6 класс Білімім Отаныма тәрбие сағаты
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: | 19.05.2025 | |
Сынып: 6 сынып | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | Білімім Отаныма | |
Құндылықты дарыту | Оқушыларға білімнің маңызын түсіндіру, білімнің Отанға қызмет етудегі рөлін көрсету. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. | |
Қауіпсіздік сабағы | «КИБЕРБУЛЛИНГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ. ҚАЛАЙ ЕРТЕ ТАНУҒА ЖӘНЕ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?» | |
Мақсаты | Сабақтың мақсаты: оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыру және осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу | |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушылармен амандасу, көңіл-күйін сұрау. "Шаттық шеңбері" арқылы жақсы көңіл-күй қалыптастыру: Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтып, тілектер білдіреді. ІІ. Кіріспе бөлім (10 минут) Мұғалім әңгімесі: "Балалар, білім деген не? Білімді адам қандай болады?" Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім қорытындылайды: "Білім – адамның жарығы, ол бізге болашақта жақсы азамат болып, Отанымызға пайда әкелуге көмектеседі." Мақал-мәтелдер сайысы: Мұғалім білім туралы мақалдар айтады, оқушылар жалғасын табады. "Оқу – білім бұлағы, ..." (Білім – өмір шырағы). "Білекті бірді жығады, ..." (Білімді мыңды жығады). | 📖 Білімім – ОтанымБіз мектепте білім аламыз. Білім – өміріміздің жарық шамы. Оқу арқылы көп нәрсені үйренеміз. Отанымыз – Қазақстан. Ол – біздің туған жеріміз. Біз жақсы оқысақ, Отанымызды көркейтеміз. Болашақта ғалым, дәрігер, мұғалім болып, елге қызмет етеміз. Отанды сүю – оны қорғау, оны құрметтеу. Жақсы оқу – Отан алдындағы парызымыз! | презентация | |
Сабақтың ортасы | "Мен білімді баламын" ойыны Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Мысалы: "Біз не үшін оқимыз?" "Қандай маман болғың келеді?" "Егер сен ғалым болсаң, қандай жаңалық ашар едің?" Рөлдік көрініс "Білімнің күші" Екі бала әңгімелеседі: біреуі бала білімнің пайдасы туралы түсіндіреді. білімді болу – табысты болудың кілті. "Болашақтағы арманым" сурет байқауы Балалар болашақта қандай маман болғысы келетінін суретке салады. Әр бала өз суретін таныстырып, мамандық туралы ойымен бөліседі. | Сұрақтар:
| Интербелсенді тақта/ компьютер | |
Сабақтың соңы | "Біз білімді боламыз!" топтық серт қабылдау Оқушылар "Мен білімді, еңбекқор баламын. Біліміммен Отанымды көркейтемін!" деп айтады. Сабақты қорыту, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Үй тапсырмасы: ата-анасынан "Білімнің пайдасы" туралы сұрап, ойларын жазу. | ✍ Сөйлемдерді толықтыр:
| презентация | |
Қауіпсіздік сабағы | «КИБЕРБУЛЛИНГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ. ҚАЛАЙ ЕРТЕ ТАНУҒА ЖӘНЕ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыру және осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу. Негізгі міндеттер:
1.Кіріспе (2 минутқа дейін) Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы адамдарға өзін-өзі дамыту мен қарым-қатынас үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Бүгінде желіні пайдаланушылар саны ондаған миллион адамды құрайды, олардың көп бөлігі – балалар мен жасөспірімдер. Бірақ интернет тек мүмкіндіктер көзі ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі бола алады. 2.Негізгі бөлім Кибербуллинг – бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту. Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу үшін қосымшаларда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін. Бұл қайталанатын эпизодтар, олардың мақсаты – аңдып жүргендерді қорқыту. Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалардың денсаулығына, мектеп үлгеріміне кері әсерін тигізеді. 3. Қорытынды Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру