі арнайы философиялық ұғымдар еді. Шығыс діни жүйесінде христиандарға үлкен ықпал еткен иудаизм – еврейлердің ежелгі монотеистік діні. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библияның құрамына иудаизмнің қасиетті кітабы - Көне өсиет те (Ветхий Завет) кірген. Ол құдайдың әлемді, өсімдік және жануарларды, адамды жаратуы туралы Көне өсиет қағидаларын өзгеріссіз сақтады. Қазіргі кезге дейін Көне өсиет христиан және иудаизм дініндегілер үшін де қасиетті кітап болып саналады.

Христиан шіркеулерінің кұрылуы.Телогтардың уағызына сәйкес шіркеу «Христостың денесі» ретінде дүние жаратылғаннан бастап бар. Олар шіркеуді тарихи түрде апостолдарда және Иерусалимдегі алғашқы діндарлардың бірігуінен шықты-мыс дегенді айтады. Шіркеудің мәңгі өмір сүруінен келіп христиан ілімінің өзгермейтіндігін тұжырымдайды.Шындығында, шіркеу христианшылдықтан тым кейін пайда болған. Шіркеудің пайда болуы алғашқы христианшылдықтың дамуының маңызды кезені болып табылады. Осылайша 11 ғасырдың екінші жартысында-ақ қауымдарда билік шын мәнінде епископтардың бай христиандар өкілдерінің қолына көшті.Шіркеудің нығаюы қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуымен қатар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек biblia – кітаптар ) жинақталған. Оның қазақша атауы Інжіл. Осы кітаптардың бірінші бөлігі (Ветхий Завет – Ескі өсиет,автор) Иудаизм дініне де ортақ. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей (өте аз бөлігі) және грек-койне (Новый Завет – Жаңа өсиет) тілдерінде жазылған. Қазіргі кезде Інжіл көптеген елдердің тілдеріне аударылған. Рим мемлекетінің христиандықты қудалауы немесе щған бейқам қарауы 1У ғ. Басында жаңа дінді қолдауға көшті. 313 жылы император Константин Әдикт үкім шығарып, христиан дінін басқа діндермен теңгерді, ал 324 жылы христиандықты ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жариялады. 325 жылы оның басшылығымен Нике қаласында 1 Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы шақырылды, ал христиан діни ілемінде зор рөл атқарды.Рим мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде төрт дербес шіркеулер пайда болды. Олар – Константинополь, Александрия, Антиохия, Иерусалим шіркеулері, іле-шала Антиохия шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православие шіркеуі бөлініп шықты. Христиан діні ірі екі негізгі бағытқа – православие, католиктік бағытқа бөлінді. Бұл бөліну жүздеген жылдар бойы қалыптасып, орнықты. V ғасырдан бастап олардың арасында христиан дінін билеп-төстеу үшін күрес басталды. 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері айырылысып тынды. Батыс шіркеүі – Рим-католиктік, яғни әлемдік шіркеу деп аталатын болды. Ал шығыс шіркеуі – православие шіркеуі деп аталып, ол алғашқы, ортодоксалды христиан принциптерін берік ұстанып қалды.

Христиан дінінің әлемдік мәні.Христиан діні 20 ғ. дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополияны сақтап келгенмен, христиан шірекулерінің саясаттағы ықпалының құлдырау ғасыры болды. Осыған байланысты олар өз саясатын өзгертуі қажет болып, саясатқа араласудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Қазіргі кездегі кез келген шіркеу иерархы – саясаткер. Дегенмен шіркеулер әлемдегі көптеген бейбітшілік жолындағы күрестерде үлкен роль атқарып келеді. Мәселен, үлкен апаттарға қарсы, ядролық қаруды жоюда т.б.с.с. Бүгінде конфессионалдық ерекшееліктеріне қарамастан христиан шіркеулерінің қайсысы болмасын әлеммн тығыз байланыста болуда белсенділігін көрсетуде. Христиан әдебиеті негізгі 4 жанрдан тұрады: 1. Інжілдер, 2. Апостолдардың арнау- лы хаттары, 3. Апостолдардың ісі туралы жазбалар, 4. Христос өсиеттері. Діншілдер олардың ішінен ең маңыздысы Інжілдер дп санайды. Ал алғашқы үшеуі ескі грек мемлекетіндегі Синопа қаласында жазылғандықтан синоптиктік деп аталады. Інжілдердің бір-біріне қайшы жерлері де аз емес, яғни әр кезеңдегі әр түрлі саяси-әлеуметтік көзқарастарды да меңзеп келген. Қазіргі заманғы христиандық және саясат. Христиандықтың тарихы — тұтастай халықтардың тағдырын өз уысында ұстауға бағытталған шіркеулердің өз ішіндегі және халықаралық деңгейдегі үздіксіз күрестер тарихы. Ол өзінің басынан құлдырау және дәуірлеу кезеңдерін талай өткерді. XX ғасырға дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополия сақгап келді.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Топтық жұмыс

1 топ :Христиан дінінің қайнар көздері.

2 топ: Исаның өмірбаяны мен әрекеттері.

3 топ. Інжіл және оның жалпы мазмұны.

4 топ: Христиан шіркеулерінің бөлінуі.

Үйге тапсырма

Христиан діні туралы мақал жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім сабақ 13

Сабақтың атауы

Ислам: діни ілімнің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу аймақтары.»

Мақсаты

Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру

Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып тәрбилеу

Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыта білді

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өткен сабақты қайталау

1.

Үй тапсырмасын тексеру. 1. Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз? (Дінтану)

2.Конфессиялық ілім ( көне грек тілінде konfessio - майындау, ғибадат қылу)

3.Теология (көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні)

4.Атеизм – (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару)

5.Манотеизм –(«бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» - құдай.)

6.Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және - құдай)

7.Секта – (лат.т. – ойлау тәсілі, бағыт деген сөзінен) 1.(Дінтану)

2. (көне грек тілінде konfessio - майындау, ғибадат қылу)

3.(көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні)

4. (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару)

5.( «бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» - құдай.)

6.Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және - құдай)

7.Секта – (лат.т. – ойлау тәсілі, бағыт деген сөзінен)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын толық ашты.

. Жаңа материалды меңгеру Жоспар:

1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай

2. Ислам дінінің пайда болуы

3. Ислам дінінің таралу аймағы

Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай

Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:

- адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;

- имансыздықтан тұншығуы;

- Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;

- Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.

Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық.

Ислам дінінің пайда болуы

Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.

Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік ерекшеліктері де бар.

Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.

Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.

Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті).

Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).

Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды.

(Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі).

Жаңа сабақты мұқият тыңдайды

Оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.

Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.

90%-ы Сунниттер.

Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.

120 –дан астам елде Ислам діні таралған. Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.

Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.

Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:

1. 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы

2. 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы

3. 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы

Тірек ұғымдары:

1. «Ислам» - сөзі арабша «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсыну», «ілім», «бас ию»,

«нану».

2. Мұсылман – «Алланың нағыз – құлы, алланың нағыз ұлы».

3. «Хижрат» – 622 жылғы Меккеден Ясриб (Мәдина) қаласына Мұсылмандар көші

4. «Хижра» - жаңаша мұсылман жыл санауының басы (ай күнтізбесі).

5. Алла – күреншит руының жеке құдайы.

6. Күреншит – Мұхамедтің шыққан руының аты.

7. «Шариғат» – араб тілінде «Тура жол».

8. «Уахи» – Жәбірейіл періштенің жеткізген аяндары.

9. «Пайғамбар» - парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді.

10. «Мұхаммед» - «мақтаулы»деген мағынаны білдіретін есімді Хазрет Мұхаммед

(с.а.с.) Пайғамбарымызға атасы Абдулмутталиб қойған есім.

11. «Құран» - Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед Пайғамбарға

түскен ең соңғы кітап.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Топтық тапсырма .

Жаңа материалды бекіту

Тест

1. Дәуіт пайғамбарға түскен кітап

А) Құран В) Інжіл С) Зәбур Д) Тәурат

2. Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште

А) Жәбірейіл В) Микәйіл С) Исрафил Д) Әзірейіл

3. Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі

А) Ораза ұстау В) Тәрбие (Аһлақ) С) Кітаптарға сену Д) Қажылық

4. Ислам діннің бес парызының бірі

А) Періштелерге В) Тағдырға сену С) Амал Д) Куәлік сөзін айту

5. Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді?

А) 630 В) 622 С) 610 Д) 609

6. Ислам діні әлемде кең таралу жағынан ... орында? (екінші)

7. 1962 жылы Меккеде ... әлемі Лигасы құрылды. (Ислам)

8. ... Иран мен Ирак аумағында кездеседі. (Шииттер)

9. Әлемнің ... елінде Ислам діні ресми болып жарияланған. (29)

10. Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы ... . (Сунниттер)

Үйге тапсырма

Алматы «Білім» баспасы 2010

§11. 1. 131-148 бб. 148 беттергі сұрақтарға жауап беру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 14

Сабақтың атауы

Әлемдік діндерге тән ортақ құндылықтар

Мақсаты

Оқушыларға қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни жағыдайы туралы терең білім беру.

. Оқушыларға тақырып ауқымында тың мәліметтер бере отырып, білімдерін тереңдету.

. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси сауаттылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

оқушылардың теологиялық сауаттылықтары қалыптаса отырып логикалық ой өрісін дамытады, белсенді өмірлік ұстанымын дамытады

Топтық жұмыс арқылы өзін өзі реттейді.

+Психологиялық ахуал

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 Қайталау сұрақтары

 1.Ислам діні қашан және қалай пайда болды?

 2.Мұсылман дінінде ежелгі арабтар мен еврейлер жайында не айтылған?

 3.Құран деген не және оның жүйесі қандай?

 4.Неге Ислам әлемдік дін болып есептеледі?

 5.Ислам дінінің негізгі бағыттары қандай?

 6.Мұсылмандар дінінің негізгі бағдарламасы қандай?

 7.Қандай діни мерекелер бар?

 8.Әлем дамуында ислмдық фактор қандай рөл атқарады?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады. [1]

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Практикалық жұмыс

\1 топ Ислам дінің әлемдегі сипаты

2 топ Әлемдік діндерге тән ортақ құндылықтар туралы

3 топ Діннің өмірдегі маңыздылығы мен сипаты

Үйге тапсырма

Отбасым-менің мақтанышым альбом жасау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 15

Сабақтың атауы

Қазақстандағы ислам діні: исламның Қазақстанда таралуы. Қожа Ахмет Йассауидің діни филасофиясы

Мақсаты

Ислам дінінің Қазақстанда таралуына тоқтала келе, Қожа Ахмет Йассауидің діни философиясы туралы түсінік беру.

әр түрлі танымдық тапсырмалар бере отырып, гуманистік дүниетаным негіздерін қалыптастыру, ой-өрістерін дамыту, белсенділіктерін арттыру.Топта бірлесе жұмыс жасай отырып, ой бөлісіп,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу туралы оқып үйренеді. Ақпаратты қалай пайдалану керектігін

+Психологиялық ахуал

Қайырлы таң достар,

Қайырлы таң болсын.

Бүгінгі күнің  сәтті

Сәттілікке толсын

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

“Кім шапшаң” ойыныны7 Ойынның шарты: сұрақтар қойылады, қай топ тез әрі дұрыс жауап берсе, сол топ жеңімпаз болады.

Сұрақтар:

1. Әлемде кең тараған діндерді атаңдар. (будда, христиан, ислам).

2. Ислам дінін алғаш рет 960 жылы мемлекеттік дін деп жариялаған орта ғасырдағы мемлекет. (Қарахан мемлекеті).

3. Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда пайда болған жаңа ілім. Оның негізін салған кім? (философиялық – дүниетанымдық ілім негізін салушы Кун – Цзы немесе Кун – ұстаз. (европалық транскрипцияда — Конфуций).

4. Дүние жүзінде Ислам дінін ұстаушылардың саны қанша? (шамамен 2 млрд – қа жуық).

5. Мұхаммед пайғамбар қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (571 жылы, 27 сәуірде, дүйсенбі күні меккеде).

6. Б.з.б. 1 мың жылдықтың ортасында Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін. (буддизм).

7. Б.з.б. IV – III ғ ежелгі Қытайда құпия аңызға айналған сары император Хуан – Ди — діңашқан ілімі. (даосизм).

8. Әлемдік қасиетті 4 кітапты атаңдар:

1). Зубур – Дәуіт пайғамбардан түскен кітап. (арабша: “кітап” деген мағынада)

2). Тәурат-Мұса пайғамбарға түскен кітап. Иврит тілінде “заң”, “ереже-қағида, шариғат” деген мағынада.

3). Інжіл-Иса пайғамбарға түскен кітап. “сүйікті, тағылым” деген мағынаны білдіреді.

4). Құран-Мұхаммед пайғамбарға түскен кітап. (араб тілінде “көп оқылатын кітап” деген мағынаны білдіреді).

9. Діннің тазалыққа бастайтын басты қасиеттерін ата. (мейірімділік, төзімділік, кешірімділік).

10. Сопылық ілімнің негізін салушы. (Қожа Ахмет Иассауи).

Келесі кезекте терминдерге түсінік беру:

1. Телология. (көне грек тілінде teos -“халық”, logos-“ілім-құдай” тану пәні)-құдайтану пәні.

2. Атеизм (көне грек тілінде AOEG — құдайсыздық) – құдайды және оның құдіретін жоққа шығару.

3. Монотеизм (“бірқұдайлық”, грек тілінде “movog”- бір және “OEOG”- құдай) – бір құдайға шақыратын діни сенім.

4. Политеизм (“көпқұдайлық” грек тілінде – көп және құдай) көп құдайдың барлығына негізделетін діни жүйе

5. Секта. (“secta”, латын тілінен – “ойлау тәсілі, бағыт” деген сөз) – діни ілімге оппозициялық ағым.

Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты,

Әр сырымды көргкн сайын бүркеп жапты

«Билхамдиллаhи» көрдім деп ізімді өпті,

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге…

Не келседе көреміз бір Құдайдан,

Жүсіпті айырып еді ол Қынғаннан.

Туған жерім қасиетті Түркістаннан,

Бауырымды тасқа ұрып келдім, міне,- деп жазған кім?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс жүргізу Қосымша тапсырма.

Топтастыру стратегиясы:

Араб түбегіндегі Араб халқы қалыптасып , VII-ғ басында жаңа Діни жүйе – Исламның негізінде мемлекет құрылды. Мунда феодалдық қатынастар қалыптасыптасты. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда714-ж КутейбаИспиджапқа жорық жасады .723-ж Фергана қарлұқтары түріктер мен шаштықгармен бірігіп, арабтарды Ходженттен Самархандқа дейін қуды . 724-ж арабтар Фергана астанасы Қорасанды қоршап алды . Ферғаналықтар түргеш қағаны Сұлудан көмек сұрайды . Ферғаналықтар мен шаштықтар Сырдария бойында арабтарға соққы беріп шегінуге мәжбүр қылды . Түргештер Мауаранахр үшін арабтарменталасатынкұдыреттікүшкеайналды. Арабарға қарсы күш жалғаса берді , бір-ақ 737-739 ж.ж Насыр ибн Сей яр Самархандағы , Шаштарғы ,Фарабтарғы көтерілісті қарумен жаншыды .748 жылы Қытайлар Суябты уақытша басып алып қиратты, келесі жылы Шаштың билеушісін өлтірді. Оның баласы Арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараз жеріндегі Атлах қаласының түбінде Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжиннің арасындағы шайқастан Қытай әскері талқандалды. 766 жылы Жетісуда билікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті.Арабарға қарсы және мұсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азиядағы Мукана қозғалысы болды. Оны Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу түркі тайпалары қолдады. Арабтар бүлікті басып, 810 жылы Қарлұқардың астанасы Құланға жорық ұйымдастырды. ІХ ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла бастады.Арабтар үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат құрамына кірген тек бір бөлігіне ғана жүрді. Ал Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісудың ұлан-ғайыр аймағында арабтардың жаулап алуыныңелеулі зардаптары тек Х-ХІІ ғасырларда ғана білінді. Халифаттың билеуші үстем топтары байлық жинау үшін және өз билігін нығайту үшін Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстігінде әділеттсіз соғыстар жүргізді. Сонымен бірге араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ, ол халифтің қол астында болған жерлердің әлеуметтік –экономикалық, саяси және мәдени өмірінеде, ондағы этникалық және тілдік үрдістерде өз ізін қалдырды. Жаңа мемлекетік дін – ислам дінінің, араб тілі мен жазуның таралуы қоғам өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі болды. Ежелгі түрік жазуы ығыстырылып шығарылды, ал түрік

лексикасына араб сөздері кірді. Орта Азия сияқты, Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аймақтарының халифат құрамына енуі феодалдық қатынастардың даму үрдісін тездетіп, ол терең әлеуметтік қайшылықтар мен халық қозғалысары жайында өтті. Қоғам өмірінің деңгейінде, ислам өрісіне тартылған халықтардың дәстүрлері мен тарихи тағдырларында елеулі айырмашылықтар болғанына қарамастан олардың мәдени жақындасуы нәтижесінде бірқатар халықтар үшін көп жағынан ортақ араб –мұсылман мәдениеті қалыптасты.Кят, Отырар, Тараз, Шаш , Бухара , Самарканд және басқа қалалар ірі мәдениет орталығына айналды, оларда әл-Хорези, әл-Фараби, әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина және басқада көптеген тамаша ғалымдар өмір сүрді. Халифатың бүкіл аумағында араб тілінің орнығуы көптеген аса көрнекі ғалымдар мен ақындардың осы тіл де жаза бастауына әкеп соқты.

Оқулықпен жұмыс:Тақырыппен танысып шығамыз.

Тарихи сынақ.Интерактивті тақтадағы сынақты толтырамыз.

1 — топ тапсырмасы:

Ислам діні Орталық Азия мен Қазақстан территориясына _____ ғасырдың _____ жартысында ене бастады. ________ өзенінің маңында арабтар мен қарақытайлықтар қазақ арасында болған соғыста ______ жеңіске жетуі осы төңірекке ________ орнығуына айтарлықтай әсер етті.

2 – топ тапсырмасы:

Монғол шапқыншылығына дейін халықтың сауаты жоғары болды. Себебі, бұл тұста қалалардың барлығында дерлік ________ бар еді. Сонымен қатар көрші елдердегі ______________, ондағы _________ қазақ даласының тұрғындарының да әрдайым келіп-кетер жеріне айналған тұғын.

3 – топ тапсырмасы:

____________ ханның тұсында Қазақстан территориясындағы исламдану процесі шарықтау шегіне жетті. «Өзбек ханның тұсында атамыз қазақ _______ баққан, _________ _______хандары жердің жүзін шаңдатқан» деген сөз осыдан қалған. Оның кезінде _______ пен, _____________ мен орныққан байланыстар одан әрі жетілді.

Иассауи кесенесін кім салғызған? Қай жылы ? Тайқазан қашан салынды ?

Ахмет Иассауи- түркістандық.Сайрам қаласында дүниеге келген. Әкесі атақ – даңқа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы- Шейх Ибрахим,анасы – Мұса шейхтың қызы Айша(қазақтар Қарашаш ана атаған)(Слайд арқылы түсіндіріледі).Әмір Темір кесенені Иран елінен алдырған сәулетші Мәулен Ғұбайдолла Садыр деген адам салған.Биіктігі-37,5 метр. Кесенетің сырт қабырғалары геометриялық бейнедегі өрнектермен және Құран аяттары жазылған тақталардан тұрады.ХІ ғ.бастап кесененің жекеленген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйегі қойыла бастады.Онда Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазбек би т.б.Кесене ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына енгізілген. 35 бөлмеден тұрады.(Слайд арқылы Тайқазан туралы әңгімеленеді.)

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Аңыз айту. Ысқақ Бабтың ұрпақтарының бірі Ибраһим шайхтан екі бала болады. Бірінің аты Қожа Ахмет Иассауи, екіншісінң аты Садр шайх. Міне осы екі бала туралы мынадай аңыз-әңгіме бар.Бірде Қожа Ахмет Иассауи Сайрамда (Испиджаб) тұрған кезінде үйден далаға

шықса, атасы Ибраһим шайх шұқшиып жер шұқып отыр екен. «Ата, не істеп отырсыз?»- деп сұрағанда:- «Е, балам, егістікті жекелеп отырмын»- деп жауап береді. «Ой, ата-ай, соған да уақыт жұмсап, әуре боласыз ба, бір ауыз сөзбен бітірмейсіз бе?»- дейді. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, жасай ғой»,- дейді. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: «Жегенің жерге қал, бітенің бетке шық»,-деген екен.Дәрет алып келген атасы қайран қалып: «Е, балам, екі қошқардың басы бір казанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек», — депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: «Сіз жасыңыз келген ағасыз, мен жаспын, мен кетейін», — деген екен. Сонымен, ақ түйеге мініп, жүріп кетеді Сондағы ойы — осы ақ түйе қай жерге барып шөксе, сол жерге қоныс тебу. Сөйтіп, ақ түйе шөккен осы Түркістан жері оның мекен-жайына айналады. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күндері Қожа Ахмет ата-анасына сәлем беріп қайту үшін Сайрамға келеді Дем алып тыныстаған соң, атасы сөз қозғап: «Иә, қарағым, қайда болдың, қай жерге қоныс тептің»- деп сауал береді. Сонда ол «Ақ түйем Түркістан шаһарына шөкті», -деп жауап берген екен. Сол жер мына қазіргі Қожа Ахмет Иассауи ғимараты жайласқан жер. Сонда атасы тұрып: «Балам, сен сол жердің халқымен сұхбаттастың ба, не байқадың?» дегенде, «Иә, ата, сухбаттастым, бәрін де білемін, бірақ соны біле тұра, мен сол жерге қоныс тебуге бел байладым»,-деп жауап береді. Баласын сынамақ болған Ибраһим шайх: «Иә, не байқадың, айтшы», — дегенде, жас Қожа Ахмет былай жауап берген екен: «Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады». Сонда мұны естіген атасы, баласының зеректігіне риза болып: «Иа,балам, дұрыс айтасың, бірақ соны біле тұрып, неге қоныс тептіің?» дегенде: «Жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін», — деген екен.

Ахмет Йассауи айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.«Кітап аш та мәнін ұқ»,«Аяқ-қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба»,«Кердеңдік – пиғылы бұзылған пасықтың ісі»«Мейірімі жоқ меңмеңдерге қаспын мен»,«Мадақтар болсаң, шан асылды мадақта,»«Бейнеттен қашпа»,«Бетбақ болма»,«Қиын да болса, түзу жолмен жүр»,«Арың сақта, болсаң да малға кедей»,«Жамандық ойламы»,«Кісі ақысын жеме»,«Ұрыншақтың жауы көп, жамандардың жауы көп»,«Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға қызмет ет»,«Менмен бай құдайға да ауыз салады»(дәптерлеріне жазып алу)

Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.Шам айналып көбелектей түстім күйге,

Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.

Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,

Алла түспес ауызымнан, пенде болдым

Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ғұлама ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай«әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып,тазалық тұрағына енген.»Бейнефильм «А.Иассауи мұражайында» көрсетіледі.

Шығармашылық тапсырма:

1-топ:Иассауи дүние танымындағы басты ұғымдар.(анықта)

2 –топ:Иассауи кесенесі(әңгімеле)

3-топ: «Дін-алтын діңгек»(дәлелде)

Қорытынды:Иассауи ілімі-қоғамдық-әлеуметтік ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені.Ол дін насихатшысы ғана емес,ізгі қасиеттерді мадақтаушы.Арада сан ғасыр өтседе өзінің мән-мағынасын жоғалтпай, қайта уақыт өткен сайын қадір-қасиеті арта түсіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде өмір сүріп келеді.

Үйге тапсырма

- Тайқазан – еліміздің құт –берекесінің символы»эссе жазу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Дінтану негіздері

Уақыты:10.0.223ж

Сабақтың атауы

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның ролі

Мақсаты

Қазақстанда ислам дінінің пайда болуы, оның ғылым, білім және мәдениетке әсерін түсіндіріп, сабағымызды өз өлкеміз Қазақстан Республикасының тарихымен ұштастырып, білімдерін арттыру.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін арттыру, ойын еркін айтып-жеткізе білуге үйрету. Рухани байлығын көтеру.

Отанымыздың байлығын қастерлеп,тарихты бағалай білуге, патриоттық сезімін қалыптастырып, имандылыққа тәрбиелеу,табиғатты аялауға, Отаның сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың бойында рухани адамгершілік құндылықтардың негізінде

сенімнің жүйесін және гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ету. Сабақтың түрі: саяхат-ойын сабақӘдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, көрнекілік

+Психологиялық ахуал

Қайырлы таң досымҚайырлы күн болсынЖеті күннің әр кезіСәттілікке толсынБіздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Балалар біз

Кластер стратегиясы арқылы тапсырма

I топ.Әл-Фараби тобы: Ұлы ғалым.Қазіргі Отырар қаласында дүниеге келген.Ат спортымен айналысып,саздық аспаптар жасаған.

II топ.Яссауи тобы:” Қасиетті Түркістанда” дүниеге келген ақын,сопы болған.Қарапайымдылығы мен көпшілігімен ғылым жолындағы даралығымен ғасырдан-ғасырға жетті.

III топ.Асанқайғы тобы: Желмаямен жерұйық іздеген.XVғасырда қазақтың алғашқы ханы Әз-Жәнібектің тұсында өмір сүрген.

IV топ.Баласағұн тобы: Ғұлама Шу өзені бойында Баласағұн қаласында туған.Дүниетаным дүлдүлі.Ол атақты “Құт негізі білік” атты еңбегімен белгілі.Бұл ең алғаш түрік тілінде жазылған.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Суреттер көрсету:

Әр топ Исламның таралу картасына Не? Қайда? Қашан? сұрақтары арқылы жауап береді.

(Дүние жүзінде Ислам дінің ұстанушылардың саны шамамен 2млрд-қа жуық.Ислам діні әлемнің 120-дан астам елінде тараған.Ислам дініне сенушілер әлемнің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.Әлемнің 28 елінде, атап айтсақ Сауд арабиясы,Мысыр,Иран,Пәкістан,Мавритания және тағы басқа елдердің ресми діні болып жарияланған.

«Ислам» дінінің неше парызы бар?

(Куәлік сөзін айту,намаз оқу,ораза ұстау,зекет беру,қажыға бару).

Ислам дінінің қанша шарты бар?

(6).Алла тағалаға сену,періштелерге сену,кітаптарға сену,пайғамбарларға сену,ахирет күніне сену,тағдырға сену.

Исламдағы шариғат қанша мәселені қарастырады?

(4 ) 1. Сенім,иман мәселелері ,2. амал(әр мұсылманға міндеттелген істер),3.тәрбие,4.құқықтық істер.

(3) Дүние жүзінде ең көп тараған діндер?

(ислам,христиан,будда)

Тапсырма.

Үшінші тапсырмада балаларға бейнесұрақ беріледі.

Тапсырма.

Қала атаулары. Әр топ қала атауын таңдап, (Алматы, Астана, Степногорск,Көкшетау) сол қаладағы мешіттер туралы мәлімет береді.

Алматы Орталық мешіті.Мешіттің жалпы ауданы -3594,5шаршы метр,пайдалы көлемі-3264,5 шаршы м.Мешіт бес мың адамға арналған үлкен төрт залдан тұрады:негізгі зал,бес уақыт намаз оқитын зал,әйелдер залы және иътиқаф (мұсылманның өзімен –өзі Аллаға құлшылыұ ететін ) бөлмесі.Мешіт қабырғасының биіктігі он екі метр.Мешіттің төрт мұнарасы бар.Бас мұнараның биіктігі -40метр.

Нұр Астана мешіті.Есілдің сол жағалауында орналасқан.Бас күмбезінің биіктігі-43 метр болса,одан өзге 25 кіші күмбездері бар.Мешіттің іргетасы бетоннан,қабырғасы пеноблоктан тұрғызылған.Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген бұл мешіттің биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар.Мұнда бір мезгілде 10000 адам намаз оқи алады.

Паң Нұрмағанбет мешіті.Мешіт ғимаратының құрылысы 2000 жылы басталып,2006 жылы аяқталды.Мешіт жерінің көлемі 5041шаршы метр.мешіт ғимаратының көлемі 514,7 шаршы метр,сыйымдылығы 700 адам.Мешіт ғимаратының биіктігі 7 метр.Сыртқы қабырғалары Мюнхендік штукатуркамен қапталған.Мешіттің ішкі қабырғалары керамикамен қасиетті Құран аяттарымен жазылып,ұлттық ою-өрнектермен нақышталып безендірілген.

Науан хазірет мешiтi.Мешіттің құрылысы Көкшетауда шамамен 1903 жылы басталып, 1904 жылы аяқталған. Мешітті Шаяхмет, Баязит деген қала байлары жұртшылық қолдауымен салдырған. Мешіт 1920 жылға дейін қызмет атқарып келді. Кеңес үкіметі тұсында қойма, мұражай, көрме залы сияқты қызметтерге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 ж.ж.) онда әскери бөлім орналастырылды. Ал 1947 жылдан 1974 жылға дейін Көкшетау облыстық тарихи өлкетану мұражайы, 1975 жылдан республикалық көркем сурет дирекциясының Көкшетаудағы көрме залы қызметін атқарды. 1989 жылы мұсылман қауымының өтініші бойынша мешіт намазхандарға қайтарылды. 1991 жыл күрделі жөндеуден өтті.

Тапсырма. Әр топ Әл Фараби,Яссауи,Асанқайғы,Баласағұн туралы мәлімет беріп,өз ойларын ортаға салады.

I топ.Әл-Фараби өзінің "Риторика", "Поэзия өнері туралы", "Бақытқа жол сілтеу"

туралы трактаттарында этикалык, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.

Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандык категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.

II топ.Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Йассауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Йассауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады.

III топ. Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады

IVтоп. ІХ-ХІІ ғасырларда түркі ой әлеміндегі белгілі ойшыл Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегін түркі дәуірінің өркендеген кезеңі Қарахандар дәуірінде жазды.Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» дүниетанымдық және құндылықтық бағдары Ислам діні мен ахлағына негізделген.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Тапсырмалары: І топ

1. Ислам дінінің қасиетті кітабы?

2. Астанада өткен әлемдік діндердің ІІІ съезінің уақыты

3. Мұсылман мемлекеттер қандай дінге сыйынады?

ІІ топ

1. Христиандардың қасиетті кітабы?

2. Әлемдегі негізгі үстемдік етуші діндер саны.

3. Арыстан баб неше дінді білген, қай дінге мойын ұсынған?

ІІІ топ

1. Буддизм дінінің негізін қалаушы.

2. Есенқожа ата ескерткіші қай жерде орналасқан?

3. “Мұсылмандық шарты” еңбегінің авторы

ІV топ

1. “Дін ғылымның атасы” өлеңінің авторы

2. Шымкентте діни медреседе білім алған батыр

3. Сопылық ағымның негізін салушы

Жауаптары: І топ: 1) Құран, 2) 2 - 3 шілде 2009жыл, 3) Ислам

ІІ топ: 1) Библия, 2) Үш дін, 3) 33дін, Ислам.

ІІІ топ: 1) С. Гаутама, 2) Сайрам қаласы 3) Ш. Құдайбердіұлы

ІҮ топ: 1) М. Мақатаев 2) Б. Момышұлы, 3) Қожа Ахмет Иассауи

Үйге тапсырма

Мадақтау, бағалау.Алма ағашынан алма теріп балаларға тарату. Сабаққа жақсы қатыстыңдар!

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

:

Уақыты: 24.02.23ж

Кабинет:

Мұғалім:Тайтелиева А

Сабақтың атауы

ХХ ғасырлардағы жіне қазіргі кезеңдегі ислам

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға қазіргі таңдағы Қазақстандағы әлемдік діндер мен конфессиялардың дамуы жайындатерең білім беру.

Оқушыларға тақырып ауқымында тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни-саяси сауаттылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың тапсырмалармен қатесіз жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыта білдіру

Әдіс - тәсілдер: ойын, сөздік, көрнекілік, практикалық жұмыс

Топқа бөлу

Себеттегі,жемістердің түрлеіне сай топтарға бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

.

Мағынаны тану

«. Дидактикалық материалдармен» жұмысЕліміздегі мұсылман қауымы ислам тағылымындағы Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанушылар. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ресми түрде насихаттап отырған мәзһабы Ханафи мәзһабы болып табылады. Соңғы уақытта дін саласында, соның ішінде исламтану бойынша отандық теолог ғалымдар тарапынан жақсы ізденістер жасалып, сүбелі еңбектер жарық көре бастады. Бұл біздің елімізде жергілікті мамандар тобының қалыптасып келе жатқанын байқатады. Десек те, қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандарының басым көпшілігі ұстанып отырған Ханафи мәзһабы туралы көп айтылғанымен іргелі зерттеулердің аз екенін ескеруіміз қажет және бұл тақырыпта қанша айтылса да көптік етпейді деп ойлаймыз.

Алғашқы діни-дүниетанымдық әрекеттердің қалыптаса бастаған тұсында ислам қоғамы сенімдік, ғибадат және саяси тұрғыдан алғанда жалпы тұрақтылық пен ауызбіршілікте болды. Осы кезеңде өмір сүрген бірсыпыра ислам ғалымдарының көзқарастары мен діни ұстанымдары сол дәуірдегі исламға қарсы ағымдармен идеологиялық күресте айқындалып жүйеленді. VІІІ-ІХ ғасырларда Хасан әл-Басри, Әбу Ханифа, Имам Малик, Имам Шафиғи, Ахмед ибн Ханбал сияқты ғалымдар осы мәселе төңірегінде салмақты ойлар айтып, ауқымды еңбектер жазған ғалымдардан саналады.

Исламдағы мәзһабтар (фиқһ және ақида) көп жағдайда сол мәзһабтың негізін салған адамның есімімен аталатын болған. VІІ-VІІІ ғасырларда орталығы Куфа қаласы болып табылатын Ирак жерінде негізі қаланып, кейінгі ғасырларда дамып жайыла түскен Ирак құқықтық (фиқһ) мектебіне және осы мектептің әдіснамасын қалыптастырған Имам Ағзам Әбу Ханифаның есімімен байланыстырылып Ханафи мәзһабы деген атау берді. Исламдағы құқықтық дүниетанымның және ижтиһад түсінігінің дамуына үлес қосқан Әбу Ханифа көбіне «Имам Ағзам» деген атпен танымал болды. Ол 699 жылы Куфа қаласында өмірге келді. Оның шыққан тегі туралы тарихи деректер әр түрлі мәліметтер береді. Біреулер парсы десе, келесі біреулер түркі тектес деген пікірді алға тартты. Тек араб ұлтынан емес екені анық.

Әбу Ханифа өзі өмір сүрген VІІІ ғасырда сенімдік және құқықтық мәселелерді рационалдық тұрғыда және практикалық ұстанымдар аясында қарастырғандықтан өз заманынан озып туған ғұлама саналады. Ол өзінің Құран және Сүннетпен негіздеген көзқарастарын аталған екі қайнар көздің аясында ақыл-ойдың қызметімен дәйектей түскен. Ханафи мәзһабының қалыптасуы Әбу Ханифадан бұрын Ирак аймағында қалыптасқан «Рәй мектебімен» тығыз байланысты. Сөздікте мәні «жеке көзқарас, ой және тоқтам» деген мағыналарға келетін «Рәй» сөзі фиқһ терминологиясында «мужтаһидтің діни мәселені шешу барысында Құран және Сүннеттен дәлел табылмаған жағдайда белгілі бір әдістерге сүйене отырып, қол жеткізген жеке көзқарасы» деген мағынада қолданылады. Бұл жердегі басты талап, мәселені шешу барысында негіз ретінде Құран мен Сүннетті басшылыққа алу болып табылады. Яғни, қабылданған шешім ислам қағидаттарына қайшы келмеу керек.

Ирак фиқһ мектебінің қалыптасуында орны ерекше Ибраһим ән-Наһаидің әдістері мен көзқарастары шәкірті Хаммад ибн Әбу Сүлеймен арқылы Әбу Ханифа нәсіліне жетті және Ханафи мәзһабының құқықтық жүйесіне ықпал етті. Сахаба және табиун кезеңінде Иракта басталған Құран және Сүннетке негізделген діни білімді рәй және ижтиһадпен байытып, толықтыру жолындағы әрекет VІІІ ғасырдың орта тұсында Әбу Ханифа және оның шәкірттерінің қажырлы еңбегінің арқасында жүйеленіп, дербес мектепке айналды. Әһли-Рәй немесе Ирак фиқһ жүйесі өзінің осы ерекшелігімен Хижаз фиқһ жүйесіне қарсы бір мектеп ретінде саналған. Мәдинадағы Хижаз мектебін «Хадис мектебі» (Әһли-Хадис) деп те айтады. Бұл мектептің ерекшелігі - белгілі бір діни мәселенің шешімін табуда барынша Құран мен хадистерге сүйеніп, жеке көзқарас (рәй) пен ижтиһадтан алшақ тұруында. Ал «Рәй мектебінің» ерекшелігі, оның өкілдері көп жағдайда хадистерден дәлел табылмаған жағдайда жеке көзқарастарын кеңінен пайдалануында. Егер көзқарастарына қатысты бір сахих (дұрыс, рас) хадис табылып жатса, олар өз ұстанымдарынан қайтып, хадисті дәлел ретінде алатын болған. Методологиялық ерекшеліктеріне байланысты Рәй мектебі әлсіз хадистерді қабылдамады. Себебі, мұндай хадистердің жалған болу ықтималдылығы жоғары деп санады. Ал, Хадис мектебі жеке көзқарастан осы әлсіз хадистерді жоғары қойды.

Ирак аймағында Ибраһим ән-Наһаи, Хаммад және Әбу Ханифа кезеңдерінде «рәй» әдісін кең қолдану кездейсоқтықтан туындаған жағдай емес. Рәй мектебінің қалыптасуында сол аймақтың өзіне тән діни дәстүрі мен әлеуметтік-құқықтық қатынас ерекшеліктерінің де әсері болған. Мұсылмандардың қарауына өткен тұста Ирак этникалық, мәдени және діни тұрғыдан алғанда сан-алуан сипатта еді. Ирак жері, оның ішінде Куфа қаласы Омейядтар халифаты кезеңінде сан-алуан мәдениеттермен және өркениеттермен тығыз байланыста болған. Мұнда әртүрлі ұлттар мен ұлыстар, діндер және дүниетанымдық ағымдар бір-бірімен қайнап, араласып жатты. Бұл өз кезегінде дінде бұрын соңды кездеспеген жаңа мәселелерді туындататыны ақиқат. Ал оның барлығына Құран және Сүннеттен дәлел тауып, шешу мүмкін емес. Осыған байланысты рәй және ижтиһад жасау арқылы мәселенің шешімін табу қажеттілігі туындайды. Сондықтан да Ирак жерінде рәй және қияс (аналогия) әдісімен үкім беру дәстүрі басым болды.

Жалпы мәзһабтардың қалыптасуына ықпал еткен ішкі және сыртқы факторлардың барлығын талдай келе, Ханафи мәзһабының қалыптасуы мен дамуындағы маңызды себептер ретінде Әбу Ханифаның шәкірттерінің қызметі, мәзһабтың құқықтық негіздерінің жүйеленуі, ресми мәзһаб ретінде қабылдануын ерекше атап өткен жөн.

Ханафи мәзһабының құрылып, кеңінен таралуында Әбу Ханифадан сабақ алған және оның ғылыми кеңестеріне үздіксіз қатысып жүрген шәкірттері мен дос-жарандарының еңбегі зор болды. Әбу Ханифаның шәкірттері сол кездегі Ислам әлемінің бірнеше аймағында өмір сүрді. Олардың үлкен бөлігі өз аймақтарында ғылыми мәжілістер ұйымдастырып, шәкірт дайындады, қазы болып қызмет атқарды. Бұл жағдай тікелей немесе жанама жолдар арқылы Әбу Ханифа тарапынан жүйеленген Ирак фиқһының ислам діні енді орныға бастаған аймақтарда танылып, жайыла түсуін қамтамасыз етті.

Ханафи мәзһабының кеңінен таралуының келесі бір себебі, Әбу Ханифа мен оның шәкірттері қалыптастырған фиқһ ғылымының дер кезінде жинақталып қағазға түсірілуі және бұл әрекеттің одан кейінгі уақыттарда да жалғасып отырғандығы.

Харун Рашидтен бастап Аббасит халифаларының бас қазылық қызметіне Ирак фиқһ мектебінің өкілдерін, басқаша айтқанда Ханафи мәзһабының факиһтерін тағайындауы Аббасит билігі аумағында осы мәзһабтың кеңінен танылып, қанат жаюында маңызды рөл атқарды. Аббаситтерден кейін Ханафи мәзһабының таралуында Селжук және Осман мемлекетінің рөлі үлкен болды. Селжук билеушілерінің Нишапур, Исфахан, Хамадан секілді ханафиліктің аз танылған аймақтарында ханафи қазыларды тағайындауы мәзһабтың жайыла түсуіне жағдай жасады. Ал Османдықтар болса бүкіл діни мәселелерді осы мәзһабқа сүйеніп шешіп отырды және бұл мәзһаб мемлекеттің саясатында да маңызды орынға ие болды.

Ханафи мәзһабы көбіне араб емес қауымдар арасында кеңінен таралған. Мұның басты себебі – ханафиліктің ислам дінінің практикалық жағын түсіндіруде рәй мен ижтиһадты бірінші орынға қойып, араб қоғамына тән дәстүрлерді жеңілдетіп, ислам ілімін өзгелердің оңай түсініп, қабылдауы үшін ыңғайланған дүниетанымдық жүйені қалыптастырғанында Ханафи мәзһабында ижтиһадқа негізделген ойлау жүйесіне мейлінше еркіндік берілген. Заман ағымы мен мәдени-әлеуметтік ортаны, дүниетанымдық ерекшеліктерді, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды ескере отырып, Ханафи ғұламалары ижтиһад жасаған және осылайша исламды өмірден, қоғамнан бөлмей, оны керісінше өмірлік тәжірибеге бейімдеді. Сондықтан да ханафи мәзһабы көптеген ғалымдар мен мамандар тарапынан исламдағы барынша толерантты мектеп ретінде мойындалған. Осындай қасиеті мен ерекшелігіне байланысты қазіргі таңда әлемдегі мұсылмандардың шамамен үштен екі бөлігі ханафилік дәстүрді ұстанады.

Баршамызға белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің тұтастығы мен беріктігін нығайтатын бес негізгі реформасының төртінші реформасында – «Болашағы біртұтас ұлт» болудың басты негіздері айшықталды. Елбасымыздың дін мәселесінде айтқандарының ерекше назар аударатын тұсы бұған дейін де өз жолдауында тоқталып өткен еліміз мұсылмандары үшін дәстүрлі діни таным саналатын исламдағы ханафи мәзһабы жайлы - «Қазақстан аумағында тарихи қалыптасқан Ханафит исламы ұстамдылығымен және төзімділігімен, ислам құндылықтарын парасатты түсіндіруімен ерекшеленеді» - деп айтуы.

Президент басты ерекшелігін сипаттап, тілге тиек еткен ханафи мәзһабын неліктен Қазақстанды қоса алғанда әлем мұсылмандарының басым бөлігі ұстанады? Бұған жоғарыда айтқандарымызға қосымша ретінде мынаны айтамыз: Ханафи мәзһабының ерекшелігі сол, ол – ақыл-ой мен парасаттылықты, төзімділікті құндылық санайтын әрбір мұсылманның саналы таңдауы. Ханафилік дәстүр – зорлық-зомбылық, қысым көрсету мен мәжбүрлеу арқылы емес, интеллектуалды жолмен таралды. Ханафилік дәстүр қалыптастырған еркін ойлау мәдениетінің негізінде әлемдік ойдың тарихында әл-Фараби және Ибн Сина секілді дара тұлғалар шықты. Олардың ғылымға қосқан үлесі бірыңғай исламдық сипатта емес екені мәлім. әл-Фараби атамыздың қазіргі батыстық өркениеттің қалыптасуындағы рөлі орасан зор және мұндай ойшыл тек қана ханафилік діни таным таралған ортада ғана қалыптасатындығы айқын. Осындай деңгейдегі хәкім, даналар «біржақтылыққа» негізделген тұйықталған мұсылмандық ортадан шығуы әрине мүмкін емес.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»Сөзді дұрыс айтқан балаға бір - бірден ойыншық үлестіріледі. Ойын соңында ойыншықтарды санау арқылы кімнің көп сөз тауып айтқанын анықтайды.

 Бағалау

Мадақтау

Кері байланыс

Пәннің аты:

Дінтану

Уақыты:22.02.17ж

Сабақтың атауы

Қазақстанда христиан дінінің таралуы

Мақсаты

Христиан дінінің қалыптасу мен таралуы туралы түсініктері қалыптасады, топ арқылы тақырыптың маңыздылығын түсінед, оның ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік алады

Күтілетін нәтиже

Ақпарат туралы түсінік алады және білімдерін бекітеді, оны тапсырмалар орындауда пайдаланады

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

.«.«Кім тапқыр» ойынын

ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Алғашқы қауым адамдарында қандай алғашқы наным-сенімдер болды?

2. Миф деген не? Дін мен мифтің бірлігі және айырмашылығы неде?

3. Тотемизм деген не?

4. Фетишизм дегеніміз не? Мысалмен түсіндір.

5. Анимизм дегеніміз не? Бұл терминді енгізген ғалым?

6. Алғашқы қауым адамдары неліктен өздерін шығу тегін аңдар мен жануарлардың шықтық деп есептеді?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

. Жаңа сабақ.

азақ халқына христиан дінінің бөтен емес екендігіне тарихи деректер куәлендіреді, өйткені көне ғасырлардан бері жергілікті тұрғындар мен біздің ата-бабаларымыз Иисус Христосты өздерінің Құтқарушысы ретінде қадір тұта білді. Бұның бәрі көптеген археологиялық табыстар мен жазба куәліктермен құпталады.

Оңтүстік Қазақстан және Жетісу тұсындағы қалаларға әуел VII-VIII ғғ. (Христос Туылғаннан кейін) Мерв қаласындағы несториан Шіркеуі миссионерлерінің еңбегі арқылы христиан діні таралды.

VII ғ. орта кезінде Мерв қаласының митрополиті Илия кейбір түрік тайпаларын және түрік қағанын, оның бүкіл әскерімен христиан дініне кіргізді. 800-ші жылы маңында несториан патриархы Тимофей I христиан дінін қабыл алған түрік тайпасын атап өтеді, мүмкін бұл қарлұқ тайпасы болуы тиіс. 1009-ші жылы христиан дінін (ең) мәдиниетті және күшті керей тайпасы қабыл алды. Шөл далада адасып қалған керей ханына, шындық үшін қанын төккен әулие Сергий келіп көрініп, оған жол көрсетіпті. Бұл оқиға оның Марғұз (Марк) атымен шомылдырылып, христиан дінін қабыл алуына себепкер болды. Ол өзінің төржүз мың халқын сенімге әкелді. Ал XII ғасырда христиан дінін найман тайпасы және басқада түрік ру-тайпалары, олардың ішінде онгуз, гуз, чигил тайпалары қабыл алды. Іли алқабындағы, өздерінің Қаялық қаласында Шіркеуі бар христиандары жайында, ол жерге 1253 жылы барып көрген франсуз елшісі Вильгелм Рубрук хабарлады.

Орта Азия христиандары қабірлеу тәсілдерін оссуариаларға салып жерледі, бірақ бұрынғы пұтқа табунышылық символдарының[1] орнына Құдай Ие кресінің бейнесімен әшекеледі. Крест бейнесімен әшекеленген оссуариалар Соғды, Афрасиб, Хорезим қалаларында және ежелгі Маздахан некропілінде[2] табылды.

Орта Азия христиандарының көрнекті діни өнер туындыларына христиан жазбалары және символдары бар кабір тастары – қайрақтары жатады.

Христиан дінінің Қазақстан территориясындағы жергілікті тұрғындардың тұрмысына терең кіріп, толықты болғанына археологиялық табындылар көрсетеді.

Мысалы, Ақ-Бешім қаласында VII ғ. шамасында салынған шіркеу және христиан салтымен жерленген некропілі табылды. Христиан салтымен жерленген орындар Тараз қаласында да табылды. Ол жерде «Петр және Гавриил» жазбасы бар керамикалық саптыаяқ және сирия, соғды тілдерінде жазылған христиан жазбалары бар ыдыс сауыт қалдықтары табылды. Оларды VII-VIII ғасырлар шамасында тұрғылықты халықтар тұрмыстық ісіне қолданғаны көрінеді. Археологтар Камо өзенінің жағасында Жетісу христиандары қолданған IX ғасырға жататын екі күміс табақ тапты. Біреусінде Ізгі хабар көрінісі, ал екінші табақта Ескі өсиеттегі Иисус Навин кітабіндегі көрініс бейлеленген.

Джамуха, Навакент қалаларының қазба жұмыстары кезінде, жергілікті тұрғындар мойнына таққан күміс және қола металдарынан жасалған крестер, ал Қызыл Өзен қаласында нефриттен[3] жасалған крест табылды. Төрткөлтөбе қаласында крест (Иисус Христостың өлімді жеңуінің белгісі) және көгершін (Киелі Тынның символы) бейнесі бейнеленген көне заманның тас түйесі[4] табылды.

Христиан дінінің Қазақстан территориясында XIV ғасырға дейін болғанына деректі куәліктер көрсетеді, бірақ одан кейінгі ғасырларда бұл аймақта христиан дінінің маңызы төмен түскені көрінеді. Оған қарамастан жеке ру тайпалар өздерінің христиандық өткен шақтарын ұмытпады. Құдай Иеміздің игілігімен шындық жарығы қазақ еліне өзінің нұрын қайта шашты, бұл жолы Орыс Православия Шіркеуінің көмегімен орындалды.

XVIII ғасырдың соңында, қазақ халқы Екатерина II патшаханымынан, елші жіберіп өздеріне жаңа дінге шомылдырып кіргізетін дін қызметкерлерін жіберуді сұрағаны белгілі, бірақ жауапты істер (олардың сұраған өтініштеріне) лезде орындала қоймады.

1820-шы жылдар аралығында Орыс Шіркеуінің (Святейший) Синодында Кырғыз миссиясын (қазақтарды ол кезде қызғыздар деп атады) құру жайында сұрақтары қойылды, ол кез қолайлы уақыт деп саналды. Өйткені көптеген қазақ ауылдары, өздерінің православия дінін қабыл алуына ықыласын білдірді. Атақты Алтай миссионері әулие Макарии (Глухарев) Алтай төңірегіндегі тұрғылықты халықтарға православия дінін танып білуіне көптеген еңбегін сіңірді.

XIX ғ. екінші жартысында Қырғыз миссиясы құрылды. Миссионерлердің басты мақсаты, ауылдар арасында қазақ тілінде Ізгі Хабарды уағыздап, үздіксіз миссионерлік саяхат жүргүзуден, ғибатханалар тұрғұзудан және жаңадан шомылдырылған қазақ балаларына миссионерлік мектеп ашып, оларды жаңа ілімге үйретуден тұрды. Бұл мектептерде сабақ қазақ және орыс тілдерінде берілді. Шіркеулерде Құдайға қызметшілік қазақ тілінде орындалды, клиростарда қазақ тілінде жаңа шомылдырылғандардың балалары ән айтты. Жаңа Өсиеттің, киелілердің өмірі жайында және әр-түрлі Құдайдың қызметіне арналған әндердің аудармалары болды.

Көптеген қазақтар Ізгі Хабар уағызына көзқарасын білдіріп, христиан дінін қабыл алу мүмкіндіктерін жібермеді. Олар шын нанымды, өздерінің ата-бабаларының нанымын қабылдады. 1917 жылғы болшевистік революция белсенді миссионерлік жұмыстарының жалғысына кедергісін тигізді, бірақ оның жемістері жоғалмады. Мысалы, Алтай аймағында революциядан кейін сақталып қалған қазақ ауылы бар, оның тұрғындары түгелдей Православия дінін құп тұтады.

Құдайсыз СССР билігі өткеннен кейін де көптеген қазақтар православия нанымын көріп білуіне мүмкіндік алды, ал көріп біліп оны қабыл алды. Сондықтан христиан діні көне ғасырлардан бері біздің заманымызға дейін көптеген Қазақстан тұрғындарына жақын наным болып табылады.

Қазақстандағы христиандар

Қазақстанда Православие сенушілер саны бойынша Исламнан кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, ол Орыс православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр қауымдастықтарымен көрініс табады. Еліміздегі православиенің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстармен байланысты. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылып, одан қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент епархиялары таралды. 1917 жылғы революцияға дейін православие шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік діні болып табылды және осының негізінде өзге діндермен салыстырғанда елеулі артықшылықтарды пайдаланды.

Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы 1992 жылы «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» Заң, 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң қабылданды. Алғашқы асығыс қабылданған заң қазақ жеріне миссионерлерді ағылтқаны аян. Соның әсерінен, кейбір деректер бойынша, 1989 жылы 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестік болса, 2008 жылы Қазақстанда 46 конфессияға тиесілі 4000-нан аса діни бірлестік жұмыс істеген. Ал қазіргі таңда Қазақстанда 4551 діни бірлестік бар делініп отыр (салыстыра кетсек: 1990-жылдары олардың саны небәрі 670 болатын).

Жалпы, христиандық жер жүзінде кеңінен тараған ықпалды діни бағыт болып табылады.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

«Сегіз қырлы бір сырлы» Топпен жұмыс.1 топ Христин дінінің таралу кезеңдері

2 топ Діннің айырмашылығы мен ұқсатығы

3 топ Венн диаграммасы

Үйге тапсырма

Әңгімелеу Христиан діні туралы

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім Сабақ 19

Сабақтың атауы

Қазақстандағы христиан мәдениеті

Мақсаты

Әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі – христиан діні туралы және оның бағыттары жайлы түсінік қалыптастыру.

Оқушыларға түрлі танымдық тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту.

Күтілетін нәтиже

Біледі, түснеді және шығармашылық жұмыспен айналасуда пайдаланады

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Әлемдік діндердің бірі – христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен «Інжіл» кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда «Шіркеу тарихы» деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен.

Әртүрлі автордың жазғанынан Евангелий қолжазбаларының өзгергені соншалық, бір-бірінен ажырату немесе бір-біріне қабыстыру мүмкін емес. ІІ ғасырда-ақ христиан идеологтары Евангелийдің түпнұсқасын немесе біркелкі мәтінін анықтауға әрекет жасады. Әртүрлі пікірталастан кейін негізгі үш мәтінді қабылдады. Олар Александриялық Гесихия, Кесарийлік Памфила, Антиохийлік Лукиана мәтіндері.

Христиан дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы – Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді.

Дегенмен, христиан діні – адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Күйзеліс дәстүрлі өндіріс, мемлекет, саясат, идея, сенім түрлерін ыдыратып жіберді. Мұндай дағдарысқа құлдар бұқаралық көтеріліспен жауап берді. Көтерілісшілерді басып тастауға Римнің күші жеткілікті еді. Өжеттерді жазалап, қинап, өлтіріп жатты. Ол кездегі Спартак көтерілісі де қанға боялды. Спартак көтерілісінен кейін құлдардың, езілуші таптың бостандықтан үміті үзілді. Ал, құлдардан басқа жер иеленушілер, саудагерлердің жағдайы өзгеше болды.

Рим империясы Жерорта теңізі бойындағы елдерді өзіне бағындырып, нағыз құл иеленуші болып алған. Олардың қасиетті жерлерін талқандады, дәстүр, әдет-ғұрпын, сенімдерін қорлады.

Римдіктер жаулап алған Шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері, римдіктердің ұсынған ұлттық діндері халықтың көңіліне жұбаныш әкеле алмады. Сондықтан барлығына түсінікті дін қажеттігі туды.

Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.

Келешектің жақсылығынан, «көктен келген құтқарушының» шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Бақылау сұрақтары:

1. Христиан діннінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары.

2. Христиан дінінің құндылықтары.

3. Христиан дінінің Еуропа мәдениеті дамуындағы ролі.

4. Христиан дініндегі адамгершілік мәселесі.

5. Католик діні және Рим папасы.

6. Православия діні.Орыс шіркеуі.

7. Протестандықтардың пайда болуы мен ерекшеліктері.

8.Христиан дінінің Еуропа өркениетіндегі орны.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың бейнелеген жұмыстарын тексеріп талдау, жетістігі мен кемшілігіне тоқталу. Біткен жұмысты бағалау.

Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Сабақтың атауы

Қазақстандағы исламдық сәулет өнері

Мақсаты

Қазақстанның сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты меңгерген оны жатқа біледі, қолданып тапсырмалар орындауға үйренеді

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа

дайындау

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

1-топтың тапсырмасы:

____ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланылған. (Х)

Құйрықтөбе қаласын қазған кезде ертедегі ____орны табылды. (мешіт)

Айша бибі ел аузында сақталған аңыз бойынша шамамен _____ ғасырлар аралығында өмір сүрген ару қыз.(ХІ-ХІІ)

2-топтың тапсырмасы:

Қызылөзен қаласының орнын қазғанда______ бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған.(арыстан)

_____ діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидың ұстазы болған.(Арыстан баб)

Отырардың екінші моншасы қаланың оңтүстік рабад аумағында, қалаға кіре-беріс қақпадан _____ метр жерде орналасқан. (200)

3-топтың тапсырмасы:

Бабаджа-қатын кесенесі ____ ғасырларда салынған(Х-ХІ)

Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында _______ жылдарына дейін жұмыс істеген. (ХХ ғ 60)

Кейбір күмбездердің әшекейленіп жасалуы немесе түскиіздер мен текемекеттегі ____ қолданбалы өнердің дамығандығын көрсетті.(оюлар)

Сәйкестендіру (Берілген сөздерді сәйкестендіру тапсырылады.)

1. Бабаджа қатын кесенесі а) Түркістан

2. Қажа Ахмет Йассауи в) Тараз

3. Арыстан баб с) Шығыс моншасы

4. Айша бибі д) Шымкент қаласы (Ежелгі

Отырар қаласы)

5. Түркістан е) Қарахан

Дұрыс жауаптар: 1-В, 2-А, 3-Д, 4-Е, 5-С;

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Терминдермен жұмыс (берілген терминдердің мағынасын ашу тапсырылады)

Ғаныш- (қолданбалы өнердің құрылыс материалы)

Терракота-(ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын қолданылатын шағын көзе кірпіш)

Мешіт-(мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатыцн қасиетті ғимарат)

Кесене- (діни құрылыс, белгілі бір адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған)

Пантеон-(елдін аса көрнекті адамдарының қабыры, ұлы адамдардың бір жерде жерленген орындары)

Тарихи дерекпен жұмыс (Берілген тарихи деректің дұрыс жауабын табу)

1 – топтың тапсырмасы:

Бұл қала орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең дамыған қалалардың бірі. Ол жерде Арыстан бабтың кесенесі орналасқан. Монғол шапқыншылығы кезінде әлемге әйгілі Ұлы кітапхана қиратылған қала қалай аталады? (Отырар қаласы)

2 – топтың тапсырмасы:

XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнеріндегі ерекше туынды. Ғимарат 1396 – 1404 жылдары шебер Қожа Хасан Ширази басшылығы бойынша Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Орталық залдың төңірегінде әр түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар. Бұл қай кесене? ( Қожа Ахмет Йасауи кесенесі)

3 – топтың тапсырмасы:

Құрылысқа түгелдей қашап өрнек салынған, өсімдік пішіндегі және геометриялық оюлармен өрнектелген терракоталық тақташалармен қапталған. 1893 жылы кесенені бірінші болып, ресейлік шығыстанушы В.В.Бартольд зерттеген. Әңгіме қай кесене туралы айтылып отыр? (Айша бибі кесенесі)

«Сөзжұмбақтар» (Оқушылар өздері алдын-ала әзірлеп әкелген сөзжұмбақтарын

3 топқа жасырады)

1-сөзжұмбақ (Сейткамалов Ернұр)

1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған ұлы адам: (Teмip )

2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс: ( Монша )

3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала: (Отырар)

4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы: ( Арыстан баб )

5. Кесене сөзінің синонимы: (Күмбез)

2- Сөзжұмбақ. (Сайлауова Нұрай)

1.Қожа Ахмет Йасауи ғимаратында ең бағалы ескерткіш қалай аталады?

(Тайқазан)

2. Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан кесене: (Арыстан баб)

3. Тараз қаласындағы моншадан табылған зат: (Сәкі)

4. Алматы қаласында шығыс моншасының жобасымен салынған монша: (Арасан)

5. Ірі мешіт болған мұнара: (Боран)

Картамен жұмыс (картадан сәулет ескерткіштерін көрсету керек)

1.Айша бибі кесені қай қалада оналасқан, картадан көрсет? (Тараз қаласында)

2.Шығыс моншасы қай жерде орналасқан? (Отырар қаласы)

3.Бабаджа-қатын кесенесі қай жерде орналасқан?(Тараз қаласында)

4.Ахмет Йасауи кесені қай қалада оналасқан, картадан көрсет? (Түркістан қаласында)

5.Арасан моншасы қай қалада орналасқан? (Алматы қаласында)

Сабақты бекіту.

1)Екі жұлдыз бір тілек арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысына баға береді.

.2) Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты:Дінтану

Уақыты: 10.03.23ж

Кабинет: 52

Мұғалім Тайтелиева А

Сабақтың атауы

Ислам жазба мәдкниеттерінің ескерткіштері. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқаридың философиялық-ағартушылық және діни көзқарастары

Мақсаты

Оқушылардың дүниетанымдарын, ақыл - ойын, шығармашылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты меңгерген оны жатқа біледі, қолданып тапсырмалар орындауға үйренеді

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа

дайындау

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Білімді адамдар өмір сүретін, мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидаларын талдайды. Бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамдық мораль негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.

Дүниетанымдық және құндылықтық бағдары моральға негізделген. Мораль – бұл адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным. Мораль адамның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Сол сияқты, адамның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым.

Ойшыл қоғамдық қатынастардағы түрлі адамгершілік, білімділік, парасаттылық, батылдық, әділеттілік құндылықтарын қарастырды.

«Құтты біліктің» төрт кейіпкері әдеп пен мораль нормаларын сақтай отырып сұхбатасады. Күнтуды – әмірші, Айтолды – уәзір, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, Оғдүрміш – уәзірдің ағасы, бұл төрт кейіпкер Әділетті, Бақытты, Ақыл мен Қанағатты бейнелейді. Шығарма кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен дүниетанымдық ұстанымы өзара ой бөлісіп, сұхбаттасуы арқылы шығарма авторы философиялық және құндылықтық мәселелерді көтереді.

«Құтты білік» шығармасында биліктің тек адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және соған апаратын жол көрсетілген.

Адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят.

Парасатты, әдепті адамдарға тән жоғарғы қасиеттер – әділеттілік, сабырлылық, мейірімділік және турашылдық. Ойшыл адам бойындағы этикалық құндылықтардың тереңдігінің сыры халықтың құндылықтық ұстанымдарын қадір тұтуынан, ата-бабаның рухани дәстүрін құрметтеп, өмірлік мұрат ретінде қабыл алуынан адамның тектілігі қалыптасатындығын айтады. Қоғамдағы адамдардың теңдігі айқын, алайда, адамдардың алған тәрбиесі мен әдебі әрқилы.

Білім мен ғылымның мәніне зор көңіл аударылады.

Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз,

Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз!

Біліммен ер басын алып жүреді,

Ал, білімсіз басын оққа тігеді.

Білім алып, биіктей бер адам бол,

Ел ішінде мал атанған надан мол.

(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003.115-116 б.).

«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.

Адами құндылықтар қоғам мен адам арақатындағы және тәлім-тәрбиеге қатысты айқындалады.

«Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі ежелгі түркі халқының ұлттық сана-сезімімен қатар, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өмірлік құндылықтарын, ділдік ерекшеліктерін көрсетеді.

Этикалық ізденістеріне мораль қағидалары мейірімділік, әділеттілік, бейбітшілік, достық, жомарттық, сабырлылық, шүкірлік, тақуалық және т.б.

Ел басшысы болсаң егер, жағымды істі кәсіп ет,

Бек қасында адамдарға жақсылықты тасып өт

(Махмұт Қашқари Диуани лұғат ат-түрк // Қазақ халқының философиялық мұрасы. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары: 20 томдық. – Астана: Аударма, 2005. – 5-т. - 164 б).

Қайырымдылық пен жақсылық ұғымдары басшы мен қарапайым адамның өмірлік ұстанымы ретінде суреттеледі. Ықылас бұл адам жүрегі мен имани ұстанымынан туындайтын іс әрекет. Ел билеушісі халықты әділдікпен басқарып, олардың құқықтарын қорғауы керек. Жақсылық жасау бұл адами міндеті.

Түркі тілдес тайпалардың әдебі мен салт-дәстүріне қатысты мақал-мәтелдерде адамның жеке басына қатысты міндеттері, жанұядағы міндеттері, қоғамдағы міндеттері, адам бойындағы жақсы және жаман мінез-құлықтар пайымдалған.

Осы кейіпкерл Имандылық пен тақуалықтың, еркіндік пен ізгіліктің, даналық пен діндарлықтың үлгісін ұсынған. Сопылық философиясының түркілік бұтағының негізін қалаушы ретінде ислам ілімі мен құндылықтарын, ислам ахлағы мен даналығын үлгі өнеге, өсиет ретінде насихаттаған.

Сопылық ұстанымы мен тақуалық жолы дәріптеледі. Адам баласын ислами тұрғыдан кемелденуге, иманын жетілдіруге, парасат пайымын тереңдетуге шақырған сопылық ұстанымдары болып табылады.

Ғашық болсаң ғашық жолына қыл қадам,

Дүниені талақ қылғыл мысал Адхам,

Ақылға ерсең дүние үшін жемеген қам,

Қиямет күні жазаларын берер, достар.

Сыр шарабын ішкен ғашық өзін білмес,

Бұл дүниенің ләззатын көзіне ілмес,

Жүз мың рет кеңес айтса ақыл алмас,

Гүл гүл жайнап өзін білмей жүрер, достар

Жаратушыға деген махаббат адам бойындағы адамгершілік адалдық, мейірімділік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, діндарлық, сабырлылық, жомарттық сынды ізгі қасиеттер арқылы өз мазмұнын байытып, құндылық ретінде ұлықталады.

Адамның өзін-өзі танып және жетілдіру арқылы ақиқатты іздеу жолын және өткінші дүние қызығын тәрк етіп, тақуалық пен кемелділікті ұстануға шақырады.

149 хикмет жыры бар. Сопылық ілімінің басты ұстанымдары: шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқат сынды мақам жолдрдан тұрады, кемел адамды қалыптастыруға бағыталады. Йасауи «Кім өзін білсе, Хақиқатты танығаны» - деп, нәпсіні тізгіндеуге шақырады. ерге постер жасап түсінік береді

  • Шығармашылық жұмыс: . Ақылдың алты қалпағы арқылы қорытынды пікір айтады.
  • Топтық жұмыс

І топ Филосфтардың ді өмірмен байланыстыр.ІІ топ Тақырыптарымен жұмыс Тіл жүйрігін шешен дейміз.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

3топтан 3 бала 3 конвертті алып ашады.Ішіндегі тақырыпқа байланысты ертегі мазмұнына сәйкес сурет салады.Міндетті түрде ертегі мазмұнымен танысып алады.

.Жоба қорғау.

-әр топ бір-бірінің тапсырмаларын бағалайды.

Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Бейнелеу өнері

9 сынып 22 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

ХІХ-ХХ ғасырлардағы дін ғұламалары Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Абай мен Шәкәрім діни мұралары жайлы түсінік беру.

оқушының ұлылар ойының тағылымды бағыттарын танып-біліп, өзіндік пікірін қалыптастыруға жол ашу.

Күтілетін нәтиже:

Тақырыптың мағанасын түсінеді, шығармашылық тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді

.

.

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

АКТ қолдану,

Білім беру және білім алудағы жаңа тәсілдер.

Керекті жабдықтар;

Сурет альбомы, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, маркерлер, ресуср парақшалары.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

Мұғаліммен амандасады

Кезекші жоқ оқушыларды айтады.

Психологиялық дайындық

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Оқушылар орындарынан тұрып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мағынаны тану:

  • «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
  • Сұрақ- жауаптар пайдалану

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады.

Жаңа сабақ:

Ұлы ақындар Абай мен Шәкәрімнің мұсылмандық жөніндегі ой-пікір, ұстанымдарымен танысамыз.

 Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ халқының ойшылы, ақын.

 Абай шығармашылығы – мұсылман дінінің көкейкесті, зәру мәселелеріне арналған құнды туынды. Оның Ислам дінінің негіздері, оларды түсіндіру, насихаттау жөніндегі жиған тергендері өзара тығыз байланысқан сан-саласы тақырыптарды қамтиды.

 Абай пайғамбарларға, әулиелерге, хакімдерге тән әділеттілік, шапағаттық, ғылымды сүю сияқты ізгі қасиеттер әр адам бойында табылу керек деп біл деді.

 Абай – қазақ әдебиеті мен поэзиясын жан-жақты жетілдіріп, жаңа сапаға көтерген, ой-санада зор серпіліс жасаған жасампаз тұлға, ойшыл дана.

 Абайдың осы саладағы игі дәстүрін одан әрі жалғастырып, жандандыра түскен шәкірті Шәкәрім болды. 1911 жылы Орынборда Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» еңбегі басылып шықты. Шәкәрім бұл еңбегінде Ислам дінінің басты қағидаларын, иман ғибадаттарын қазақ тілінде қарапайым халыққа түсінікті қылып жазып шығуды мақсат етеді. Онда ол ең әуелі иман шарттарына итоқталған. Алла Тағаланың барлығына, бірлігіне ақылмен ойлап иман келтіруге ерекше мән береді.

 Абай мен Шәкәрімнің шығармаларындағы діннің басты қызметі, олар адамның бақытқа жетуі үшін қандай жол ұсынғаны, сезімнің, иманның өресін қалай белгілеген, ғибрат сөздері, жүрек ұғымы туралы айта отырып иақини иман, тақлиди иман, ғақлия, нақлия сөздерінің мағынасын түсіндіре кету.

 Мысалы: иақини иман – Құдайдың бар екеніне шын сену, ғақлия – ақылмен не оймен түсіну, нақлия – дәстүрге сүйенген ғылым, дәстүрлі сөздер.

  • Оқушыларға берілген жаңа білімді, жаңа іс-әрекет тәжірибесін бекіту. Оқушылар Абай мен Шәкәрім ойларына өздері түйгендері мен жеке пікірлерін ортаға салады.
  • Оқушыларды меңгерген жаңа білімі мен іс-әрекет амалдарын шығармашылық жағдайда пайдалануға баулу. Абай мен Шәкәрімнің қара сөздері мен өлеңдерін ұсынып, ой қозғау.
  • Оқулық тапсырмаларымен жұмыс жасау:
  • Абай Алланың барлығын, бірлігін қалай дәлелдейді?
  • Абай жастар дінінің қай іліміне назар бөлсе деп армандады?
  • Шәкәрім Алланың сипаттарынан қандай ғибрат береді.
  • Олар адамның бақытқа жетуі үшін қандай жол ұсынады.
  • Қос ақынның шығармаларындағы құнды пікірлер деп нені атар едіңдер?

Тақырыпты кестені толтыру арқылы тұжырымдаңдар.

Ақындар ойы

Өз ортасына әсері

Бүгінгі жастар пікірі

  • Оқушылардың білім сапасын бақылау. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі бағаланады.
  • Оқушыларғаүй тапсырмасын орындауға нұсқау беру. «Абай, Шәкәрім мұсылмандық ізгілік турасында» атты шағын эссе жазып келу.
  • Сабақты қорытындылау жұмыстары аралық рефлексия арқылы бүгінгі сабақта оқушы нені біліп, нені меңгергендігі, тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлардағы осы білімнің қажеттілігін сезінуге бағыттау.

 Бүгінгі Қазақстан жастарына ең алдымен ар-ожданын түзеу, ой еркіндігін қалыптастыру керек. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев:

«...Егер біз мемлекет болғымызх келсе өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», - деп мемлекеттіліктің тұғыры етіп мәдениетті, ал мәдениеттің бастауы ретінде ділді, даналықты көрсетіп отыр.

 Яссауи ілімі адамды ішкі еркіндікке жетелейтін, ар түзейтін ілім деп бағаланады.

Өз хикметтері жөнінде:

 «Менің хикметтерім Алладан пәрмен, оқып ұққанға бар мағынасы – Құран», - дейді. Адам жанын жақсылыққа құмар ету үшін ол ішкі жан дүниесін үнемі тәрбиелеп отыру керек. Яссауи хикметінде сол тәрбиенің қалай жасалу керектігі баяндалады.

Ал Абай жастарды өзі армандаған армандаған адамгершілік қалыпта көргісі келді. Ол үшін құранның рухани мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуге ондағы адам мәселесін зерделеудің маңызы зор деп білді. Алла Тағаланы уағыздауда және оның мұсылман адамына арқау еткен парыздары туралы «Алла деген сөз жеңіл», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері мен қара сөздерінде жан-жақты айшықтайды.

 Шәкәрімнің 1911 жылы Орынборда басылып шыққан «Мұсылмандық шарты» еңбегі бүгінгіге қажетті ғылыми мұра саналады.

«Азды ұқсаң, бұл сөзді анықтап ұқ,

Иеңдей болам деме, иеңе ұқса.

Тәңірің – таза, болып бақ, сен де кірсіз,

Әлің келсе, менен қаш, Иең мінсіз.

Бұл құдайдай боламын деген емес,

Сөзімнің түбін ұқпай деме, дінсіз.

Алланың пендесіне рақымы мол,

Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол

Ол жаратты, сен дағы жаратып бақ,

Бардан барды шығарсақ болады сол.

Керексізді қылмайды Иең-дағы,

Мен де сүйтем деп қара, сен де тағы»-деп зорлық,алдау, мансапқорлық, мақтанқұмарлық, мейірімсіздік қатыгездік сияқты, т.б. жаман мінезден арылуды ұсынады.

 «Кодекс куманикус» қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, 164 беттен құралған қолжазба күйінде бізге жеткен. Ондағы адамгершілік қатынасқа негіз болған заң жолдарында былай делінген:

Тәңірді бәрінен биік сүй!

Тәңірдің атымен ант ішпе!

Ұлық күнді әлпеште!

Атаңды, анаңды құрметте!

Кісіні өлтірме!

Ұры болма!

Ыржақай болма!

Жалған куәлік берме!

Өзге кісіге күндестік жасама!

Сенің өз бауырың – адамды сүй!

(Әдеби жәдігерлер, 6-том).

 Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап елде дін еркіндігіне жол ашылды. Әркімнің өз ата-бабасынан келе жатқан дәстүрлі дінін ұстануына мүмкіндік берілді. Бұл елдің басты заңы конституцияда белгіленді.

Елде дінге еркіндік берілуіне байланысты әртүрлі діни ағымдардың көбеюіне жол ашылды. Оның ішінде жалпы азаматқа ортақ ізгі құндылықтарды негіз еткендері де, сол секілді дін атын жамылып өз мақсаттарын іске асыруды көздейтін теріс пиғылды ұйымдар да кездеседі. Сондықтан осындай ұйымдардың қазіргі жастардың санасын улап, өз ұйымдарына кіруге әрекет жасады.

 Дүниеге көзқарастың бір тармағы – дін. Дінді «апиын» деп түсініп, көп нәрседен мақұрым, жұрдай болғанымыз рас. Меніңше, адам сенімі - өмір тұтқасы болуы керек. Әйтпесе, өмірдің қажеті бар ма?

 Сенім негізінде адамның дүниетанымы қалыптасқаннан кейін адамдар одан қажетін сұрады, тіледі, құлшылық етті, дәріптеді, Жаратушыға қарсы келуге қорықты.

Дін ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Дін – адам жанының азығы. Дүниежүзіндегі қай дінді алып қарасақ та, оның бәрі жеке адамға, қоғамға, ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармауға тыйым салады.

 Дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуына үлкен әсер етеді. Өйткені, дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайды. Мұндайда қылмыстар мен күнәлі істер азаяды. Діннің әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімділігінің азаюына, адамгершілік пен әділдіктің жоғалуына әкеледі. Қоғамда тәртіп бұзылады, оны жөнге келтіру өте қиын. Тәртіп адамның жүріс-тұрысын, іс-әрекетін реттесе, дін адамның ішкі жан дүниесін реттейді. Осылайша қоғамда тепе-теңдік орнайды.

 Қазақ топырағынан шыққан көрнекті ойшылдар мен ағартушылар әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Абай, Шәкәрім, Ы.Алтынсарин діннің адамның ішкі дүниесінің мәнін түсінудегі, қоршаған табиғи және (рухани-адамгершілік) қоғамдық ортамен оның үйлесімді дамуындағы гуманистік және рухани-адамгершілік мағынасын ашып береді. Біздегі діни тәрбиенің жеткіліксіздігі.

Сергіту сәті:

«Сиқырлы түстер» ойынын ойнату.

Жылы түстерді айтқанда қолдарын жоғары көтереді.

Суық түстерді айтқанда қолдарын төмен түсіреді.

Оқушылар қимылдарды жасайды.

Топтық жұмыс:

1.Топпен жұмыс.

Сұрақ –жауап әдісі.1 Абай туралы ойлар

2 топ Шәкәрім туралы ойлар

3 топ Венн диаграммасы

Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды, кесенелер жайлы өз түсініктерін айтып береді.

Әр топ келесі топтың жұмысын толықтырып отырады.

Практикалық жұмыс:

1.Шығармашылықпен жұмыс.

«Мен дінді қастерлеймін» тақырыбында эссе жазу.

2. «Галерея аралау» әдісі.

Оқушылар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Оқушылар суреттерді салады.

Бір-бірінің салған суреттерін қарап артық кемшіліктерін айтады.

Қорытынды:

1.«Аялдама әдісі бойынша жаңа сабақты бекіту.

Балалар, бүгін біз жаңа тақырыпты меңгердік деп ойлаймыз, сабаққа белсенді атсалысқан , эссені сауатты жазған оқушыларға жақсы бағалар қойып шығамыз.

1.Сұрақтарға жауап береді.

.

3.«Кім жылдам» ойынынан кесенелер аттарын сызып табады.

Үйге тапсырма:

«Дін менің болашағым» тақырыбында сурет салып келу.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Рефлексия:

Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Білемін

Білгім келеді?

Білдім

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.

Б-Б-Б кестесін толтырады.

Бағалау:

Қорытынды, жиынтық бағасын шығару.

Оқушылар бағаланады.

Сынып: 9 а,ә Күні: 29-31.03.23ж пән мұғ:

Пәні: Дінтану негіздері

Сабақтың тақырыбы: Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшеліктері

Сабақтың түрі: Жаңа сабаты меңгеру, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, тест жұмыс.

Пәнаралық байланыс: дүние тарихы, география, математика ,орыс тілі

Негізгітүсініктер:

1.Миссионерлік

2. Идеологиялық ваккум

3. «Інжіл(Библия)», «Ислам»,Миссионерлік,

4.Дәстүрлі діндер.

5. Дәстүрлі емес діндер

Өткен сабақпен байланысы: Қазақстандағы католиктік. Тәуелсіз Қазақстандағы протестанттық.

Бағалау:

І.Бақылау

ІІ. Жұмысты оқушылар формативті бағалау бойынша бағалап отырады.

ІІІ.Сапалы білімді жиынақтап бағалау

Көрнекіліктері: Әлемдік діни ескерткіштер, флипчарттар,стикерлер, ҚР бейбітшілік пен келісім сарайының суреті, интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, формативті бағалау кестесі және т.б.

Өлшемдік ойлау қабілеті: 9

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндерден айырмашылығын көрсете отырып, жалған діни ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру.Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін жандандыру.Күті летін нәтиже:

Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;

-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді;

Критерий бойынша формативті бағалау.

Формативті бағалау нормасы:

2-3- балл жинағандар бағасы «3»

4-5- балл жинағандар бағасы «4»

5-6-балл жинағандар бағасы «5»

Уақыты ж\е барысы

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру

3 минут

Сабақтың барысымен танысу:

Білу: 2минут

Қолдану: 5минут

Түсіну: 5 минут

Талдау: 8минут

Жинақтау:10минут

Қортындылау 7минут

Бағалау

3минут

Рефлексия 2минут

Сабақтың бөлімдері: І. «Менің пікірім» деп аталатын бөлімде оқушылар бейнебаян(ҚР католик дініне байланысты интернеттен бейнебаян) тыңдап өз ойларын ортаға топ болып флипчартқа түсіріп, қорғайды (Білу) СТО

ІІ. «Ой -танымдық сұрақтар» оқушылар арасында сұрақ - жауап (Қолдану) (ООЖТ) (диалог бойынша)

ІІІ. Жаңа сабақты жоспар бойынша оқулықтан оқып түсініктерін жинақтап ортадан бір оқушы жауап береді ( Түсіну) (АКТ, СТО)

І\/.Жаңа тақырып бойынша түсініктерін талдау мақсатында кестемен жұмыс жасайды(Талдау)

\/.Бекіту: «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» «Ой толғау» Кілт сөздермен жұмыс: дәптерге орындау(жинақтау)

VI. Қорытынды: Алған білімді нақтылау мақсатында.топтар арасында сұрақ - жауап . (Қорытынды)

\/ІІ.Үйге тапсырма беру

\/ІІІ. Бағалау

ІХ. Рефлексия

Сабақтың барысы: Оқушылармен :

Сәлем сөздің анасы, сөз сарасы дегендей бір амандасып алайык.

Мұғалім шаттық шеңбер құрып, оқушыларды стикердегі жазылған сөздер арқылы топқа бөледі. Топ оқушылары стикерлердегі сөздерге байланысты топтың атын шығарады. Стикердегі сөздер: Азаттық, Теңдік, Бостандық

Сабаққа назарын аудару мақсатында мұғалім бір оқиғадан ұзінді айтады, сол оқиғаның қалай аяқталғанын сабақтың соңында оқушылар өз пікірін білдіре отырып, стикермен бірге жапсырады. (Жаңа тақырыпқа байланысты жаңалықтардан үзінді)

І. «Менің пікірім» деп аталатын бөлімде оқушылар бейнебаян(ҚР католик дініне байланысты интернеттен бейнебаян) тыңдап өз ойларын ортаға топ болып флипчартқа түсіріп, қорғайды (Қолдану) СТО

«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз» - деп, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөздерімен бүгінгі сабақты бастағалы отырмын. Мына бейнебаянда не көріп тұрсыздар?

1.Қазақстанда қанша ұлт пен этнос өкілдері мекендейді?

2. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында?

3. Қазақстанда неше конфессия бар?

4. Әлемде қандай діндерді білесіңдер?

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осыған байланысты «Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшеліктері». Әлемдік және ұлттық діндер ұзақ әрі бай тарихи кезеңнен өткен. Бұл діндер көптеген жүзжылдықтар, тіпті мыңжылдықтар бойы халықтың бүкіл тарихымен, мәдениетімен, рухани өмірімен, салт – дәстүрлері және әдет – ғұрыптарымен тығыз байланыста болып келген.

ІІ. «Ой -танымдық сұрақтар» (Қолдану) (ООЖТ) (диалог бойынша) (Әр оқушы келесі топтарға бір сұрақ қояды)

ІІІ. Жаңа сабақты жоспар бойынша оқулықтан оқып түсініктерін жинақтап ортадан бір оқушы жауап береді ( Түсіну) (АКТ, СТО)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діндердің айырмашылығы. Жауабы: біреудің ала жібін аттама, адал бол, кісі ақысын жеме, өтірік айтпа,

сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік т.б. ал дәстүрлі емес діндер немесе терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет.

(дәстүрлі емес діндер, дәстүрлі емес табынушылар) - XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған, әлемдік дін дердің басты принциптерінің синкретизм идеяларына негізделген, қүрылымдық түрғыда дәстүрлі (әлемдік және үлттық) діндерге оппозициядағы жаңа конфессиялар. ЖДҚ-дың қалыптасуы, бір жағынан, дәстүрлі христиандық идеяларды модернизациялаумен байланысты болса (мысалы, мормондар іліміндегі - Иса пайғамбардың соңғы күндердегі Әулиелер шіркеуі жөне Иегова Куәгерлері), екінші жағынан, ЖДҚ-да батыстық және шығыстық дәстүрлі діндердің (мысалы, Бірігу Шіркеуі; Кришна санасыныңХалықаралық одағы; Аум Сенрике және т.б.) қосылып, бірлесуі себеп болуда. Онымен қоймай, ЖДҚ-ға діни және ғылыми менталдылықты бірлестіру, сөйтіп, діни мифологияның жаңа түрін (мысалы, халықаралықсайентологиялық шіркеу, Ресейдегі пүтқа табынушылар қозғалысы) қалыптастыру тән. ЖДҚ дамуының басты ісі - дәстүрлі діни қүндылықтарды киесіздендіріп, қазіргі ғаламдық мәселелерге жауап бере алатын жаңа жүйелерді қасиеттендіруге талпынуында: Шығыс пен Батыстың арасындағы дәстүрлі шекараларды бүзып, әлемдік діндерді біртүтастандырып, сонымен қатар, ғылыми және діни қағидаларды синтездеу арқылы адамзат табиғатын қайта қүруға тырысу. ЖДҚ идеологиясы мен тәжірибесі әлемді тануда қарапайым жолдарды іздестіретін қазіргі адамдардың талаптарына бағытталған ықшамдылығымен, қарабайырлығымен ерекшеленеді.

ІV.Бекіту: «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» «Ой толғау» Кілт сөздермен жұмыс: дәптерге орындау

1.Миссионерлік

2. Идеологиялық ваккум

3. «Інжіл(Библия)», «Ислам»,Миссионерлік,

4.Дәстүрлі діндер.

5. Дәстүрлі емес діндер

VI. Қорытынды:Алған білімді нақтылау мақсатында топ аралық сұрақтар қойылады. (Әр топ бір сұрақтан қояды) (Қорытынды) (Диалог)

VII. Үйге: §14. Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері тақырыбына эссе жазу.

VIII. Бағалау:Топтың жеке бағалау кестесі бойынша бағалаудың қорытындысын оқушылар жариялайды.

ІX. Рефлексия : (инсерт стратегиясы бойынша) ББҮ кестесін толтырады

Рефлексияны «Өмір ағашы» деп аталатын ағаш макетіне жапсырады.

Мұғалім сабақтың мақсатын айтады, сәлемдеседі.

Сабақтың барысын жариялайды

Мұғалім шаттық шеңберді ұйымдастырады.

Топқа бөлінгенін қадағалайды

Флипчартты орындап жатқандарына бақылау жасайды

Оқушылардың флипчарттарын тексереді

Мұғалім әр бөлімнің тапсырмаларын түсіндіріп отырады

Оқушылардың тапсырманы орындап отырғанын бақылап жүреді.

Мұғалім жиынтық бағаларды қояды Оқушылардың бағаларын жинақтап, журналға қояды, үй тапсырмасын жариялайды

Оқушы

лар сабақтың мақсатын, барысын тыңдайды

Сабақтың бөлімдерімен танысады

Оқушылар талқылауға қатысады

Интербелсенді тақтадағы бейне баянды тыңдайды

Оқушылар мұғалім айтқан тапсырманы мұхият тыңдап орындайды

Оқушылар әр жауап бергендеріне топтық бағалау кестесіне балл алып өздері балдарын есептеп отырады

Жаңа сабақтың тапсырмаларын орындауға кіріседі

Оқушылар тақырып қорытынды жасайды.

Оқушылар тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды.

Оқушылар әр жауап бергендеріне балл алып, өздері балдарын есептеп отырады

Оқушылар өздерінің бағаларын есептейді

рефлексия бойынша стикерлерге нені білетінін, білгенін, үйренгенін жазып іліп қояды.

Дін тану

Күні;5.04.23ж

Сыныбы:9а,ә

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері және зардабы

Сілтеме

Сабақтың жабдығы

Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

. Оқушыларға дәстүрлі емес діни культтар, экстремистік және лаңкестік ұйымдар туралы терең білім беру, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларға тақырып ауқымында тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси сауаттылыққа баулу.

Күтілетін   нәтиже

. Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.

Әдіс- тәсілдер

. Миға шабуылФ

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жигсо» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада топпен жұмыс жасату

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізді дамушы және дамыған елдерден ерекшелігі, ол – қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуы. Соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі болды. Бір жағынан – бұны жақсы хабарға баласақ, екінші жағынан –дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйіттер алаңдатады.

Осыған орай, еліміздің жарқын болашағын қалаушы – жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән-мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндарын ашып көрсетіп, оларға қысқаша тоқталуды мақсат еттік.

Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың/топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады. Бұл деструктивті ағымның радикалды идеологияны таратудағы мақсаты екі түрлі: бірінші – заңсыз жолмен пайда табу; екінші – мемлекет мүддесіне нұқсан келтіріп, билікті басып алу.

Бүгін де, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтынжат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім. Мұндай түрлі жат ағымдардың жетегіне ерген жас азаматтарымыз балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдауына – қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және туға құрмет көрсетуді харам дейтіндер де бар. Осындай бір ағымдардың теріс пиғылды уағыздарының салдарынан еліміздегі кейбір ұл-қыздарымыз отбасы мүшелерінен, үй-меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз-өзіне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды.

Айта кетерлік жәйт, деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастарды, жалпы адамдарды қоғамға қайтару аса қиынға соғады. Себебі олардың сана-сезімдерін уландырғаны соншама, олар кірген жат ағымның «көсемі» не айтса, соны екі етпей орындайтын жанды роботқа немесе сарбаздарға айналады.

Осындай қателіктерге жастарымызды ұрындыратын ең басты себеп – ара жікті ажырата алмау салдарынан ғаламтор кеңістігіндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіру, діни сауатсыздық, отбасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктер және тәрбиенің жеткіліксіздігі.

Қазіргі таңда, уәкілетті мемлекеттік органдардың деструктивті ағымдарға қарсы белсеңді күрестері мен алдын алу шаралары нәтижесінде көптеген радикалды сайттарға тосқауыл қойылып жатыр, сондай-ақ еліміздің түрлі оқу орындарында жас өспірімдердің діни сауатын арттыратын арнайы ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен оқу-ағартушылық сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның және ҚР МСМ Дін істері комитетінің бастамасымен әр алуан ағартушылық сайттар мен порталдар іске қосылды, әр қилы деструктивтік ағымдардың салт-дәстүрімізге, дінімізге және ділімізге тигізетін зардаптары жайлы тиісті органдар мен дін өкілдерінің қатысуымен республикалық және аймақтық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында (телеарналарда, газеттерде және т.б.) арнайы сұхбаттар жүргізілуде.

Қандай белігілері бар екені турасында қысқаша тоқталайық.

Біріншіден жаңадан ұйымға кірген адам белгілі дәрежеде сол топтың мүшелерінің психоло­­­гиялық қысымына ұшырайды. Ол осы жерде дәстүрден тыс діни ағымдардың «махаббатына бөленеді». «Құдай сені жақсы көреді, сен асқақ арман-мақсаттарды бағындыратын таңдаулылардың бірісің. Бізден басқа әлемнің барлығы дінсіз, күнәға белшесінен батуда» деген сияқты нәрселерді құлағына құяды. Топтасып ән шырқау, бір-бірімен төс қағыстырып құшақтасу, мадақтау сияқты кішкентай балаларды алдайтын тәсілдердің барлығы ұйымда кеңінен қолданылады. Сөйтіп, діни таным түсінігі қалыптаса қоймағандар арасында осындай «бақытты отбасының» бір мүшесіне айналуға деген құштарлығы күшейе түседі.

Екіншіден, дәстүрден тыс діни ағымдар мүшелері қоршаған ортасынан іргесін аулақ салып, өз бетінше бөлек өмір кешеді. Ал қоғамнан қол үзген адамның уақыт өте келе «ұстазының» айтқандарының анық-қанығына ой жүгірту, оны шынайы өмірмен салыстыру мүмкіндігінен айырылатыны түсінікті жәйт.

Үшіншіден, қауіпті діни ұйымдарда мүшелерінің ойлау қабілетін тежейтін түрлі әдістемелер қол­данысқа ие. Мәселен, бір сарынды әндерді жиі шырқату, бір қимылдарды үнемі қайталатудың ақыры адамды психологиялық тәуелділікке ұрындырады.

Төртіншіден, «отбасында құпия болмау керек» дегенді желеу еткен «ұстаз» «шәкіртіне» жасаған күнәларын мойындатып, арылуға «көмектеседі». Ішкі сырларын жайып салғаннан кейін өзін күнәһар жан ретінде сезінген шәкірттің бойында қорқыныш, үрей күшейе түседі.

Бесіншіден, рухани тұрғыда шынығу үшін ұйқыдан бас тартқандар мадақталады. Тоя тамақтанбау рухани тұрғыда жетілуге көмектесетін диета деп саналады. Сондай-ақ, ұйымға жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қорытуына мүмкіндік бермеу үшін ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, дәстүрден тыс діни ұйым санатына қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады.

Дәстүрден тыс діни ұйым шырмауына ұшыраған адам өзін қалай сезінеді? Ол адамның көкірек көзі ашылып, ақиқатқа көз жеткізгендей, Құдайдың нұрын сезінгендей күй кешіп, бойында жаңа психологиялық қасиеттер дами бастайды. Қарапайым тілмен айтар болсақ, дәстүрлі емес діни ұйымдардың алдап-арбауының салдарынан сәби қалпына қайта оралғандай күй кешеді. Ол өзінің бұрынғы қадір-қасиеттерін тәрк етіп, сол ұйымдарға ұнамды бейнені қабылдайды. Уағызшыларының айтқаны ол үшін бұлжымас қағидамен тең болады. Кейбір ұйым жаңадан қосылған мүшелерінен табыстарының бір бөлігін беріп тұруды және барлық жиған-терген мүлікте

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Топтық жұмыс

1 топ Дін ағымдардың пайда болуы

2 топ Теріс пиғылды діни ағымдардың ортаға тигізетін әсері

3 топ Оның зардаптары

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Рефлекция  

сұрақ-жауап) (3 мин)

  • Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
  • Өзім турал не білеміз?
  • Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Дін тану

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет сабақ 25

Сабақтың атауы

Тыйым салынған діни ұйымдар

Мақсаты

Оқушыларға тыйым салынған экстремистік ұйымдардың көздеген

мақсаттарын ашып көрсету және соларға тыйым салынған заңдармен

таныстыру.

Оқушылардың діни сауатын аша отырып, ізденуге дағдылау

және ораторлық қабілеттерін дамыту.

ККүтілетін нәтиже

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,

өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды

Топқа бөлу

Мозайка арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ыстық орындық» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, ән айту арқылы пысықтайды.

Мағынаны тану

  Оқулықтағы тапсырманы орындау.

2006 жылғы қазанда ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен келесі халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, олардың Қазақстан территориясындағы қызметіне тыйым салынды.

Кейін Астана қаласы сотының шешімімен сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами», «Аум Синрике» және Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы ұйымдарының қызметіне тыйым салынды.

Көріп отырғанымыздай, аталмыш «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдар халықаралық террористік құрылымдар болып табылады, олардың қызметі көбінесе Қазақстанның айналасына, көрші елдерге қарсы бағытталған болатын. Бұл жағдай олардың бізден гөрі сыртқы елдерге төніп тұрған қауіп-қатер екенін растағандай болды.

Осы тұрғыда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып, терроризм мен әкстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты және дамытып келеді.

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат

Қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында тыйым салынған террористік және әкстремистік құрылымдармен бірге, төмендегі діни ұйымдар да әрекетіне тыйым салынған болып табылады:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1) «Аль-Каида»,

2)«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»,

3) «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»,

4) «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»). 2. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

1) «Асбат аль-Ансар»,

2) «Братья-мусульмане»,

3) «Талибан» қозғалысы,

4) «Боз гурд»,

5) «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар»,

6) «Лашкар-е-Тойба»,

7) «Әлеуметтік реформалар Қоғамы».

3. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

1) «АУМ Синрикё»,

2) «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы».

4. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

«Түркістан ислам партиясы»

5. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

«Хизб-ут-Тахрир»

6. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен:

Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата), ол «Алла-Аят» деген атауға ие;

7. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен:

«Ата жолы» және «Ақ жол» ұйымдары;

1. «Аль-Каида» - әртүрлі елдердің соғысқұмар адамдары қаржыландыратын және қызметіне бағыт беретін халықаралық ұйым

Құрылған күні мен орны: 1988 жылы, Ауғанстан

Негізін қалаушы: Осама бен Ладен

«Аль-Каеданың» басты мақсаты: мұсылман елдеріндегі «шіріген» және «еретикалық» басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату болып табылады. «Аль-Каеда» антибатыстық радикалды бағытты ұстанады және Американы исламның басты жауы деп санайды.

2. «Алля - Аят» - аккультті сипаттағы қауіпті ілім. «Күн шапағымен» емделу (күнге қарап ем алу)

Басқа атауы: "Аят" Фархата ата, «Фархата Ата тобы».

Құрылған жылы: 1990, 1995жж.

Негізін қалаушылар: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғындары, Алматы облысының колхоз шопыры Абдуллаев Фархат Мухамедұлы және оның әйелі.

3. «Асбат аль-ансар» - маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым

Басқа атауы: “Партизан лигасы”

Құрылған күні мен орны: 1989 жылы, Әйн аль-Хильведе

Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди

Басты мақсаты: Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды батыстық ықпалдан қорғау. Ол Аль-Каедамен тікелей байланыста және оған кадрлар жеткізіп тұруға міндеттенеді. 2000 жылы «Асбат-аль-Ансар» Бейрутта Ресей елшілігін гранатеметпен атып тастады. МакДональдс рестораны мен БАҚ редакциясына шабуыл жасады.

4. «Аум-Синрике» («Алеф») – антиәлеуметтік бағытты ұстанған қауіпті тоталитарлық әкстремистік дін,

Басқа атауы: "Движение истины Аум", «Алеф».

Құрылған күні мен орны: 1984жыл, Жапония.

Көшбасшысы: - Секо Асахара (қазіргі таңда - Тидзуо Мацумото)

Басты мақсаты: биліккке ұмтылу. Әскерилендірілген ұйым. Дін өте құпия, әзотериялық сипатта құрылған.

Қылмыстық әрекеттері:

- 1995 жылы 20 наурыздағы «Аум Синрике» Асахараның тікелей бұйрығымен Токиоға газбен шабуылы, (12 адам өліп, 5000 адам зардап шекті).

- 1995 жылы 22 наурызда «Аум» ғимаратында 50 адам қоршалып, ессіз күйінде табылды.

- 1995 жылы 16 мамырда жапон полицейлері Секо Асахараны тұтқындады. 2004 жылы сот Асахараны кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.

- 2006 жылы 15 қыркүйекте Жапоняның Жоғарғы соты соңғы аппелациядан бас тартты. Қазіргі таңда үкім орындалған жоқ. Әлі күнге дейін 17 бап бойынша тексеру жұмыстары жалғастырылуда.

5. «Боз Гурд» - түрік әскерилендірілген ұйымы.

Басқа атауы: (азерб. Boz Qurd, тур. Boz Kurd), “Серые волки”.

Құрылған күні мен орны:1965-70 жж

Негізін қалаушы: полковник Альпарслан Түркеш

Басты мақаты: туранизм – түркі халықтарының біріккен мемлекетін құру. Бүгінгі таңда Европа, араб елдері, ТМД-да – 30 000 мың мүшесі мен 80 филиалы бар.

6. «Братья Мусульмане» - халықаралық діни-саяси террорлық ассоциация.

Басқа атауы: (араб. الإخوان المسلمون‎‎, Аль-Ихван аль-Муслимун)

Құрылған күні мен орны:1928жыл наурыз, Исмаилия (Египет)

Негізін қалаушы: оқытушы Хасан аль-Банна

Негізгі мақсаты: исламдық емес үкіметті жою және әлемдік масштабта «Ұлы Ислам халифаты» деп аталатын билікті құру.

7. «Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар» - халықаралық терроистік ұйым.

Басқа атауы: «Исламдық джихад тобы»

Негізін қалаушылар: «Өзбекстанның исламдық қозғалысы» жауынгерлері

Басты мақсаты: Өзбекстан территориясында террористік акциялар ұйымдастыру және елдің конституциялық құрылысын қирату.

8. «Шығыс Түркістанның исламдық партиясы» - халықаралық террористік ұйым.

Басқа атауы: "Исламское движение Восточного Туркестана", "Партия Аллаха", "Революционный фронт народов Восточного Туркестана"

Құрылған жылы: 1998

Негізін қалаушылар: Айсан Махсум и Абудукадир Япуцюань

Басты мақсаты: Қытайды террористік әдіспен қирату, Шынжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады.

9. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» - бірден-бір қауіпті халықаралық террористік ұйым.

Басқа атауы: «Исламское движение освобождения Узбекистана», «Партия исламского возрождения»

Құрылған жылы: 1996

Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев

Басты мақсаты: Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Олар "Аль-Каеда", "Талибан", "Хизб ат-Тахрир", "Братья-мусульмане" және т.б. ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ұйым көшбасшылары елдің конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді.

10. «Күрд Халық Конгресі»

Басқа атауы: «Конгра Гел», «Рабочая партия Курдистана»

Құрылған күні мен орны: 27 қараша 1978

Қозғалыс көшбасшысы: Абдулла Оджалан

Негізгі мақсаты: Қарулы күрес арқылы Түркияның оңтүстік-шығысында күрд мемлекетін құру. 1998-1999 жылдары Алматыда күрд диаспорасының көшбасшылары мен белсенділері антитүріктік бағытқа әкстремистік акция ұйымдастырды.

11. «Лашкар-и-Тайба» - Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан) әскерилендірілген әкстремистік суннитік топ.

Басқа атауы: «Армия Бога», «Вонство добра», «Армия Справедливого».

Құрылған күні мен орны: 1980, Кунар провинциясы (Афганистан)

Негізін қалаушы: профессор Хафиз Мухаммад Саид.

сты мақсаты: әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтарға әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу.

13. «Шығыс Түркістанды азат ету қоғамы» - Шығыс Түркістанда едәуір белең танытқан террористік ұйым.

Басқа атауы: "Шығыс Түркістанның халықтық партиясы", «ШАТ»

Құрылған күні: 1994

Қозғалыс көшбасшысы: Майматин Айзлат

Басты мақсаты: ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында жеке мемлекет құру, қытай билігімен қарулы қақтығыс жүргізу.

14. «Талибан» қозғалысы – қашқын-пуштундарға арналған діни училищелерді (медресе) бітірген түлектерден құрылған ультраконсервативтік исламдық қозғалыс

Құрылған күні мен орны: 1989 жыл, Пәкістан.

Негізін қалаушы: молда Мухаммед Омар.

Қозғалыс орталығы: Кандағар қаласы (Ауғанстанның оңтүстік-шығысы)

Басты мақсаты: «Шынайы исламдық» мемлекет құру және ауған моджахедтарының барлық әскери-саяси топтарын Б.Раббани үкіметіне қарсы бағыттау.

15. «Хизб-ат-Тахрир-Аль-Ислам» - сунниттік діни-саяси әкстремистік ұйым.

Құрылған күні мен орны: 1953 жыл, Иерусалим, египеттік филиалы ретінде құрылды.

Негізін қалаушы: жергілікті шариғаттық апелляциялық соттың судьясы Такиуддин ан-Набхани Филасин.

Көшбасшысы: Ата Абу Рашта, Абдул Кадим Заллума ізбасары

Басты мақсаты: бірінші – Палестинадағы сионистік әкспансияға қарсы тұру, өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап – исламдық өмір бейнесін және исламдық мемлекетті қалпына келтіру.

Таблиғи жамағат (араб.: جماعة التبليغ‎, урдуша: تبلیغی جماعت‎, «(дін) тарату жамағаты»)— Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған.

Топтық жұмыс

1-топ

Теріс ағымдар туралы түсінік.

2-топ

Теріс ағымдардың зияны.

3-топ

Тиым салыған діндердің зияны

Шығармашылық тапсырма.

Ой толғаныс

Мұны білу өте маңызды!

1 Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2 Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

3 Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.

4 Егер сізге діни бағытағы парақтар, брашюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

5 Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

6 Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: мессионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.

7 Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

8 Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?

9 Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

10 Есіңде болсын! Есте сақта! Құдайға сену, яки сенбеу-өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазіргі Қазақстандағы тыйым салынған діни экстремистік ұйымдар. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Жаhандық құзыреттілік курсы

Мұғалім

Күні: 12.04.23ж

Кабинет 52

Сабақтың атауы

Діни экстремизм және терроризм: ұғымы, шығу негіздері мен көріністері.

Мақсаты

Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;

Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы дін түрлері және олардың ерекшеліктері туралы мәліметтер алады.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, сұрақ жауап арқылы пысықтайды.

Мағынаны тану

  •  Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.
  • Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.
  • Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
  • Террорлық іс-әрекеттерден зардап шегетін кім?

( Ойларын дәптерге жазады)

ІІ.Мағынаны тану.

1.Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.

Терроризмнің дамуы 5 этапқа бөлінеді:

Ежелгі кезеңнен -19ғ. 40ж.

19ғ. 40ж. –

20ғ. 20ж.

20ғ. 20 ж. -50ж.

20ғ. 60ж.-80ж.

20ғ. 90ж. – қазірге дейін

Алғашқы террористік топтардың қалыптасуы

Террористік ұйымдардың негізгі формасы,базасы мен әдіс-тәсілдерінің стратегиясының нақты қалыптасуы

Терроризмнің саясаттың негізгі құралына айналды, жеке мүддеден жалпыға ортақ сипат алды.

Ірі террористік ұйымдардың іс-әрекетінің белең алуы, әртүрлі елдерде таралуы

Терроризмнің халықаралық мәселеге айналуы

Сарапшылар қазіргі терроризмнің 200 түрін анықтады, соның ішінде негізгілері:

Ой толғаныс

«Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»

А) Бұл іске қандай адамдар барады?

Ә) Террористік іс-әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?

Оқушылар өз ойларын айтады:

-Діни секталардың таралуы;

-Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;

- 18- 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.

- Террористік іс-әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті- мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстақ Кодексінің 9-тарауында қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы баптар жазылған. 233-бап терроризм туралы. «Жаралас жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін әрекеттер жазаға тартылады».

-Арандатулардан аулақ болу үшін, біз саналы, ашық коммуникативті, әлеуметтік тұлға ретінде өзімізді тәрбиелеуіміз керек.

- Қазіргі кезде халық арасында арандатушылық көзқарасты қалыптастырған қандай ұйымдарды білесіздер?

3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.

2004-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Астана қаласы сотының шешімдерімен:

«Әл-Каида», «Асбат әл-Ансар», «Мұсылман- ағайындылар», «Боз гурд», «Талибан» қозғалысы, «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты», «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Түркістан ислам партиясы», «Конгра-Гел», «Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» және «АУМ Синрике» ұйымдары терроршыл ұйымдар деп танылды.

Біздің еліміз бүгінде БҰҰ-ның терроршылдыққа қарсы күрес жөніндегі 13 әмбебап конвенцияларының барлығына қосылған. Ал 2008 жылғы мамыр айында Қазақстан Ядролық терроршылдықтың көріністерімен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады. Бұдан бөлек еліміз өңірдегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында ШЫҰ және ТМД ауқымында қабылданған бірқатар келісімдерді де ратификациялады.

Қорытынды.

Тренинг. «Шаттық шеңбері» - елімізге, халқымызға, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді

айту.

Мұғалім сөзі: Сонымен біз қателіктерімізді жөндеу арқылы бейбітшілік өмірге қол жеткізу, ізгілікке, адамзатты мейірімділікке, жақсылық жасауға шақыра отырып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Дін тану

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет сабақ 27

Сабақтың атауы

Терроризм – дінге жат ұғым.

Мақсаты

Оқушыларға терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру

Күтілетін нәтиже

 Оқушылар тақырыпты өз бетінше меңгере алды, экстремизм мен терроризм туралы мәлімет алып, топта жұмыс жасап қабілеттері қалыптасты, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өмір қауіпсіздігіне жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерін қалыптастыра білді.

Топқа бөлу

Мозайка кәмпиттер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, сұрақ жауап арқылы пысықтайды.

№1 тірек-сызба. Экстремизмнің себептерін туғызатын мәселелер

— әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар;

— саяси құрылымдардың өзгеріске ұшырауы;

— тұрғындардың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің құлдырауы;

— оппозициямен басқа да түрдегі көзқарастарды биліктің қудалауы;

-өз мақсат -міндеттерін жылдам іске асыру үшін діни топтардың, саяси

партиялар жетекшілерінің амбициялары, ұлттық билеп-төстеу.

Діни экстремизм дегеніміз не? Идеологияда бұл:

— басқаша ойлаудың барлық түріне қарсы шығу, басып-жаншу;

— саяси және діни көзқарастардың өзіндік жүйесін қатаң түрде енгізу;

— көшбасшының бұйрығына көзді жұма отырып бағыну.

Ұйымдастыру түрінде бұл:

— ұйымның құрылымында жасырын түрде болуы;

— террор түрінде агрессивтіліктің болуы;

— мемлекет жариялаған және өмір сүріп отырған құрылымға өздерін қарсы қою.

Мағынаны тану

 Терроризм сөзінің төркіні латын тіліндегі terror «қорқу», «үрей»,- деген сөзден шығады. Ал терроризм «қорқыту», «үрей туғызу» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин жалпы адамзат құқұқтарын таптайтын, онын елемейтін кез-келген топтарға айтылады. Террористер дегеніміз керісінше адамзатқа үрей туғызып, оларды қорқытуға зорлауға дайын жамағаттар. Өкінішке орай соңғы кезде бұл термин көбінесе ислам дінінің ішіндегі радикалды террористік топтарға айтылып жүр.

Ислам діні негізінде адам құқұқтарын өте жоғары бағалайтын дін. Исламның негізгі қағидасы Алла Тағала айтқандай –«дінде зорлық жоқ»(Бақара сүресі 256 аят), яғни адам өз еркімен қай дінді ұстанса да ерікті, ешкім оны басқа дінге күштеп кіргізуге құқығы жоқ, егер кімде кім оны күштеп зорлықпен құқығын таптап басқа дінге кіргізсе онда ол адам Алланың алдында күнәлі болып, Алланың сөзіне қарсы келген болады. Себебі адам басқа дінді өз еркімен толық қанағатымен қабылдау керек, ол қалай болады, ол дағуат яғни щақыру жолымен болады, басқа адамды дінге шақыру ол көркем мінез және діннің айқын дәлелдерін келтіру арқылы болады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мединеге келген кезде мұсылмандардың арасын бауырластырды және басқа дін өкілдерімен тату тәтті өмір сүру үшін жалпы заң қабылдады. Қазіргі заманда оны КОНСТИТУЦИЯ деп атайды. Бұл заңда адамның дін еркіндігі толық қамтамасыз етілді. Мединеде өзге дін өкілдері жалпы өзінің тілін, дәстүрін, дінін толықтай ұстанатын.

Ислам діні адамзат құқықтарын жоғары бағалайтын асыл дін. Бірақта соңғы кезі ислам әлемі мәдениетінін құлдырауына байланысты әр түрлі радикалды террористік топтар (Алкаида, талибан, игил, уаһабия немесе салафия, ихуан, хизбуттахрир, хабашит) шыға бастады және одан да басқа әл түрлі топтар бар. Бұл радикалды террористік топтар бұл қағиданы көбінесе ұстанбайды олардын ұстанымына кім қарсы келсе немесе мойындамаса өзге дін өкілдері тұрмақ тіпті өз мұсылман бауырларында діннен шығарып кәпір санап олармен соғысуға дайын тұрады. Әрине бұл үлкен қатер, біріншіден олар Алланың әміріне қарсы келді, екіншіден адамзат құыұқтарын бұзды.

Жалпы ислам әлеміндегі қазіргі жағдай көніл толарлықтай емес, мәдениеттін өркениеттін төмен болуы, діни саутсыздық надандық, әр түрлі бір- біріне қарсы дұшпан топтардын пайда болуы, ол топтарды кей жағдайда саяси мақсатта қолдануы адамды ренжітеді. Өкінішке орай кәзір Араб елдеріндегі жағдай өте қауіпті, қазір онда әр түрлі радикалды топтар секталар көп. Бұл радикалды топтар ислами құқұқтарды дұрыс ұстанбағаннан кейін мемлекетіміздін канситутсиясына да қарсы келуі әбден мүмкін, себебі біздін конституциямыз олардың ұстанымына сай келе бермеиді. Бұны біз соңғы кездері болған Ақтөбе және Алматы оқиғаларынан көріп отырмыз. Себебі жоғарыда айтылып өткен топтардың ұстанымдары өте қатал және қауіпті, таза пәк болған ислам дініміздін қағидаларына қаишы. Өздерінің ұстанымдарына қарсы келген кез келген адамды немесе топты кәпір дүшпан санап оларға қарсы ең сорақы әрекеттер жасайды.

Оқулықтағы тапсырманы орындау.Топтық тапсырма

1-топ

Терордың шығу жолдары.

2-топ

Терориз-Мемлект жауы

3-топ

Тероризмді жою жолдары

Ой толғаныс

Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда тақырыбымызға сай экстремизм мен терроризмнің елімізге қауіп екенін айтып өттік.Ал енді одан қалай қорғануға болады, сіздердің әрекеттеріңіз ?

1 топ. Дінтанушылар.Жарнама жасап, таныстырып, отырған қонақтарға таратады

2 топ. Тарихшылар.Плакат, сурет салып, таныстырып, тақтаға іледі.

3 топ.Саясаткерлер.Видеоролик жасайды, көрсетеді. Нәтижесін. Екі жұлдыз, бір тілекпен бағалайды бір- бірін.

. «Санаға сапар» Иландыруға арналған тест жүргізу

Қортынды

терроризм дегеніміз-жеке тұлғалардың немесе ұйымдасқан топтардың, халықтың нақтылы топтарына немесе мемлекеттік органдарға заңды түрде шешілуге мүмкіндік болмаған жағдайда өз мақсаттарына жету үшін, саналы түрде қысым немесе күш көрсету.Терроризм — қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет не қоғам қайраткерлерiнiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;

-террорист — террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам;

-террористiк топ — террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында бiрiккен екi және одан да көп адамдардан құралған топ;

-террористiк ұйым — террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыратын не өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкiндiктерiн мойындайтын, оған қатысты террористiк ұйым деп тану туралы сот шешiмi қабылданған және күшiне енген ұйым.

Кей уақытта экстремизмнің таралуы себептеріне демократиялық қайта жаңару нәтижесінде жарияланған ар еркіндігін жатқызады. Алайда ар еркіндігі азаматтардың бостандығын қазіргі құқықтық мемлекетте азаматтардың негізгі құнды еркіндігі деп түсіндіріп, діни бірлестіктерге толықтай еркіндік (яғни халықаралық жағыдайдағы) экстремизмдік идеологияның коғамда пайда болуына жағдай жасайды.

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Дін тану

Мұғалім

Күні: 19-20.04.23ж

Кабинет 52

Сабақтың атауы

Қазақстанның дін туралы заңнамасы

Мақсаты

Оқушыларға ҚР дін туралы келісім заңы ның негізгі   заңдылықтарының ережелерімен таныстыру таныстыру

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың мағанасын түсінеді, шығармашылық тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді

Топқа бөлу

Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ыстық орындық» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, ән айту арқылы пысықтайды.

1 Трероризімнің Мемлект үшін қауіп қатері

2 Терроризмнің шығу жолдар

3 Терроризмнің негізгі бағыттары

Мағынаны тану

 ҚР дін туралы келісім заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратынын, әр адамның ар-ұждан бостандығы құқығын растайтынын, Қазақстан Республикасы азаматтарының діни нанымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ғибадат үйі (ғимараты) - құдайға құлшылық ету, дұға оқу рәсімдері мен діни жиналыстарға, діни мінәжат етуге (құлшылық етуге) арналған объект;

2) діни қызмет - діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

3) діни қызметші - тиісті діни бірлестік рухани, уағызшылық қызметке уәкілеттік берген адам;

4) діни бірлестік - Қазақстан Республикасы азаматтарының өз мүдделерінің ортақтығы негізінде рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестік;

5) миссионерлік қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

6) уәкілетті орган - діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама

1. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағы ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Мемлекет және дін

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауапты.

3. Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.

4. Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі, рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатқа ие.

5. Азаматтардың дінге көзқарасына қарамастан олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қайсыбір дінді ұстанушылар қадір тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді.

6. Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияға және осы Заңға сәйкес жеке өзі, сол сияқты басқа да діни және өзге де сенімдегі адамдармен бірлесіп, ұстануға және таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

7. Ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни бірлестіктердің діни қызметшілері, миссионерлері, басшылары немесе мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмірге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес, мемлекет:

1) азаматтың, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге деген және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындау, ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеу кезінде, мұндай тәрбиелеу баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, оның құқықтарын шектеген жағдайды қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

3) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды;

4) дін ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында өзара төзімділік пен құрмет қатынастарын орнықтыруға жәрдемдеседі.

9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес, діни бірлестіктер:

1) мемлекеттік органдардың қызметтерін атқармайды және олардың қызметіне араласпайды;

2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

10. Діни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бірлестіктер құруға және оның қызметіне тыйым салынады.

11. Заңдарда белгіленген тәртіппен тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне, сол сияқты Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дінге деген көзқарасын айқындау кезінде діни бірлестіктердің қызметіне, діни жораларға және (немесе) дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді.

12. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына басқа бір зиян келтірумен, не ерлі-зайыпты адамдардың некесін бұзумен немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, адамгершілікке зиян келтірумен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін орындаудан бас тартуға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының бұзылуына түрткі болумен байланысты діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелді жағдайын пайдалана отырып не алдау арқылы өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

14. Діни бірлестіктің мүшелері мен ұстанушыларын өзіне тиесілі мүлкінен діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа мүшелерінің пайдасына иелігінен шығарып жіберуге жол берілмейді.

15. Дін және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметін бүлдіруге, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бұзуға, елдегі басқарушылық деңгейін әдейі төмендетуге қабілеті бар шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмаған азаматтың ата-анасының біреуі немесе олардың заңды өкілдері қарсылық білдірген жағдайда, кәмелетке толмаған азаматтарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой

Менің қосарым

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің ұғымы

Мақсаты

Оқушыларға Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің ұғымы туралы терең білім беру..

Күтілетін нәтижеі

Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;

-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді;

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ыстық орындық» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, ән айту арқылы пысықтайды.

Мағынаны тану

  «Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің мәні және маңызы оның қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі өзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын бастаулардан тұрады. Зайырлылық және дінтану негіздері жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстанның қазіргі саясаты еліміздегі көптеген этностар мен мәдениеттер арасындағы этносаралық, конфессияаралық құрмет пен төзімділікті, өзара татулықты орнатуға, рухани-адамгершілік құндылықтардың ортақ жүйесін құруға бағытталған.

Дін және мәдениет, дін және мемлекет, дін және өркениет қатынастары мен тарихын білу адамзаттың сан ғасырлық тәжірибесінің рухани көрінісін тану болып табылады.

«Зайырлылық» ұстанымы – қоғамның кез-келген мүшесіне, оның діні, тегі, нәсіліне қарамастан, әр адамның қандай да бір дінге сену, сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным. Яғни, бұл ұстаным адамның ар-ожданының моральдық болмысының еркіндігіне мүмкіндік беретін, мемлекет азаматтарының арасындағы қарым-қатынасты тек құқықтық негізде шешуді қамтамасыз ететін республикалық басқару жүйесінің ең басты тетігі. Жалпы, зайырлылық туралы анықтамалар көп. Солардың ішінде түсінуге жеңіл кейбір сөздіктердегі «зайырлылық» ұстанымына назар аударайық: бұған «барлық діндерге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тәуелсіз және кез-келген теологиялық қағидалар мен нормалардан азат болып табылатын мемлекеттің белгісі» ретінде анықтама берілген. Осы анықтама зайырлы мемлекетті нақтылай түседі. Неге барлық діндерге бейтарап қарайды? Себебі діндер көп, ал Құдай түсінігі бір. Адамдардың Құдай түсінігі ортақ болғанмен олардың Құдай туралы танымы, сенімі, сезімі, құлшылығы, оның мына әлеммен қатынасы, яғни дүниетанымы, ақырет туралы сенімдері де әртүрлі. Сондықтан мемлекет өзінің азаматтарының діни сенімдеріне араласпайды, құрметтейді, бейтарап ұстанымда болады.

Екіншіден — мемлекет діни басшылықтан, яғни діни биліктен тәуелсіз. Оның себебі — саясатта діни басшылыққа тәуелді болу мемлекеттегі тұрақтылық пен тыныштықты баянды етудің кепілі бола алмайды. Дін көп, діни басшылар да көбейеді, сондай-ақ бір діннің ішінде де көптеген ағымдар мен топтар бар. Олардың әрқайсысының басшылық туралы діни тұжырымдары бар. Ал саясатта басшылық, оған бағынатын халық және осы қатынасты реттейтін құқық бар. Егер мемлекет діни басшылықты қабылдаса, онда халықты біртұтастандыру, бір құқықты ортақ тұғыр қылу, басқаруды да бірізділікке түсіру қиынға соғар еді.

Үшіншіден — мемлекет кез келген теологиялық қағидалар мен нормалардан азат болады. Себебі — теологиялық діни нормалар қанша көп болса, сонша құқықтық ұстанымдар мен оның қызметтік нормалары да қайшылыққа түскен болар еді. Сондықтан демократиялық, құқықтық мемлекет зайырлылықты ұстаным ретінде таниды. Негізі, философиялық тұрғыдан алғанда, «ұстаным мен мұрат» немесе «принцип пен идея» бірін-бірі толықтырып тұруы шарт. Мұны қалай түсінеміз? Мемлекет азаматтарының бақытты болуына қызмет етеді. Мұраты — азаматтарының ары, намысы, жаны және мүлкінің қауіпсіздігіне, амандығына т.б. құқықтарына кепілдік беру. Мемлекет осы мақсаттың орындалуына да зайырлылық ұстанымын шарт деп біледі. Шарт дегеніміз — белгілі бір құбылыстың бар болуы мен баяндылығының уақыт пен кеңістіктегі қажеттіліқ жағдайы. Сонда зайырлылық ұстанымы мемлекетті мақсатына жеткізетін құрал болып отыр. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауында зайырлылық ұстанымын біздің елдің ең басты құндылығы ретінде бағалайды. Сондықтан зайырлылық ұстанымы мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын реттейтін ең басты тетік, қоғам тұрақтылығы үшін де ең басты құндылық. Зайырлылық ұстанымы мемлекеттің баяндылығына қызмет ететін, мемлекет құрушыларының құқықтарының қорғалуы мен сақталуына, бақытты болуына жеткізетін ең басты шарт болғандықтан саяси және құқықтық тұрғыдан діннен осы салада бөлінеді.

Ой толғаныс

Топтық жұмыс

Тест

1. Будда ілімі қай ғасырда пайда болды?

а) б.з.д. III ғ.

ә) б.з. I ғ.

б) б.з.д. IV ғ.

в) б.з.д. VI ғ.

г) б.з.д. IX ғ.

3. Будда ілімі қай елде пайда болы?

а) Үндістан

ә) Моңғолия

б)Тибет

в) Бирма

г) Жапония

4. Буддизмде ақиқатты тану жолы қанша?

а) 6

ә) 7

б) 8

в)10

г) 9

5. Будда ілімі бойынша өмір –

а) қасірет

ә) рахат

б) ләззат

в) бақыт

г) табыс

6. Буддалық қауым –

а) типитака

ә) махаяна

б) сангха

в) бхикиу

г) бодхи

7. Буддизмнің негізін қалаушы –

а) Лаоцзы

ә) Сидхартха Гаутама

б)Конфуций

в) Капила

г) Патанджали

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Дін тану

Мұғалім

Күні ;26.04.23ж

Кабинет 52

Сабақтың атауы

Діни сенім бостандығы туралы түсінік

Мақсаты

.Оқушыларға Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы жайындатерең білім беру.

Оқушыларға тақырып ауқымында тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси сауаттылыққа баулу

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өткен тақырыптарды біледі, түснеді және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларын дамытуға дағдыланады

Топқа бөлу

Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, сұрақ жауап айту арқылы пысықтайды.

Мағынаны тану

 Діни сенім бостандығы - адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және тарқатуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты адамның негізгі жеке бостандыктарының бірі. Көп ұлтты елде түрліше конфессиялардың, діни сенімдердің бар болуы, бұл конституциялық норманы ерекше маңызды етіп көрсетеді.

Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы

/15.05.2007ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген/

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы N 1128-ХІІ Заңы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I–V" деген цифрлар тиiсiнше "1–5" деген цифрлармен ауыстырылды-Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

1 Тарау. Жалпы ережелер

Осы Заң Қазақстан Республикасының әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таниды, азаматтардың діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болуына кепiлдiк бередi, Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудi таниды.

Ескерту. Жаңа кіріспемен толықтырылды–Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

1-Бап. Заңның мiндеттерi

Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ адам құқықтары туралы халықаралық актiлер мен келiсiмдерде баянды етiлген азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi құқықтарын iске асыруға кепiлдiк бередi.

Дiн ұстану және нанымды уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың өмiр сүру, денсаулық қауiпсiздiгiн, имандылығын немесе құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуi мүмкін.

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен

1-1-Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ғибадат үйі (ғимараты)–құдайға құлшылық етуге, дұға оқу мен діни жиналыстарға, тәу етуге (мінәжат етуге) арналған объект;

2) миссионерлiк қызмет–өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын дiни бiрлестiктердiң жарғылық ережелерінде жоқ дiни сенiмдi діни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату;

3) дiни бірлестіктермен байланыстар жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган)–Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi мемлекеттiк орган.

Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

2-Бап. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдар

Қазақстан Республикасының дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының, ведомстволардың осы Заңға қайшы келетiн нормативтiк актiлердi шығаруына жол берiлмейдi.

Eгep Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

3-Бап. Дiни сенiм бостандығы құқығы

Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзi, сондай-ақ басқалармен бiрге кез келген дiндi еркiн ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге көзқарасына қарамастан экономикалық, саяси, әлеуметтiк және мәдени өмiрдiң барлық салаларында заң алдында бiрдей жауапты. Азаматтардың дiнге көзқарасына қарай олардың құқықтарын тiкелей немесе жанамалап шектеу немесе қандай да бiр артықшылықтар белгiлеу, немесе соған байланысты өшпендiлiк пен жеккөрушiлiк туғызу, не азаматтардың сезiмдерiн жәбiрлеу, сондай-ақ қайсы бiр дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқ.

Дiни наным себебiмен атқарылуға тиiс бiр мiндеттi екiншiсiмен алмастыруға тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiледi.

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой

Менің қосарым

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Дін тану

Мұғалім

Уақыты: 10-12.05.23ж

Кабинет 52 Сынып: 9 а,ә

Сабақтың атауы

Толеранттық. Қазіргі Қазақстандағы дінаралық татулық пен келісім тұғырнамасы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты.

Мақсаты

Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі тасырмаларды орындауға дағдыланады

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыта білді

Топқа бөлу

Мозайка арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Кім жылдам ойыны арқылы үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, ойын арқылы пысықтайды.

1 Діни сенім бостандығы дегеніміз не?

2 Дін сенімнің маңыздылығы қандай?

3 Діннің даму сиаттарын ата?

Мағынаны тану

 Қоғам өміріндегі өзгерістер, мемлекеттің дін тұрғысындағы саясаты, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясатын, қайраткерлігін бағалай білуге, түсінуге тәрбиелеу, отаншылдық сезімдерін қалыптастыру мақсатында өз баяндаманы жасадым.

Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Адамның пайда болуынан бері өмір сүріп келе жатқан діннің өзіндік мәні зор. Дінге көзқарас әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан дін дегеніміз не, оның тарихы қандай бүгінгі қоғамда өмір сүріп жатқан әр оқушы үшін мәдени қажеттілік. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын ерекше құбылыстар. Дін –қоғамдық құбылыс,ал қоғам –мемлекеттің негізі. Қазір өркениетті қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Өркениетті қоғамның әрбір адамы өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі қажет. Осы бағытта Н.Ә.Назарбаев өзінің ерекше қоғам қайраткері екендігін дәлелдеп берді. Олай болса бүгінгі баяндамамда дін, діннің қоғамда алатын орны, діни келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі екендігіне көз жеткіземіз, Елбасының осы бағыттағы саясатына баға беруге қадам жасаймыз.

Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі. Діни келісім мен конфессиаралық бейбітшілік, бірлік тұрақтылық көпұлттық көптілді және көп конфессиялық Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіл әлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрі діндердің басшылары діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Қазір қазақстандағы діни ахуал дүние жүзінде тұрақты болып табылады. Негізгі діндер ислам мен православие арасындағы байырғы және достық қатынастар қалыптасты. Құрбан айт және Рождество ресми түрде демалыс күндері саналады. Біздің ұлт аралық және конфессия аралық келісім үлгісі - Қазақстанның кемсітушілікке қарсы күрес пен өзара түсініктікті және жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге қосқан үлесі болып табылады. Қазақстан бұрыннан келе жатқан әлемдік діндердің қиылысу жолының орталығы болып отыр. Осыған қатысты Елбасымыз Н.Ә.Н. өзінің Жолдауында «Біздің топырағымыз арғылы барлық әлемдік діндер өткен. Осынау рухани дәстүр- Қазақстандағы конфессиялар арасындағы татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі. Бұл жетістік арқылы біз күллі әлемге танылмақпыз.

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін қарастыратын болсақ. Мұнда Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасқанмен, ол мемлекет, азаматтық қоғам,оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы арада Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдарын атап өту керек. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепілдік береді. Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемістушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы «Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қалады. Ел маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі халықаралық келісіміне қосылады. Мемілекет конфессиялардың өз қызметтеріне жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасады. Бұл тәуелсіздік кезеңінде діни бірлестіктер санының артуына мүмкіндік берді. Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санағанымен, бұл басқа діни сенім иелерінің толыққанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді. Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар санының өсуі дәлел бола алады.Тәуелсіздік алғаннан бері провославиелік, католиктік, протестаттық қауым мен буддистердің ұйымдар да қызмет жасайды. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық дипломатты атауға болады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың институты құрылды. Осылайша, Қазақстанда уақыт тезінен өткен этноаралық және дінаралық келісім моделіі қалыптасты. Біздің еліміздегі түрлі конфессияларды өзара әрекеттестігіне тәжірибесін халықаралық аренадағы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар үлгі тұтады.

Қазақстан Республикасының Президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясатына келсек, мұнда Қазақстан жалпыға ортақ бейбітшілік пен тұрақтылық нығайту және аймақта тұрақтылық орнатуға қатысты біршама бастамаларды ұсынды. 2002жылдың қараша айында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ІХ сессиясындағы сөзінде барлық конференссияларда Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын қабылдауға шақырды. Елбасының бастамасымен 2003жылдың ақпанында Алматыда бес мемлекттің ресми және мұсылман, христиан, иудей, басқа конфессия өкілдері қатысқан. Бейбітшілік пен келісім халықаралық конферннциясы болып өтті. Конференцияны өткізу идеясын Рим Папасы Иоанн Павел. ІІ әлемдік конфессия басшылары, әр елдің қоғамдық және діни бірлестік өкілдері қолдады. Конфессия басшылары, әр елдің қоғамдық және діни бірлестік өкілдері қолдады. Конференция қатысушылары мен қонақтары аттынан АҚШ, Израйл, Украйна және т.б мемлекет басшыларына хаттар келіп түсті. Форум соңында Бейбітшілік пен тұрақтылық декларациясы қабылданды. Бұл құжатта дін өркениеттер диалогын байланыстырушы болуы керек, «ал бейбітшілік пен халықтың гүлденуі барлық діндер мен әлем мәдениетінің ақырғы мақсаты болып табылады» делінген. Қорыта келгенде, бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы Қазақстан бастамалары Орта Азия, Еуразия континенті мен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жолында айтарлықтай маңызға ие.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін атап кету артық етпейді деп ойлаймын. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жылда бір рет әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтіп келеді. Дінаралық форумға қатысушылар қатарынан әлемдегі ірі конфессия басшылары, танымал саясаттанушылар халықаралық ұйым өкілдері табылды. Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу – ғаламдық, аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогын дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі. Съездерді өткізу үшін Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайы тұрғызылды. Сарай біздің еліміздің нағыз рухани орталығына айналды, мұнда маңызды халықаралық форумдар мен конференциялар өткізіліп тұрады. Қазіргі кезеңде Сарайда өркениеттер диалогын жүзеге асруға ат салысатын ұйым – Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы қызмет жасайды. Елбасы айтқандай, « Орталық келісім және әділеттіліктің зияткерлік зертханасына айналуы қажет.» Форумға қатысушы ықпалды халықаралық институттар шеңбері де кеңейіп келеді. Олардың қатарында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ИКҰ бар. 2009 ж съезде тарихында алғаш рет делегаттар қатарынан әйел адам – американдық шіркеуаралық ұйым президенті Бернис Джексон болды. Президент Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезіндегі сөзінде диалог негізі болатын ұстанымдарды көрсетті. Біріншіден алдын-ала кесіп-пішушіліктен, өзара қабылдаудың ғасырлар бойы қалыптасқан қасаңдықтарынан бас тарту. Екіншіден, басқаның тылсым саласына басакөктеп кіруден саналы түрде бас тарту. Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немес келемеж тақырыбы болуы керек. Үшіншіден, әлемдік және дәстүрлі діндердің жаңа қалыпты емес қатерлерге бірлескен жауабы. Президент пікірінше, мұндай қатердің бірі – әлемдік діндер арқылы жеткен мың жылдық тарихы бар рухани дәстүрлерден қол үзіп қалу. Съездің тағы бір артықшылығы - оның жұмысына конфессия басшыларынан өзге мемлекет басшыларының, көрнекті саясат қайраткерлері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы. Бұл әлем қауіпсіздігін нығайтуға, мәдениет пен өркениеттерді жақындастыруға ықпалы тиер шешімдердің қабылдауына мүмкіндік береді.

Ой толғаныс

Топтық жұмыс

1 топ Дінің даму жүйесін сипаттау

2 топ ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты қандай

3 топ Мемлекеттің дінге көзқарасы қандай

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Дін тану

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет сабақ 32

Сабақтың атауы

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы. Дін саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

Мақсаты

Діни қызымет пен діни бірлестіктер туралы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру

Көрнекілігі

Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі тасырмаларды орындауға дағдыланады

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау

«Асоссация» стратегиясы бойынша топтық жұмыс

Мағынаны тану

 2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

3-бап. Мемлекет және дін

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.

3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.

4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.

6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.

9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:

1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;

2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.

12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.

13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.

16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

2-тарау. ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;

3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi;

5) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;

6) дiнтану сараптамалары және діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;

7) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;

8) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

9) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіреді;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті

Діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) жергілікті деңгейде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

4) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

5) уәкілетті органмен келiсе отырып, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасы жергілікті атқарушы органдарға жүктейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6-бап. Дiнтану сараптамасы

1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері;

2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;

3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;

4) жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;

5) уәкілетті орган басшысының бұйрығы.

2. Құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасы объектілеріне жатады.

3. Дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.

4. Дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Ой толғаныс

Топтық жұмы

Діннің тұтастығы -елдің тұтастығы тақырыбына эссе жазу

Қортындысын топ арқылы талдау

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Дін тану

Мұғалім

Уақыты:24.05.23ж

Кабинет Сабақ 52

Сабақтың атауы

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар. қайталау

Мақсаты

Күнделікті сабақта оқушыны дара тұлға етіп тәрбиелеуде, олардың білім сапасын, таным-білім белсенділіктерін, іскерліктерін, шығармашылық қабілеттерін, тарихи сауаттылығын дамытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдістерін қолданудың тиімділігін тәжірибеде айқындау.

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты топтық жұмыс барысында зерттеуге үйрету; - Қосылыстың анықтамасын, қорытындысын шығарту; - Рефлексия жасату және жеке басының қол жеткізген білім, білік, құзіреттілік деңгейін (яғни нәтижесін) критериалды бағалау жүйесі бойынша әділ бағалау; - Логикалық тапсырмаларды әр оқушының қабілетіне қарай біртіндеп орындата отырып, алған білімін өмірлікжағдайларда қолдана білуге жетелеу, жағдай жасау

Топқа бөлу

Мозайка арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ыстық орындық» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, слайд арқылы пысықтайды.

Мағынаны тану

  Оқулықтағы тапсырманы орындау.

«Діни қатынастарды одан әрі мемлекеттік реттеудегі тәжірибесін құқықтық тұрғыда бекіту үшін 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданған болатын» Заң ережелері адам құқықтарын қорғау шараларын күшейту арқылы бүлдіргіш және бейәлеуметтік сипаттағы діни қызметке тосқауыл қою, діни бірлестіктер қызметін тәртіпке келтіру және оны азаматтық заңнамаға сәйкестендіру, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа қатысты еліміздің құқықтық кеңістігіндегі олқылықтарды толықтыруды қарастырады

. Дін істері комитеті (одан ары Комитет) Қазақстандағы конфессияаралық келісім саласында, діни сенім бостандығы және діни бірлестіктермен өзара әрекетті қамтамасыз етудегі мемлекеттік жетекшілікті жүзеге асыратын негізгі институт болып табылады. 31

Қазақстан Республикасының заңнамасына сай Комитет келесі функцияларды атқарады:

– діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

– діни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасы аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, қызметін зерделеу мен талдау;

– ақпараттық-насихат іс-шаралары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

– дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;

– облыстық жергілікті атқару мекемелері мен республикалық қала мен астаналық деңгейдегі діни қызмет және олардың діни бірлестіктерімен байланыстарын реттеу;

– өз құзыреті шегінде діни қызмет саласында нормативті құқықтық актілерді дайындауға қатысады және әзірлейді;

– Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру.

Комитеттің негізгі міндеттері:

– діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасау;

– Комитет Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

Комитет жанында Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, сонымен қатар Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы мекемелері бар.

«Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ (әрі қарай – ҒЗТО) 2007 жылы 30 қаңтарда құрылды.

Орталықтың мақсаты дін мәселелері жөнінде мемлекет органдарының қызметіне ғылыми-әдіснамалық және ақпараттық-талдау жұмыстары бойынша қолдау көрсету болып табылады.

Қазақстандағы діни ахуалдың даму үдерістерін талдау бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін, ұйымдар мен азаматтарды мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы ақпараттық-талдау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, дінтану сараптамасын жүргізу Орталық қызметінің басты міндеті болып табылады.

ҒЗТО сарапшылары Қазақстандағы діни ахуалдың түрлі аспектілері мен діни бірлестіктердің қызметі бойынша талдаулық зерттеулер мен баяндамалар дайындайды.

ҒЗТО Дін істері комитетін елде орын алып жатқан діни үдерістерге сараптамалық баға беруді қамтитын материалдармен қамтамасыз етеді, 32

діни ахуалды зерделеу саласында тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның сарапшылар қоғамдастығымен, ғылыми-зерттеу орталықтары және басқа ұйымдармен, сондай-ақ шетелдік сарапшылар мен талдау ұйымдарымен өзара әрекет етуді жүзеге асырады.

ҒЗТО құрамында мемлекеттік органдарға дін саласында болжам және ұсыныс беру сипатына ие қолданбалы ғылыми-зерттеу және сараптау-талдау жүргізу үдерісіне басшылық ететін және жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыратын Ғылыми-сараптау кеңесі (ҒСК) жұмыс істейді. ҒСК дін саласындағы ғылыми-зерттеулік, әлеуметтік және талдаулық жұмыстардың бағасын береді, дін және діни сенім бостандығы саласындағы ғылыми-зерттеулік және талдаулық жұмыстардың сапасын арттыруға арналған ұсыныстар дайындайды.

ҒЗТО елдегі тіркелген діни бірлестіктердің қатысуымен өтетін сараптамалық сипаттағы көптеген іс-шаралардың бастаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады.

Ар-ождан бостандығы және діни сенім мәселелері бойынша ғылыми және түсіндіру тақырыптарындағы жарияланымдар және баспалық әрі электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы интервью әзірлеуді жүзеге асырады.

Конфессияаралық жағдайда шиеленістерді болдырмау үшін алдын алу шараларын құрастыру мақсатында Отандық конфессиялық БАҚ-қа мониторинг жасайды.

Діни ағартушылық және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша ҒЗТО қызметкерлері тұрғындардың түрлі топтары және мемлекеттік органдар өкілдері арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Дін және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің түрлі аспектілерін жетілдіруге бағытталған әдістемелік және анықтамалық материалдар дайындайды.

ҒЗТО сарапшылары кәсіби түрде әдебиеттерге және діни бірлестікердің басқа материалдарына, олардың елдің заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында дінтанулық сараптама жасайды.

2012 жылы ҒЗТО заңның негізгі қағидаларын түсіндіретін «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына Түсініктеме дайындады. Түсініктеме Астана қаласындағы ЕҚЫҰ ұйымдастырған, Заңды жүзеге асыру сұрақтары бойынша өткен дөңгелек столда жарияланды.

ҒЗТО діннің және діни сенімнің бостандығын қамтамасыз ету сұрақтарында мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасын жетілдіру туралы сұрақтарға бағытталған 2013 жылы бірнеше іс-шараларды ұйымдастырды. Соның ішінде 2013 жылы 25 қарашада Астана қаласында «Мемлекет және діни бірлестіктер: өзара қарым-33

қатынас мәселелері және келешегі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция қорытындысы бойынша мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделін жетілдіру және діни бостандық саласында азаматтардың құқығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.

«Мәдениеттер мен діндердің халықаралақ орталығы» РММ (әріқарай - МДХО) 2006 жылы Астана қаласында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер 2 Съезінде айтылған, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы 28 тамызда құрылды.

Қазақстан Республикасының және оның Көшбасшысы – Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дінаралық және конфессияаралық келісім саласында жүргізетін саясатына қатысты материалдарды зерттеу және кеңінен тарату , жүйелендіру, кешенді жинау негізінде дін және мәдениет саласында тарихи және әлеуметтік-саяси ақпаратты

Ой толғаныс

Қортынды:

Мемлекет және дін арасындағы қарым-қатынаста зайырлылық қағидаттарын қадағалау

Біздің еліміздің Конституциясының (Негізгі Заңы) І бабы 1 бөлімінде«Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» екендігі тура айтылған.

Ресми мемлекеттік діні жоқ және ешқандай сенім «міндетті» немесе «басқасына қарағанда артық» саналмайтын, Қазақстан мемлекетінің зайырлы мемлекет ретінде құрылуы мен қызмет етуінің негізге алатын қағидаты осындай конституциялық тұрғыда бекітілген. Ал республиканың мемлекеттік құрылымның зайырлылық қағидаттары діни бостандық және ар-ождан қағидаттарына еш қайшы келмейді.

Өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтырған Қазақстан Республикасы өзінің Конституциясында және заңнамада негізгі қағидаларын бекітті: Осыған сәйкес, мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасы құрылады: Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі, білім және тәрбие берудің мемлекеттік жүйесі қағидаларының діни бірлестіктерден бөлінуі – заңдылық қағидасы.

Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидаты зайырлы Қазақстан үшін басым мағынаға ие, сондықтан:

▪ діни бірлестіктер саяси қызметтің субъектілері болып табылмайды;

▪ мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік органдардың қалыптасуына қатыспайды.

Төмендегідей маңызды ойды былай түйіндеуге болады: мемлекеттің діни бірлестіктерден бөлінуі, зайырлы билік қарым-қатынасын құрудағы басты қағида болып табылады.

Мемлекеттің діни бірлестіктерден және қызметі идеологияны таратуға бағытталған бірлестіктерден бөлінуі – мемлекеттік қызметтің діни бірлестіктерге бағынуынан және діннің санкциялауынан және қысым көрсетуінен мемлекет пен мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тәуелсіздігін білдіретін немесе бекітетін мемлекет зайырлылығының

БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

Дін тану

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет Сабақ 34

Сабақтың атауы

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары. Діни татулықты сақтау мен нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде.

Мақсаты

Оқушыларды діни сауаттылықты ұстай білуге үйрету арқылы адамгершілік және эстетикалық ұстанымдарға дағдыландыру

Күтілетін нәтиже

Ұлттық негізінде құрылған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бар мүмкіндіктерін ашып туады, шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызады

Топқа бөлу

Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ыстық орындық» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау,Слайдты анықтау арқылы пысықтайды.

Мағынаны тану

 Дін саласындағы мемлекет саясатының негізгі мақсаттары:

— дініне қарамай, ар-ождан мен дін еркіндігі және әркімнің құқықтары мен бостандықтары теңдігі кепілдерін қамтамасыз ету;

— діни бірлестіктердің еркін қызметіне құқықтық тәртіп орнату;

— діни бірлестіктердің өзара бейбіт қызметін қолдау, әртүрлі дін сенушілер арасыдағы, сенушілер мен сенбейтіндер арасында өзара түсінісушілік пен санасушылықты қолдау;

— қазақстандық қоғамның бірлесуі мен тұрақтылығына, рухани имандылық байлығын сақтап, нығайтуға қолдау көрсету;

— ғаламдану жағдайында конфессия аралық қарым-қатынастардың жақсаруына қолдау көрсететін рухани және мәдени байланыстарды сақтау мен нығайту.

Дін саласындағы мемлекет саясатының негізгі қағидалары:

Діни ұйымдарды мемлекеттен айыру қағидасына сәйкес, мемлекет пен діни бірлестіктер мынадай шарттарды орындайды:

— мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауы;

— мемлекеттің діни бірлестіктерді қаржыландырудан бас тартуы;

— мемлекеттік діни немесе атеистік идеологияның, мемлекеттік (міндетті) діннің немесе мемлекеттік (міндетті) діни бірлестіктің жоқтығы;

— мемлекеттің діни, дінге қарсы, атеистік ойлар мен ағымдарды насихаттаудан бас тарту;

— мемлекеттің азаматтар дінге көзқарасын бақылаудан және азаматтарды дініне қарай есепке алудан бас тарту;

— діни бірлестіктердің мемлекет істеріне араласпау, оларға қайсыбір мемлекеттік міндет атқаруына, сонымен бірге, діни бірлестіктердің саяси партиялар мен қозғалыстар қызметіне қатысуға тыйым салу.

Ар-ождан мен дінге сену еркіндігін қамтамасыз ету қағидасына сәйкес, мемлекет әркімге:

— адам және азаматтың дінге көзқарасы, діни немесе діни емес бірлестіктерге қатысуына қарамастан, құқықтары мен бостандықтары теңдігін;

— діни, діни емес (индифферентті) және атеистік көзқарасын еркін таңдау құқығын;

— өз діні мен наным-сенімін өзгерту, жеке басымен немесе басқалармен бірге, ашық не жеке түрде еркін сену немесе ұстану, ілімде, ғибадат жасау мен діни және салттық дәстүрлерді орындауда еркін болуын;

— азаматтарды саяси, экономикалық, әлеуеметтік салада дініне қарап, кемсітуге жол бермеуін;

— діни бірлестіктер (ассоциация) еркіндігіне ие болу құқығын;

— қай дінге жататындығы мен көзқарасын көрсетуден еркін болуын қамтамасыз ету тиіс.

Діни шыдамдылық қағидасы жеке тұлғаның діни өзін-өзі еркін белгілеу құқығын, қоғамның мәдени діни плюрализмін қадірлеу, кез келген діни наным-сенімдерге дұрыс қарап, санасу керектігін мемлекет тарапынан мойындалуын аңғартады.

Діни ұйымдар дербестігі қағидасы мемлекет тарапынан діни ұйымдардың өздерін-өздері ұйымдастыруға, басқару жүйелерін құру, діни салт-дәстүрлеріне сәйкес діни қызмет түрлерін белгілеу, діни қызметкерлерді тағайындауға (кетіруге) мемлекеттік органдарының қайсыбір ықпалын көрсеткізбеу құқығы мойындалуын аңғартады.

Дінге сенушілер мен діни ұйымдар теңдігі қағидасы дінге сенушілер мен әртүрлі дін ұйымдарының қызмет атқарудың тең мүмкіндіктерін беру және істеген құқық бұзушылықтары үшін тең жауапкершілік тағайындауды аңғартады.

Мемлекет пен діни ұйымдардың ынтымақтастығы қағидасы мемлекет пен діни ұйымдар бөліну ұстамына қарамастан, қоғамға пайдалы мақсаттарда: рухани тәрбие беру және мәдениет, денсаулық пен әлеуметтік қорғау, бейбітшілік пен әлеуметтік қауіпсіздік қамтамасыз ету, дінаралық келіссөз өткізу, әртүрлі халықтар мен конфессиялар арасында өзара түсіністік пен санасушылық аясын орнатуда нәтижелі ынтымақтасуы мүмкін екендігін аңғартады.

Дін саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру түрлері:

— мемлекеттік органдар мен діни ұйымдар қызметін құқықтық және ақпаратпен қамтамасыз ету;

— мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен ынтымақтастығын жетілдіру;

— жалпы мемлекет көлемінде және елдің жекелеген аймақтарында ар-ождан мен дін еркіндігіне ие болу құқығын жүзеге асыру, конфессия аралық қарым-қатынастар, діни жағдайдың даму бағыттарын анықтау, діни бірлестіктердің қоғам өміріндегі рөлі мен азаматтардың дінге және діни бірлестіктерге көзқарасын тұрақты түрде зерттеу мақсатында діни бірлестіктерді мониторингтен өткізу жүйесін құру;

— мемлекеттік қызметкерлерді дін тану маманы бойынша және құқық жағынан дайындау жүйесін құру;

— мемлекет пен конфессиялар арасындағы мәселелерді зерттеуге және дін мен діни бірлестіктер қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау үшін ғалымдарды (социологтар, саясаттанушылар, дінтанушылар, философтар, психологтар, заңгерлерді) тарту.

Дін саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру әдістері

Мемлекет дін саласындағы өз саясатында билік, әкімшілік құқықтық әдістерді қолданудан бас тарту тиіс. Кейбір жағдайда осындай әдістерді қолдану керек болатынын мойындап, мемлекеттік органдар басқа да әдістерді қолдану тиіс, оның ішінде тараптар теңдігіне негізделген, яғни, мүдделерін келістіру, іс-әрекеттерін түйістіру, келісімдер мен шарттар жасасу. Мемлекеттік органдар діни бірлестіктерге бағыну нысаны ғана емес, тең құқылы серіктес ретінде қарауы тиіс. Мемлекеттік органдар өз басқару қызметінде бақылау және қадағалау міндеттері ең төменгі дәрежеде қолдануы тиіс. Ал, діни бірлестіктер қызметін бақылау кез келген басқа ұйымдар сияқты бақыланып, қадағалануы тиіс. Билік-бағыну түріндегі қарым-қатынастар орнына әлеуметтік серіктестік пен өзара жауапкершілік келуі тиіс.

Еліміздегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты жастардың қиын сәттерде дербес, жан-жақты салмақталған шешім қабылдауына қажетті сыни тұрғыда ойлау машығын қалыптастыру болуы тиіс.Осы білімдерді қолдана отырып, әлемдік дәстүрлі діндер мен радикалды діни ұйымдарды ажырата алады. Алға қойылған мақсат жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамытуға: арбау әрекеттеріне қарсы тұру мен залалсыздандырудың жеке мінез-құлықтық алгоритмін қалыптастыруға, адамгершілік және этикалық құндылықтары бар, отаншылдық пен толеранттылықты қалыптастыратын әлемдік және дәстүрлі діндердің, дәстүлі емес діндердің негіздерімен танысуға ықпал етеді. Мұндай бағдарлама барысындағы сабақ кезінде бағдарламаға қатысушылар радикалды діни ағымдардың «тобыры мен пайғамбары» ролінде, сол сияқты деструктивті діни арбаушылықты залалсыздандырудың қарапайым және тиімді тәсілдеріне жаттыға алатын еді. Сондықтан жастардың радикалды діни ағымдарына тәуелділікті қалыптастыруға не ықпал ететінін білген маңызды. Ең жақсы қорғаныс – оны көре алу мен айыра білу қабілетінің болуы. Ал қазіргі келіп жатқан ислам ағымдары немесе басқа дін ағымдары болсын көздеген мақсаттары басқа сияқты. Өсіп, өніп келе жатқан еліміздің тыныштығын бұзу, арамызға іріткі салу. Мұндай ағымдарға қара домалақ қазақтарымыздың кіріп кетіп жатқаны да қаншама.  Бұл ағымдардың жетегінде жүруіне екі негізгі себепті атап айтсақ болады.

Топтық жұмыс:

ІІ деңгейлік тапсырма. «Мағынаны ашу» (тәуелсіз зерттеу)

І топқа тапсырма: Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі.

ІІ топқа тапсырма: Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі.

ІІІ топқа тапсырма: Қазақстан Республикаcының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен дінаралық келісім орнатудағы саясаты.

ІV топқа тапсырма: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшысының съездері,оның маңызы. /әр топ тақырып бойынша жоба дайындайды, берілген тақырып мазмұны мен мағынасын ашады және қорғайды./

І топ. Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі.

Діни келісім мен конфессиаралық бейбітшілік,бірлік тұрақтылық көпұлттық көптілді және көп конфессиялық Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіл әлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрі діндердің басшылары діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Қазір қазақстандағы діни ахуал дүние жүзінде тұрақты болып табылады. Негізгі діндер ислам мен православие арасындағы байырғы және достық қатынастар қалыптасты. Құрбан айт және Рождество ресми түрде демалыс күндері саналады. Біздің ұлт аралық және конфессия аралық келісім үлгісі - Қазақстанның кемсітушілікке қарсы күрес пен өзара түсініктікті және жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге қосқан үлесі болып табылады. Қазақстан бұрыннан келе жатқан әлемдік діндердің қиылысу жолының орталығы болып отыр. Осыған қатысты Елбасымыз Н.Ә.Н. өзінің Жолдауында «Біздің топырағымыз арғылы барлық әлемдік діндер өткен. Осынау рухани дәстүр- Қазақстандағы конфессиялар арасындағы татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі. Бұл жетістік арқылы біз күллі әлемге танылмақпыз.

ІІ топ. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі.

Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасқанмен, ол мемлекет , азаматтық қоғам,оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді.Осы арада Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдарын атап өту керек. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепілдік береді. Конституция діни,этникалық және басқа тұрғыдағы кемістушіліктерге тыйым салады.Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы «Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қалады.Ел маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі халықаралық келісіміне қосылады.Мемілекет конфессиялардың өз қызметтеріне жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасады. Бұл тәуелсіздік кезеңінде діни бірлестіктер санының артуына мүмкіндік берді.Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санағанымен,бұл басқа діни сенім иелерінің толыққанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді.Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар санының өсуі дәлел бола алады.Тәуелсіздік алғаннан бері провославиелік,католиктік ,протестаттық қауым мен буддистердің ұйымдар да қызмет жасайды.Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық дипломатты атауға болады.Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың институты құрылды.Осылайша,Қазақстанда уақыт тезінен өткен этноаралық және дінаралық келісім моделіі қалыптасты.Біздің еліміздегі түрлі конфессиялардыі өзара әрекеттестігіне тәжірибесін халықаралық аренадағы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар үлгі тұтады.

ІІІ топ. Қазақстан Республикасының Президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты.

Қазақстан жалпыға ортақ бейбітшілік пен тұрақтылық нығайту және аймақта тұрақтылық орнатуға қатысты біршама бастамаларды ұсынды. 2002жылдың қараша айында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ІХ сессиясындағы сөзінде барлық конференссияларда Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын қабылдауға шақырды. Елбасының бастамасымен 2003жылдың ақпанында Алматыда бес мемлекттің ресми және мұсылман,христиан,иудей, басқа конфессия өкілдері қатысқан.Бейбітшілік пен келісім халықаралық конферннциясы болып өтті.Конференцияны өткізу идеясын Рим Папасы Иоанн Павел. ІІ әлемдік конфессия басшылары ,әр елдің қоғамдық және діни бірлестік өкілдері қолдады.Конфессия басшылары, әр елдің қоғамдық және діни бірлестік өкілдері қолдады. Конференция қатысушылары мен қонақтары аттынан АҚШ, Израйл, Украйна және т.б мемлекет басшыларына хаттар келіп түсті. Форум соңында Бейбітшілік пен тұрақтылық декларациясы қабылданды.Бұл құжатта дін өркениеттер диалогын байланыстырушы болуы керек, «ал бейбітшілік пен халықтың гүлденуі барлық діндер мен әлем мәдениетінің ақырғы мақсаты болып табылады»делінген. Қорыта келгенде,бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы Қазақстан бастамалары Орта Азия,Еуразия континенті мен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жолында айтарлықтай маңызға ие.

ІV топ. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жылда бір рет әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтіп келеді.Дінаралық форумға қатысушылар қатарынан әлемдегі ірі конфессия басшылары,танымал саясаттанушылар,халықаралық ұйым өкілдері табылды. Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу – ғаламдық,аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогын дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі. Съездерді өткізу үшін Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайы тұрғызылды.Сарай біздің еліміздің нағыз рухани орталығына айналды,мұнда маңызды халықаралық форумдар мен конференциялар өткізіліп тұрады. Қазіргі кезеңде Сарайда өркениеттер диалогын жүзеге асруға ат салысатын ұйым – Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы қызмет жасайды. Елбасы айтқандай, « Орталық келісім және әділеттіліктің зияткерлік зертханасына айналуы қажет.» Форумға қатысушы ықпалды халықаралық институттар шеңбері де кеңейіп келеді. Олардың қатарында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ИКҰ бар. 2009 ж съезде тарихында алғаш рет делегаттар қатарынан әйел адам – американдық шіркеуаралық ұйым президенті Бернис Джексон болды. Президент Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде гі сөзінде диалог негізі болатын ұстанымдарды көрсетті. Біріншіден алдын-ала кесіп-пішушіліктен, өзара қабылдаудың ғасырлар бойы қалыптасқан қасаңдықтарынан бас тарту. Екіншіден, басқаның тылсым саласына басакөктеп кіруден саналы түрде бас тарту. Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немес келемеж тақырыбы болуы керек. Үшіншіден, әлемдік және дәстүрлі діндердің жаңа қалыпты емес қатерлерге бірлескен жауабы.Президент пікірінше,мұндай қатердің бірі – әлемдік діндер арқылы жеткен мың жылдық тарихы бар рухани дәстүрлерден қол үзіп қалу. Съездің тағы бір артықшылығы - оның жұмысына конфессия басшыларынан өзге мемлекет басшыларының,көрнекті саясат қайраткерлері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы.Бұл әлем қауіпсіздігін нығайтуға,мәдениет пен өркениеттерді жақындастыруға ықпалы тиер шешімдердің қабылдауына мүмкіндік береді.

Ой толғаныс

• Елбасы Н.Ә.Назарбаев қандай бітімгершілік бастамасын көтерді?

• Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі немен айқындалады?

• Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің мәні неде?

Неліктен дәл Астана рухани көшбасшыларының кездесуінің орнына айналды?

«Қазақстан – дінаралық келісім аймағы» деген сөз орамын қалай түсінесіздер?

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой

Менің қосарым

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу