Тәрбие сағаты. 25 қазан-Республика күні


25 қазан –Республика күні

Табырыбы : Қазақстан –туған елім, ұлы өлкем

Тәрбие сағатының мақсаты:1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.Тәрбие сағатының әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Сәлеметсіздерме балалар!Күз: сәлеметсіздерме балалар!Бүгін сіздерде тәрбие сағаты болып жатыр екен. Дендерің сау, дастархандарың мол болсын !Мен өзім ғана келген жоқпын, өзіммен бірге айларымды ерте келдім.Тәрбиеші: Бізге қонаққа күздің қыркүйек, қазан, қараша айлары келіпті.Осы айлар ішінен қазан айына сөз берсек.Менің атым- қазан. Күзгі жиын-терінің соңғы айымын, еңбеккер елді той- думанға кенелтемін.Балалар қазан айында қандай мереке күндер барын білесіңдер?Балалар:- Ұстаздар күні,-Қарттар күні,– Республика күні.Тәрбиеші: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Хор:Әнұран.Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?-МенАлтын сәулені сүйетін кім?-МенЖарын даланы сүйетін кім?-МенАта-ананы сүйетін кім?-МенДосын сүйетін кім?-МенБолашағы елімнің кім?-МенКәне балалар Отан деген не?Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.Балалар біздің отанымыз қалай аталады?-Біздің отанымыз Қазақстан.Еліміздің бас қаласы қалай аталады?-Біздің бас қаламыз АстанаБіздің Президентіміз кім?Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?Ту, Әнұран, Елтаңба.Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім,Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.Арыстандай айбаттым.Жолбарыстай қайраттым,Аспандаған байрақтыңҚанша жұлдыз жайнаттың.Қанша бұлбұл сайраттың ,Қазақстан ардақтым. Күнді құшқан қос қыран,Аясында қалқыған.Аспан түсті туым бар,Көк теңіздей шалқыған.Көк туым көтерілді бағым жанып,Елтаңбам әлемге танылды анық.Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,Арманым ата заңым қабылданып.Өзіңдікі туыңда,От пен ауа, суың да.Жаса Қазақстаным,Белді бекем буында. Отан от басынан басталады.Отан оттан да ыстық.Тәрбиеші: Қазақ халқының мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті .Ал халық ауыз әдебиетіндегі жол- ол даналар мәйегі. Олай болса балалар қазақтың қандай билерін білесіңдер?«Сөз бастаған шешендер» атты көрніс тамашалайық..Төле би: Бір бала әкесінен өтіп туады,Бір бала әкесіне жетіп туады,Бір бала кері кетіп туады.Қазбек би: Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисін.Тәрбиеші: Даналық сөздеріңізге рахмет.Балалар енді «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық.

Қоржын ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру.Балаларды мадақтау.-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралыТақпақ айтып жіберейік.Бала бақша есігін,Үшке тола ашқанбыз.Балапандай өсіріпМәпелейді бақшамыз.Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағаты ұнады ма?Ойын :Өз туыңды тауып ал .

Қорытынды: Байтақ дала жерім меніңАрта берсін даңқың сеніңКөк байрағың желбіресінЕгеменді елім менің – дей отырып,Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу