Тәрбие_сағаты 12_сәуір Ғарышкерлер_күні_


 

Тақырыбы: 12-сәуір ғарышкерлер күні

Мақсаты: Тұңғыш ғарышкерлерімен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен амандасу, ә)Оқушыларды түгендеу,б)Тәрбие сағатының мақсаты мен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Психологиялық сәт: Туған жерді сүю -парыз, Сүю үшін білу –парыз. Қасиетін ұғу –парыз, Күзетінде тұру-парыз.Ғарышкер ит - ЛайкаЛайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын. Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.Юрий Гагарин адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Мемлекеті - КСРО Мансабы - ұшқыш-ғарышкер Әскери атағы - Полковник Экспедициялары - Восток-1(12-ші Сәуір) Ғарышта болған уақыты - 1 сағ 48 минут Туылған күні - 1937 ж. наурыздың 9-ы, Туылған жері - Клушкино ауылы, Гжатский ауданы, КСРО Қайтыс болған күні - 1968 ж. наурыздың 27-сі, Қайтыс болған жері - Киржач қала манында, Владиморск облысы, РКФСР, КСРО Сыйлықтары - Кеңес Одағының Батыры

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт.Марапаттары: Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы «Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» атағы «Отан» ордені 1995 жыл Кеңес Одағының: «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені 1987 жыл «Герой Советского Союза» (Кеңес Одағының Ері) атағы 1988 жыл «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медальі 1988 жыл «Ленин» ордені 1988 жыл «Заслуженный Летчик – испытатель СССР» (КСРО еңбегі сіңірген сынаушы ұшқыш 1990 жыл «Летчик – космонавт СССР» (КСРО ғарышкер – ұшқышы) 1991 жыл «Октябрьская революция» (Қазан революциясы) ордені 1991 жыл Ресейдің: «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдызы) 1995 жыл Австрия Республикасының: «Алтын Крест» ордені 1988 жыл «Алтын Крест» ордені 1993 жылҒарышкер - Талғат МұсабаевҚазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиеті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.1994 жылы ғарышқа бірінші рет ұшқанда (Союз ТМ – 19) 126күн ғарышта өткізген.1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген.Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдын ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.Ұшқанда американ ғарышкері Л.Эйартс пен Ресей ғарышкері шуваш ұлтының өкілі Николай Батуринмен бірге.2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда (Союз – ТМ – 32) 8 күн ғарышта өткізген.Марапаттары: Қазақстан Республикасы «Халық Қаһарманы» атағы (1995) «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы (1995) «Отан» ордені (1998) «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені «Астана» медалі (1999) Ресей Федерациясы: «Дружба народов» ордені (1991) «Герой Российской Федерации» атағы (1994) «Лётчик-Космонавт РФ» (1994) «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998) «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені Аустрия Республикасы: Аустрия Республикасының ордені Америка Құрама Штаттары: «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу