ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
2025–2026 жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта келесі бағыттар қамтылған:
- оқу бағдарламаларының мазмұнын сапалы іске асыру;
- оқу жетістіктерін бағалау және академиялық адалдықты ұстану;
- мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық;
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау;
педагогтер мен мектеп басшыларының үздіксіз дамуы;
- ауыл мен шағын жинақты мектептердің әлеуетін көтеру;
- педагогтердің ғылыми мақала жазуына, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне әдістемелік қолдау көрсету.
Назар аударыңыз!
Қазақстанда 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Білім беру ұйымдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – білім алушыларға мамандықты саналы таңдауға негіз болатын еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру, мамандық таңдауға қолдау көрсету, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіруге бағытталған кәсіптік бағдар беруді қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзінде еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, бірлескен зертханалар мен инженерлер академияларын дамыту мақсатында 2026 жылды – Білім және ғылыми зерттеулер жылы деп жариялауды ұсынды.
Бұл бастама бірлескен зертханалар мен инженерлер академияларын дамытуға бағытталған. Білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі – білім алушыларды зерттеу іс-әрекетіне белсенді тарту, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту, сондай-ақ жобалау мен танымдық іс-әрекеттің негізгі дағдыларын қалыптастыру.
Биылғы оқу жылында білім алушылардың жобалық ойлауын дамытуды қалыптастыруға, ғылыми-танымдық іс-әрекетке белсенді қатыстыруға ерекше назар аудару керек, сондай-ақ білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзыреттіліктерін дамыту және үлгерімі төмен білім алушыларға академиялық қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғасын табады.
2025-2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мыналар:
- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын,
2–11(12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды;
- мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының
сабақтастығын қамтамасыз ету жоспары іске асырылуда;
- сапалы және қолжетімді білім беру үшін заманауи форматтағы «Келешек
мектептері» жобасы іске асырылуда;
- еліміздің 17 аймағында 5022 ауыл мектебінің әлеуетін дамыту бойынша
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда;
- «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бейіндік сыныптар құрылуда;
барлық орта білім беру ұйымдарында педагог – кәсіби бағдар берушілер білім алушылардың ерте кәсіптік өзін-өзі анықтау жұмысын ұйымдастыруда;
- педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілуде (ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025 жылғы №32 бұйрығы).
ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Орта білім беру ұйымдарындағы білім беру процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласы аясында:
бастауыш білім беру деңгейінде – «Дүниетану» (1-4-сынып);
негізгі орта білім беру деңгейінде – «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» (5-9-сынып), «Құқық негіздері» (9-сынып);
жалпы орта білім беру деңгейінде – қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» (10-11-сынып) оқу пәндері оқытылады.
.
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (2023 жылғы 26-қазандағы №323 және 2024 жылғы 8-ақпандағы №27 өзгерістер және толықтырулармен) 6-8, 16-20 (5-9 сыныптар) қосымшаларында, 21-30, 85-90 (10-11 сыныптар) қосымшаларында берілген.
«Қазақстан тарихы» (61-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 118-қосымшаға сәйкес 10-11-сыныптар), «Дүниежүзі тарихы» (62-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 119-қосымшаға сәйкес ЖМБ 10-11-сыныптары; 120-қосымшаға сәйкес ҚГБ) және «Құқық негіздері» (63-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 121-қосымшаға сәйкес ЖМБ 10-11-сыныптары; 122-қосымшаға сәйкес ҚГБ) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны - білім алушылардың тарихи ойлау, бүгін және өткенді түсіну және пайымдау дағдыларын және олардың өзара байланысы, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтанулық ақпарат көздерінің материалдары бойынша негізделген қорытындылар жасау, зерделеу, талдау дағдыларын қалыптастыру және олардың негізінде тәуелсіз пайымдаулар жасау, өз шешімдерін қабылдау; патриотизмге тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны білім алушылардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихы мен құқықтық сауаттылығының негізгі мәселелері бойынша білімдерін қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғамның құндылықтарын түсінуге бағытталған. Білім алушыларда тарихи оқиғалар, құбылыстар мен процестерін талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және бағалауға негізделген тарихи ойлау дағдыларын, құқықтық нормалар, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер негізінде құқықтық жағдаяттарды талдау, бағалау үшін қажетті құқықтық сауаттылығын дамытуды көздейді.
«Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндерін оқытуда ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында айқындалған базалық құндылықтармен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы №123 бұйрығымен бекітілген «Адал азамат» бағдарламасындағы «Әділетті Қазақстан-Адал азамат-Озық ойлы ұлт» идеясына негізделген түйінді құндылықтар білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз ету үшін білім беру мазмұнына интеграциялау маңызды.
Түйінді құндылықтардың оқу процесіне интеграциясы білім алушылардың Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, ұлттық мұраға ұқыпты қарау, адал еңбекті құрметтеу, сыни және креативті ойлау, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау т.б. құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында құндылықтар мен құзыреттіліктерді оқу процесіне кіріктіру ерекшелігі
Оқу процесінде «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндерін оқыту барысында білім мазмұнына тәрбиенің түйінді құндылықтарын кіріктіру азаматтық жауапкершілікті, тарихи сана мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталады.
«Тәуелсіздік және отаншылдық»
«Бірлік және ынтымақ»
«Әділдік пен жауапкершілік»
«Заң және тәртіп»
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік»
«Жасампаздық және жаңашылдық
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесінде білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту келесі тарихи концептілер (түсініктер) арқылы жүзеге асырылады:
- өзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
-дәлел;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
«Адал азамат» бағдарламасының аталған түйінді құндылықтарын «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндерінің мазмұнына кіріктіру тарихи концептілері арқылы жүзеге асырылады.
Бұл өз кезегінде білім алушылардың бойында ұлттық мүддені ілгерілету, қоғамға адал қызмет етуге дайын болу, адалдық және заңның үстемдігін сақтау, қоғам талаптарын құрметтеу, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу мен тарихи-әлеуметтік құбылыстарды сын тұрғысынан бағалау, шешім қабылдау, өз көзқарасын дәлелдеу сияқты құзыреттіліктері қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.
«Құқық негіздері» оқу пәні білім алушылардың құқықтық санасын, құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдаяттарды талдау және нормативтік құқықтық актілер арқылы дәлелдеу, құқық нормаларын қолдану, құқықтық жүйенің жұмыс істеу тетіктерін түсіну қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сондықтан оқу процесінде білім алушылардың тұлғалық және азаматтық құндылық ретінде заң нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсінуіне назар аудару қажет.
Оқу процесін келесі тәсілдер негізінде ұйымдастыру ұсынылады:
--әділдік, жауапкершілік, заң және тәртіп, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына құрмет құндылықтарын оқу пәнінің әрбір тақырыптық бөліміне жүйелі түрде кіріктіру;
--өмірлік жағдаяттарды шешуде белсенді оқыту әдістерін, кейстерді, рөлдік және іскерлік ойындарды қолдану;
--құқықтық құжаттарды, Конституция нормаларын, нақты құқықтық жағдайларды талдауға арналған тапсырмалар негізінде білім алушылардың сыни ойлауын дамыту;
--білім алушылардың құқықтық білімнің күнделікті өмірдегі маңызын түсінуге көмектесетін өмірмен байланысты әлеуметтік тәжірибеден алынған мысалдарға, өзекті құқықтық мәселелер мен нақты жағдайларға назар аудару.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламасында әр тоқсанның соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары берілген.
Білім алушылардың зерттеу құзыреттерін қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ сыни ойлау, коммуникация және ынтымақтастық дағдыларын жетілдіру мақсатында әр тоқсанның соңында жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады.
Жобалық-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың мақсаты – зерделенген бөлімнің негізгі аспектілері бойынша теориялық материалды жинақтау, талдау және жүйелеу, сондай-ақ оқу-зерттеу жұмысы аясында алынған білімді практикада қолдану дағдыларын дамыту. Сондықтан оқу процесін жоспарлау мен білім алушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру барысында осы ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылады.
Білім алушылардың тарих сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту мақсатында төмендегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылады:
деректі, публицистикалық, көркем, оқу мәтіндерін немесе олардың үзінділерін тарихи дереккөз ретінде талдау, бұл дереккөзден сұрақтарға жауап іздеу, ақпаратты таңдау және талдау дағдыларын дамытады;
тарихи оқиғалардың түрлі нұсқаларын ұсынатын тарихи дереккөздерден алынған ақпаратты салыстыру.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру үшін PISA, PIRLS және т. б. халықаралық салыстырмалы зерттеулердің материалдарымен, тест жинақтарымен және нәтижелерімен «Талдау» АҚ сайтынан танысуға болады
h t t p s : / / t a l d a u . e d u . k z / s t o r a g e / a p p / m e d i a / P I S A / % 2 0 %D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BF%20PISA-2022.pdf
ФБ, БЖБ және ТЖБ бойынша балл қою кезінде мұғалімдер келесі аспектілерді ескеру керек
Нәтижелерді тіркеу: Формативті бағалау (ФБ), бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) бойынша алынған балдар электронды журналға енгізіледі.
Тоқсандық бағаны қалыптастыру: ФБ нәтижелері – 25%, БЖБ нәтижелері – 25%, ТЖБ нәтижелері – 50% үлесте ескеріледі.
ФБ бойынша балдар: 2–11-сыныптарда ең жоғары балл – 10 балл (ФБ үшін балл әр сабақта қойылуы міндетті емес).
БЖБ бойынша балдар: 1–4-сыныптар – 7-ден 15 балға дейін; 5–11(12)-сыныптар – 7-ден 20 балға дейін.
ТЖБ бойынша балдар: Пәндер мен сыныптар ерекшеліктеріне байланысты тех- никалық сипаттамаларға сәйкес белгіленеді.
Бағалаудың объективтілігі: БЖБ және ТЖБ бойынша қорытынды балл қойған кез- де қателер, тапсырма шарттарының рәсімделуі немесе білім алушының тәртібі есепке алынбайды.
Балды бағаға ауыстыру шкаласы: 0%–39% – «2»; 40%–64% – «3»; 65%–84% – «4»; 85%–
100% – «5»
Жылдық баға (2–11(12)-сыныптар үшін): Тоқсандық бағалардың арифметикалық ортасы ретінде есептеледі және бүтін санға дөңгелектенеді. Жылдық баға қоры- тынды баға болып табылады.
Оқу пәндерінен бөлім бойынша жиынтық бағалау сандары
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы №93 бұйрығымен енгізілген) негізінде жүргізіледі.
«Тарих» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
«Дүниежүзі тарих» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
«Құқық негіздері» оқу пәнінен бөлім бойынша
жиынтық бағалау саны
Оқу процесіне жасанды интеллектіні кіріктіру
2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, №5 хаттама, 10.06.2024 ж.) негізінде білім беру ұйымдарына оқыту мен тәрбие беру процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын жүйелі түрде енгізу ұсынылады.
Орта білім беру ұйымдарына арналған ұсынымдар:
Педагогикалық ұжымды әдістемелік ұсынымдардың мазмұнымен танысты- ру, оларды оқыту тәжірибесіне кезең-кезеңімен енгізуді ұйымдастыру;
Жасанды интеллектті пайдалануға байланысты этикалық қағидаттар, рұқсат етілетін қолдану формалары, академиялық адалдықты сақтау алгоритмдері мен бұзушылықтарды қарау механизмдері қамтылатын мектепішілік саясатты әзір- леу;
ЖИ-ді оқу процесіне кіріктіру жолдары:
Әдістемелік ұсынымдардың 3.4.1–3.4.4 тарауларына сәйкес жасанды интел- лектті қолдана отырып сабақтар әзірлеу;
Жаңа материалды түсіндіру, жоспарлау, бағалау және рефлексия барысында ЖИ құралдарын пайдалану;
Педагогтардың цифрлық сауаттылығы, ЖИ этикасы және генеративті модель- дер бойынша біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және әдістемелік қолдау көрсету;
Білім алушылардың ЖИ өнімдерімен жұмыс істеуі кезінде ЖИ қолдану эти- касын насихаттау (әдістемелік ұсынымдардың 1.3 бөлімі);
Білім алушылардың сыни пайымдау, ақпараттық гигиена және цифрлық тех- нологияларды саналы пайдалану дағдыларын қамтитын цифрлық құзыреттерін дамытуға жағдай жасау.
Жасанды интеллект – бұл педагогтің
жаңа мүмкіндіктері мен цифрлық көмекшісі
Жасанды интеллект (ЖИ) – бұл келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар:
деректерді жинап, талдайды;
материалдарды білім алушының деңгейі мен қызығушылықтарына бейімдейді;
күнделікті тапсырмаларды автоматтандырады (тест, есептер);
көрнекі және интерактивті ресурстарды жасауға көмектеседі.
САБАҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ МАЗМҰН ҚҰРАСТЫРУ
САБАҚ ӨТКІЗУ
БАҒАЛАУ
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС
МҰҒАЛІМНІҢ ЦИФРЛЫҚ АССИСТЕНТТЕРІ
Жасанды интеллектіні енгізу бойынша ұсыныстар
Шағыннан бастаңыз: бір-екі қарапайым сервисті таңдап, оларды сабаққа дайындық кезеңінде қолданып көріңіз.
Саралап қолданыңыз: материалдарды оқушылардың жасы мен бағдарламасына сәйкес өңдеп, бейімдеңіз.
Қауіпсіздікті сақтаңыз: оқушылардың құпия деректерін ашық сервистерге жүктемеңіз.
Тәжірибе алмасыңыз: сәтті тәжірибелерді мектептің әдістемелік бірлестіктерінде талқылаңыз.
Жасанды интеллект — бұл уақытты үнемдейтін және оқыту тәсілдерін кеңейтетін құрал. Алайда басты құндылық бұрынғыдай — сіздің педагогикалық шеберлігіңіз.
АТАУЛЫ КҮНДЕР
- Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 180 жыл (1845-1904).
- Жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 110 жыл (1915-1973).
- Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткерi Мiржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл (1885-1935).
- Жазушы, қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн салушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннiң туғанына 130 жыл (1895-1983).
- Көрнектi ағартушы, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушi, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл (1835–1865).
- Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (1910- 1982).
- Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846-1945).
- Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсi Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл (1866-1937).
- Педагог, қоғам қайраткерi Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл (1906-1968).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру