Білімім Отаныма жинақталған тәрбие_сағаты


Бекітемін:

Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Білімім - Отаныма»

Күні

Сынып жетекшісі

Сынып

Оқу мақсаты

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде , ар-ұят

Пәнаралақ байланыс

Қазақ әдебиеті

Өткізілу формасы

Сайыс сабақ

Күтілетін нәтиже

Танымдық көзқарасы қалыптасады.Ой – өрісі , таныымдық дүниетанымы қалыптасады.Логикалық ойлау , сөйлеу қабілеттері шыңдалады.Туған жерін құрметтейтін саналы ұрпақ қалыыптасады.

Көрнекілігі

Мақал -мәтелдер , әр отбасының дайындаған слайд , әртүрлі қажетті құралдар.

Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Сәлемдесу , сайыстың мақсатымен таныстыру .

Гимн .

Тренинг : «Мен өз Отанымның білімді ұрпағымын өйткені мен ... »

Топқа бөлу.

Амандасады, мақсатымен таныс болады.

Гимн айтады.

Тренинг шарты бойынша оқушылар өз ойларын білдіру арқылы сөйлемді аяқтау керек.

Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді

Слайд

Негізгі бөлім

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сендердің ең дұрыс шешімдерің.Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім.Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға әкеліп соғады.Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет!Білім қаруыңды күн сайын «оқта»!«Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам».Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып табылады.

«Ой қозғау»

Қай ғалымның сөзі?

....... - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

........., жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан

шығады.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой

азаттығымыздың алдаспаны. Заманауи әлемде елдің қуаты

ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.  Білім -

асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам

қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.

Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер

ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні. Білім ұрпақтан

ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие!

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық

пен халықты,адам мен адамды теңестіретін -білім» деген.

Еңбекқорлық-адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына

уақытында жеткізетін қасиет. Еңбек - жауапкершілікке

жетелейді. Жетістікке жетудің сыры – қажырлы

еңбек. «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады,

еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің

адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. 

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған.

Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет,

ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып

отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды

қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.

Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды

қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер?

Отаншылдық - келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім

машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын

сүюге, ар-намысын қорғауға, және т.б. ізгі адамгершілік

қасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы Отанға, өзінің

халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады.

Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі,

ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, жасампаз еңбегінен

көрінеді.

-Олай болса , бүгінгі тәрбие сағатының аялдама тапсырмаларымен таныс болыңыздар.

Бірінші аялдама тапсырмасы:

1-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға «Біз терең білімді оқушы болу үшін

не істеу керекпіз?» тақырыбында ойларын, идеяларын

талдайды.

2-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?

3-топ

Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?

Екінші аялдама тапсырмасы:

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар, «Шатастырылған логикалық тіркестер» әдісі

шатастырылған сөздердің қиындылары беріледі. Сол

қиындылардан тақырыпқа сай қанатты сөздер мен оның авторларын сәйкестендіреді.

Үшінші аялдама тапсырмасы

1-топ: Білім туралы мақал-мәтел айтады

2-топ: Отан туралы мақал-мәтел айтады

3 – топ мақалдың жалғасын табу керек.

Төртінші аялдама тапсырмасы:

«Сиқырлы қорапша» ойыныСұрақ қорапшасынан әр топ үш сұрақтан суырып, жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса келесі топтар жауап беруге болады. 1.ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл 16-желтоқсан) 2. Еліміздің бас қаласы (Нұр-сұлтан) 3.ҚР президенті кім? (Қ.К.Тоқаев) 4. ҚР туының авторы (Шәкен Ниязбеков)5. ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов) 6. Әнұранымыздың авторлары (С.ж: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов) 7. Еліміздің төл теңгесі қашан дүниеге келді? (1993 жыл 15-қараша)8.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)9.Қазақстанның жер көлемі қанша?  (2 млн. 724 мың шаршы километр)

10. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас жатыр? (Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде солтүстігінде және батысында Ресеймен — 7591 км құрайды.

Оңтүстігінде: Түрікменстан — 426 км, Өзбекстан — 2354 км және Қырғызстан — 1241 км, ал шығысында: Қытаймен — 1782 км шектеседі.

Қорытынды:

Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір

кемеңгер де шықпайды»

Д. И. Менделеев

Осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?

«Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке

жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар, сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту.Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел

патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің

тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші  міндеті – сол

елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің

патриоты екенін дәлелдеу. Ұрпағы білімді халықтың

болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, жарқын

болашақ жолындағы игі істеріміз арта берсін!

Оқушылар сынып жетекшісінің алғы сөзін тыңдайды.

Оқушылар жауаптарын айтады.

Еріншектік

Талапсыздық

Оқушылар топ ішінде тапсырмаларды орындап , ортаға салады.

1.«Отаның үшін отқа түс – күймейсің»

Бауыржан Момышұлы

2.«Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу».

Ахмет Байтұрсынұлы

3.«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден».Әлихан Бөкейханов

4.«Білім — адам баласының ортақ қазынасы».Жүсіп Баласағұни

5.«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»Шоқан Уәлиханов

Бірінші топ оқушылары білім туралы мақал – мәтелдер айтады.

1.Күш — білімде, білім — кітапта.2.Қына тасқа бітеді,   Білім басқа бітеді.3.Білегі күшті бірді жығады,  Білімі күшті мыңды жығады.4.Өз білмегеніңді кісіден сұра,  Үлкен жоқ болса кішіден сұра.5.Ақыл — тозбайтын тон,   Білім – таусылмайтын кен.

Екінші топ оқушылары Отан туралы айтады.

1. Отан от басынан басталады. 2. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 3.Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 4. Отан оттан да ыстық. 5. Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің. т.с.с  мақал-мәтелдер айтылады.

Үшінші топ оқушылары мақалдың жалғасын табады.

1.Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт-берекең — атаң қымбат, Аймалайтын — анаң қымбат, Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

2.Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді.

3.Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

4.Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

5.Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

6.Отан от басынан басталады.

7.Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. /

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

Слайд

Тәрбие сағатының соңы

Кері байланыс :

«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.

«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз". (А. Байтұрсынұлы) Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың. Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер. 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз. Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Өз кезегін сайыскерлерге берелік.

Сұрақтар:

1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар? 1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу. 2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?

презентация

Сабақтың ортасы

1

Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама

кітап - книга - bооk

2

Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы

(ит - собакa - dog).

3

Жүз теңгең болғанша, Жүз.. болсын.

(дос - друг - friend)

4

Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар.

бор - мел - chalk

5

Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде

қаламсап - ручка - реп

6

Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.

қоңырау - звонок – bеІ

Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?

1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу.4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу.

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

ҮІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті. Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы:- Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра.- Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық.- Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.- Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады.- Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді.- Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуций.

презентация

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

Биік шыңдарға біліммен, танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрету. 

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқысаң – озарсың,

Оқымасаң – тозарсың.

Білімдіні бала болса да, аға деп біл.

Адамның көркі киім емес, білімі.

Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға, еркін сссөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір–бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір–бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты құндылықтарымен бірге, күнделікті сабақтан хабардан болып отыруға тиіссіздер. 

Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?

1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу.4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу.

- Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер ? 

презентация

Сабақтың ортасы

«Дарабоз» зияткерлік ойыныI – «Бәйге» Әр бала бір сұраққа тез жауап береді. ( он бес сұрақ берілді, әр жауап – бір ұпай)

Жауаптары:

1. 1 – қыркүйек.2. Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.3. 1991 ж. 16 желтоқсан4. Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.5. Басшы Әзірханов  6. Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.7. Әнұран, елтаңба, ту.8. Тәурат – Мұсаның кітабы, Забур – Дәуіттің кітабы, Інжіл – Исаның кітабы, Құран Мұхамедтің кітабы.9. Қайрат, Лаззат, Сабира, Ербол.10. Бауыржан Мұхаметжанов11. 1995 ж. 30 тамыз12. Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.13. 6 – шілде.14. Су анасы – бұлақ , Жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.15. 365 – 366.

Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар. Әр жауапқа 5 – ұпайдан 15 ұпай беріледі.

1. Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап – книга – book)2. Жеті қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы (ит – собака – dog)3. Жүз теңгең болғанша, Жүз .... болсын. (дос- друг – friend )4. Тұмсығымен қозғалар. Соңынан аппақ із қалар. (бор –мел – chalk)5. Тіс жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қаламсап – ручка – pen)6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (қоңырау – звонок – bell)   

1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? (мерген)2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім? (Хиуаз Доспанова)3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ  Кенес Одағының Батыры атағын алды? (97)4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды? (1 млн. 200 мың)

1. Білім күні қай күн?2. Бес қаруды ата.3. Еліміз Тәуелсіздік алған күн?  4. Жеті қазына ата5. Бейнелеу ауданының әкімі кім?6. Үш қуатты ата.7. ҚР–ның рәміздерін ата.8. Төрт кітапты атап бар.9. Желтоқсан құрбандары кімдер?10. Маңғыстау облысының әкімі кім?11. ҚР–ның ата заңы қашан қабылданды?12. Бес жаратылысты ата.13. Астананың туған күні?14. Үш көзді ата.15. Күн көзі жылына неше рет шығады?   

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.

презентация

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу,білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы,білім,ғылым жаңалықтарымен танысу. Оқушылардың ана тілін сүюге,адамгершілік қасиетін қалыптастыру,бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп,содан үлгі өнеге алуға баулу,ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушыла!.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты-білім,ғылым туралы,білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы жайлы білу.Халқымыз жан жақты адамды сегіз қырлы,бір сырлы дейді.Адамның сегіз қырының бірі оның білімі.Білімді адамның көкірегі ояу болады,жақсы мен жаманды айыруды біледі.Міне,осы туралы өз ойларыңды ортаға саласыңдар.

Тәрбие сағатын өткізу үшін екі топқа бөлеміз.

1-топ.Білімділер.Ұраны.Білімді мыңды жығады,Батырдан дұшпан ығады.

2-топ.Алғырлар.Ұраны.Ғылым деген-бір бұлақ, Көрінер көзін ашпаса.

1.Аталы сөз білімді болуға бастайды.

А.Қандай аталы сөздер білесіңдер?

Б. Халық тағылымы-тәрбие бастауы. 2.Біліммен қаруланған қор болмайды.А.Білім туралы қандай заңдар білесіңдер? Б.Абайдың білім туралы айтқан ойлары. 3.Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез.Көрініс.

4.Білімсіз күнің жоқ.А.Мақал-сөз көркі.

Б.Қандай өлең жолдарын білесіңдер?5.Ел ертеңі көз алдымызда.Бастаушы қоржыннан сұрақтар алып,сол бойынша жауаптар беріледі.

1.Аталы сөз білімді болуға бастайды.

А.Қандай аталы сөз білесіңдер? 1-топ.1.Ашу деген-ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген-дария Алдын тоссаң тоқырар.2.Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.3.Кісі бірге туыспау керек, Туысқаннан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, Жол қуған олжаға жолығады.2-топ.1.Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса. Халқына қайраны болмаса. 2.Суалмайтын суат жоқ Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да Құрғамайтын құрақ жоқ. 3.Жүзге бөлінгендердің жүзі қара Руға бөлінгендердің құруға асыққаны Атаға бөлінген адыра қалады Көпті қорлаған көмусіз қалады.

Б.Халық тағылымы- тәрбие бастауы. 1-топ.Отан оттан ыстық деген не? Көктен биік деген не? Жерден ауыр не? Судан терең не?Жерден ауыр дегенім ақыл,білім, судан терең дегенім оқу білім, оттан ыстық дегенім адам өмірі, көктен биік тәкәппардың көңілі.3. не жетім жаңбыр жаумаса жер жетім, басшысы болмаса ел жетім, тыңдаушысы болмаса сөз жетім.Дүниеде не тәтті, не жумсақ, не қатты? Ананың сүті тәтті, ананың қолы жумсақ, әкенің жүрегі қатты.2. топ. Кім жақын? Тату болса ағайын жақын, ақылшы болса апайың жақын, бауырмал болса інің жақын, алдыңа тартқан адал асың, қимас жақын қарындасың.Не қымбат? Алтын ұя Отан қымбат, қуат береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың жерің қымбат, бәрінен де ұят пенен ар қымбат.3. Не қиын? Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын, іске аспаған серт қиын, ақылыңнан адасып, өзің түскен өрт қиын.

презентация

Сабақтың ортасы

1-жетекші. Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария.2-жет. Көп өнеге сөзі бар, сөзі соқпақ өзі нәр.Екі топтың жетекшісі қорытындылап отырады.2. топ. Біліммен қаруланған қор болмайды.1. білім туралы қандай заңдарды білесіңдер?Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.2. топ. Бул жобадағы білім жүйесінің басты міндеті мемлекеттік білім жүйесін жаппай ақпараттандыру.Абайдың білім туралы айтқан ойлары.Болмасақ да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз. Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көрсеңіз. Әсемпаз болма әрнеге, өнер паз болсаң ар қалан. Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан. Жасымда ғылым бар деп ескермедің, пайдасын көре тура тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім.

 Бұл жобада білім жүйесін ақпараттандыру, таланттылыққа, бірлікке ынталандыру туралы айтылған, әр бір заңды біліп жүру басты парызымыз.

Отаншылдық - келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-намысын қорғауға, және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы Отанға, өзінің халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады. Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі, ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, жасампаз еңбегінен көрінеді.

Шығармашылық жұмыс Оқушылар, «Шатастырылған логикалық тіркестер» әдісі шатастырылған сөздердің қиындылары беріледі. Сол қиындылардан тақырыпқа қатысты мақал құрастырады

1 жетекші. Ата салты ардақты, әр бір сөзі салмақты.2 жетекші. Сол сөздерді ұқпасаң, тістерсің бір күн бармақты.

Мақал құрастырады

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Бүгін баламыз, ертең біз -Қазақстанның болашағымыз. Сондықтан біліммен қаруланып, еліміз қажет ететін азамат болып, өз жеріне кірпіш болып қалануға дайын тұруымыз қажет. Сонымен қатар, Отанымызға адал қызмет етуіміз керек.

презентация

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және білімдерін тексеру.ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Стоп» арқылы түрлі елдің амандасу әдебімен танысып, сол үлгіде оқушылар амандасады.

Білгірлер, Алғырлар арқылы екі топқа бөледі.

Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.

Оқушылар бір-бірімен амандасып, тілек айтады.

Білгірлер, Алғырлар бойынша топқа бөлінеді

  • Сұрақтар:

1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?1. Білім алу.

2. Отанды сүю.

3. Ана тілін сүю, құрметтеу,

4. Ұлт жанды азамат болу.

5. Атамекенді, туған жерді сүю.

6. Денсаулығы мықты азамат болу.2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?

презентация

Сабақтың ортасы

Сұрақтар

Жауаптары:

1.

Соңғы қоңырау

25 мамыр

2

Бес қаруды ата

Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта

3

Еліміз Тәуелсіздік алған күні?

1991ж. 16 желтоқсан

4

Жеті қазынаны ата

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы

5

Үш қуатты ата.

Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат

6

ҚР - ның рәміздерін ата.

Әнұран, Елтаңба, Ту

7

Төрт кітапты атап бер.

Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы

8

Желтоқсан құрбандары кімдер?

Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол

9

ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?

1995ж. З0 тамыз

10

Бес жаратылысты ата

Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», -

деген Әл –Фараби бабамыз. Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,Өз кезегін сайыскерлерге берелік.

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақылжастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасатымол азамат болып өсейік.

презентация

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

Білім алушылармен тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; шешендік өнерді жастар арасында насихаттау және күнделікті өмірді пайдалана білуге дағдыландыру; сайыс арқылы білім алушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айтуға, көпшілік ортада еркін сөйлеуге баулу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жауап береді

презентация

Сабақтың ортасы

ҮІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті. Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы:- Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра. - Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық.- Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.- Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады. - Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді.- Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуци

Интербелсен

ді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

 Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар-дей келе  білімділік пен ізгілікті әрқашанда бойымызға дарыта берейік.

презентация

Мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Білімім Отаныма

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға білімнің қажеттілігін, күшін түсіндіру және олардың білімге деген құштарлықтарын арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.

Бұл кезеңде Әнұран орындалады, қазақ халқының символы болатын ұлттық брендтер әкелінеді, қазақша би биленеді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал

Оқушылар

дың пікірі тыңдалады

слайд

Жаңа сабаққа кіріспе

«Миға шабуыл» әдісі

1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?.

2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?

1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу

Сабақтың ортасы

26 мин.

«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың. Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында, Ізденіңдер, білім алу жолында. Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді. Білім де талпынсаң қонады. «Ит маржанды не қылсын» деген ұлы Абай. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.

Ал балалар, сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді? Ортаға салайық.

1-оқушы: Мен болашақта мұғалім болғым келеді. Өйткені елдің болашағы, оның өркендеуі үшін ең алдымен білім қажет. Ал білімнің бастауы, тұтқасы иұғалім.

2-оқушы: Банкир болғым келеді. Өйткені дамыған бай мемлекет болу үшін қаржы бірінші мәселе болып табылады. Банклік қызметте жаңа өзгертулер енгізіп, тың ұсыныстар кіргізсем деймін.

3 – оқушы: Дәрігер болсам деймін. Мемлекетіміздің дамып, өркендеуі үшін дені сау азаматтар жұмыс істеу керек. Елдің болашағы сондықтан дәрігерлердің қолында. Елім үшін еңбек етер білікті дәрігер болғым келеді.

4 – оқушы: Ал мен болсам әнші болғым келеді. Қазақтың ұлттық әндерін дүниежүзіне таратып, Қазақстанды бүкіл елге паш етсем. Қай ел болмасын мәдениетінің асқақтығымен танылады. Сондықтан қазақ дәстүрін ән әуезі арқылы бүкіл дүниеге таратсам деп армандаймын.

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға.

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін, - дегендей енді пікір сайысымызды бастайық.

1 – сұрақ: Қазақстанды 2030 жылы қалай елестетесің?2 – сұрақ: Қазақстанды гүлдендірудегі өз үлесің.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Менің жастарға айтарым, мемлекет және өздеріңнің ата – аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар. Жұмыс істеуді үйренейік. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен безіңіздер. Ел – болашағы мына сіздердің қолдарыңызда.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

1. Оқушылардың  пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.

2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге ,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше   жұмыс істеуге дағдыландыру.

1.Оқушылардың болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп,елін жерін, оның дәстүрін сыйлауға, дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

 Сабағымызды бастамас бұрын «Менің есімім» ойынын ойнап жіберейік.Бұл ойындағы негізгі мақсат оқушы өзін таныстырады, есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып,, өздерін таныстырады.Мыс: инабатты Индира,құлпырған Қызғалдақ

1. Кіріспе әңгіме. 

Мұғалім.  Бүгінгі ұрпақ -халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Бүгінгі сабақта сендердің ой-өрістерін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын білімді топты анықтайтын, білімге деген қызығушылықтарынды арттыратын «Қазақстан болашағы білімді ұрпақ қолында» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз. Бұл ойында біз осы уақытқа дейін алған  білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін көрсетеміз.  Білімді адам ешнәрседен

қорықпайды, мазасызданбайды.Әр уақытта батыл .

 Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім-кең қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай

презентация

Сабақтың ортасы

Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді.Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама». Омар Хаямның соңғы сөзі былай: «Алла! Мені өзің берген білімің үшін кеше гөр!».«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.- Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,Ізденіңдер, білім алу жолында.Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Білімді ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. 

презентация

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаным

Мақсаттары

а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында.  

Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады. Тірек білімдерін жетілдіру:

Мектеп қандай орын?

Мектепке не үшін келеміз?

Білім беретін кім?

Білім беретін тағы не?

Мектеп мүлкін қалай пайдалану керек?

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек.

презентация

Сабақтың ортасы

- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?- Біздің - Отанымыз Қазақстан.- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.росы, тарат, раба, іенмс.

Полиглот.20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?20 – Еліміздің бас қаласы20 – ҚР президенті50 – ҚР туының авторы

50 – ҚР елтаңбасының авторлары50 – Әнұранымыздың авторлары100 – Еліміздің көрікті жерлері100 – Отан туралы өлең айт100 – Отан туралы ән шырқа

Тренинг. «Қар бұрқасыны» ойыны. Тілек сөздер арқылы қар лақтыру. Тілек сөздерге. Сен әдемісің, сен сұлусың, сен батырсың, сен ақылдысың т.б.

«Ойтолғаныс». Қазақстан туралы суреттер беріледі үш топқа, сурет бойынша ой-пікірлерін жеткізу.

Білім керек бәріне,

Балалардың бәріне.

Білімі болмаса егер де,

Жолы болмас өмірде.

- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.- Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.

“Өнер – ағып жатқан бұлақ,Білім – жанып тұрған шырақ”.“Білім – бақтың жібермейтін қазығы,Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”.“Адамды  байлық дәрежеге жеткізбейді,Білім жеткізеді”.“Білікті – білім жинап кәсіп етер,Білімнің дәмін татып, өсіп – өнер”. 

«Мен саған,сен маған»әдісін қолдану. Бір топ таңдаған тобына мақал айтады,қалған топ сол мақалды жалғастырады.

презентация

сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әр уақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Осы орайда ең бірінші жас ұрпақ білімді болу мақсат тұту керек. 1. Біздің елімізде бірде - бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» заң қабылданған.2. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап болатын, әріп теретін машиналар ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап болып шығару ісі жолға қойылған.3. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде.4. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап – Отан байлығы, аға - апаларымыз бен әже - аталарымыздың маңдай тері.

«Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.Қажетті құрал: түрлі-түсті жіп орамы.ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)Білім жетілдіру: Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …

II-топқа бөлу. Әр топқа сұрақтар беру талқылау.

1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты міндет білім алума?2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.

Оқушылардың пікірі сұралады.

Даналардың білім туралы ойларынан1. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген. (Әл - Фараби)2. Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны. (И. Гете)3. Білім мен даналық - адам көркі. (Ә. Науаи)4. Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. (Сократ)5. Білім дегеніміз – күш, күш дегеніміз – білім. (Ф. Бэкон)6. Көп білген емес, ең керектісін білген адам ақылды. Адамның білгені аз болған сайын көп білетіндей болып көрінеді.(Ж. Ж. Руссо)7. Білім мақсат емес, білім – қару. (Л. Толстой)8. Білім жолы – даналық жол. (А. Байтұрсынов)9. Білім – дүниенің кілті. (Абай)

презентация

Сабақтың ортасы

  • “Қазақстанды білесің бе?” ойыны
  • Қазақ хандығы құрылғанына неше жыл?
  • Көшпелі қазақ  халқының тұрғын үйі ?
  • Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы ?
  • Туған жерін, елін жақсы көретін адам ?   (Патриот)

Патриот – өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесін ел  мүддесі  жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға  кеңпейілділікпен қарайтын адам; өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам.

Біздің бақытты, ашық аспан аясында рахат өмір сүру үшін, өз жанын құрбан қылған батыр ата- апаларымызды еске түсірейік.

 

- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.Әңгімелесу.• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?• Неліктен?

1. «Мақсат»Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат – іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.III-тапсырма: Видео «Мақсатыңа жет!»Талдау:Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

“Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды.

презентация

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты

Білімім Отаным

Күні

Класс жетекші:

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Білім инемен құдық қазғандай»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Ресімдеу

Слайд,презентация

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

Әңгімелесу:-Білім адамға не үшін қажет?

-«Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?-

(ойларын тыңдау)

-Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың?

-Теледидардан қандай танымдық бағдарламаларды қарағанды ұнатасың?

-Оқушылардың білім сайыстарына қатысқың

келе ме ? Неліктен?

Жаттығу-ойлану

Тақтаға сызбаны іліп қою.Осыны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып, оған осы төрт тарамның(ойын,білім,байлық, еңбек) өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі- түсті қарындашпен сызып көрсетуді тапсыру

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер

Сабақ басы (13 мин)

Оқу арқылы білімнің,өнердің қыр-сырларымен таныс боласыңдар. Білім,өнер-жақсы өмір сүруге септігін тигізеді.Жастайыңнан көп оқысаңдар,көп білесіңдерөздеріңе жақсы.Көп білгендерің-қиындықты жеңгендерің.

Білімді адамның,ала алмайтын биігі жоқ.Бәріне де өнердің,білімнің

нәтижесінде қол жеткізуге болады.Сол себепті әрі жақсы,әрі көп оқуға ұмтылғанымыз дұрыс.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі  «Білім-инемен құдық қазғандай» 

Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Кітап оқуға бала кезден баулу керек.

Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады. Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.

Оқушылар жауап береді

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып айтып, жарыс түрінде жүргізу.

Мақал-мәтелдер:

1.Ақыл тозбайтын тон,…(Білім таусылмайтын

кен).

2.Білімдіге дүние жарық,…(Білімсіздің күні-

ғаріп)

3.Білім –арзан,…(Білу –қымбат)

1.     Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — ……

 Cөз – слово- word

 2.     Тамшы тас жарады, тас жармаса ……

 Бас- голова-  head

 3.     Өнер алды – қызыл ………

 Тіл – язык — tongue

 4.     Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.

 Жаман – плохой- bad

 5.     …………. жылатып айтар

 Дұшпан күлдіртіп айтар

 Дос- друг-friend

 6.     Көп сөз күміс, аз сөз …….

 Алтын– золото– gold

 7.     Мектеп – кеме, білім -  …….

 Теңіз – море — sea

 8.     Денсаулық – зор ……..

 Байлық -  богатство — rihes

 9.     Білім сандығы — ………

 Кітап –книга —book

 10.  Асық ойнаған азады,

 ….. ойнаған тозады

 Доп- мяч- bal

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

 Құр қарап жай отыру жараса ма?

 Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,

 Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.

Компьютер

 

Ортасы (20 мин)

Тақтаға сызбаны іліп қою.Осыны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып,   оған осы төрт тарамның(ойын,білім,байлық, еңбек) өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі- түсті қарындашпен сызып көрсетуді тапсыру. Тақтаға сызбаны іліп қою.Осыны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып,   оған осы төрт тарамның(ойын,білім,байлық, еңбек) өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі- түсті қарындашпен сызып көрсетуді тапсыру.

Компьютер

Соңы

-Білім арқылы өмірдің ақиқатына көзжеткізесің. Өйткені,білім-ақиқат бастауы.

Жүректен-жүрекке.Балалар шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта маман иесі болатындықтарына сенім білдіріп тілектерін айтқызу.

-Білім арқылы өмірдің ақиқатына көзжеткізесің. Өйткені,білім-ақиқат бастауы.

Жүректен-жүрекке.Балалар шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта маман иесі болатындықтарына сенім білдіріп тілектерін айтқызу.

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақылжастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасатымол азамат болып өсейік.

Бүгінгі таңдағы тәрбие мен білім алып жатқан Оқушылар да өздерінің қабілеті мен қабылдағыштығы жағынан болашағынан зор үміт күттіреді.Олардың жаңа қоғамдағы жаңалыққа, жаңа технологияны білуге,үйренуге, меңгеруге ынталы, яғни талпынысы өте күшті.Тәрбие мен білімнің негізі мектепке дейінгі кезеңде басталатындықтан оны қазіргі заман талабына сай етіп беру міндеті уақыт талабы.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан — жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.

слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу