Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі
Ашық тәрбие сағаты.
«Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі»
Өткізген:
оқу жылы
Тақырыбы: «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі:Қазақ елі рәміздері,нақыл сөздер,слайдтар
Түрі:аралас
Әдісі:
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз.
1-жүргізушіҚұрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздіктің жылдық мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,
Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың
Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның
1-жүргізуші:
1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.
Мәресі мұңлы ма ғасырдан
ғасырға кетер ісінің,
Атақты Желтоқсан көтерілісінің,
Ең басты күресі тіл үшін болғанын.
Бақ тілеп тілге иліккендерге,
Бұл жолы да біз билікпен бірге,
Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....
2-жүргізуші:
Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда үзілген жас буындар
Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар
Ұмытылмас мәңгілік батырларды
Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.
Батыр аға-апалар ұран еткен
Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен
Қазақстан тәуелсіз ел болғанда
Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен.
2-оқушы:
Қазақстан
Қазақстан елім бар мақтанарым
Қазақстан жерім бар шаттанарым
Көк аспанда желбіреп көк байрағым
Туып өскен жерімді мақтағаным.
3-оқушы:
Туған жер деп лүпілдеген жүректерді
Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен
Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем
Әр ұлттың өкілдері пана еткен.
1-жүргізуші
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула,желтоқсанның мұзда жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
Көркемсөз оқу әсет:
Сөйлесем даусым жетпейтін
Кез болдың мынау заманға,
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жалғанға.
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр.
2-жүргізуші:
Азат рухты мен шын сүйем,
Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием,
Жақсы күнге жете алмай шаһит болған,
Желтоқсан құрбанына басымды ием.
1-жүргізуші.
Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.
2-жүргізуші:
-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді.
1-жүргізуші:
Болашаққа серпін нық
Көкке атады бөркін жұрт,
Тәуелсіздік ынтымақ
Тәуелсіздік еркіндік.
2-жүргізуші:
Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену.Сондықтан халықтың ,ойы,көңілі,тілегі мына бізде,яғни жастарда.
1-жүргізуші:
Қалың елім,қайран жұртым көбейсін
Ата-бабам!Әруақсың,жебейсің
Алты алаштың көсемдері құрбан боп,
Бәрі-бәрі кетті арманда,не дейсің.
1-жүргізуші: 2-жүргізуші Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Тойланып мың мереке,ұлыс күні
Мұны бізге ешкім алып бермеді. Құйылған шаңырақтың ырыс нұры
Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың, Халқымның бақыты үшін аз байлық па?
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, Қайрат аға рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, Әділ жанның қазасына күйінем. Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар
КӨРІНІС Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Тақпақтар Қайраттай қайсар ұлдардың Жанымен келген еркіндік Жазира мен ляззаттың Арымен келген еркіндік Қасірет пен қайғының Бәрімен келген еркіндік Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан Әр қазақтың есінде сақталады Желтоқсандық өрендер ақталады Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерін мәңгілік сақталады. Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн Көк аспанда тулардың Желбіреген күні - бұл, Елім деген ұлдардың Елжіреген күні - бұл. Елдігімнің – реңі, Тендігімнің – тірегі Мүддесінен халықтың Ажырамас бір елі. Алтын заңым – арай таным! Әділеттің ұраны, Ақиқаттың шырағы. Тыныштықтың туы боп, Зор салтанат құрады. Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын Тату – тәтті бірлік болып қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Басқалармен терезесі тең болдық Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Отан үшін болуға да құрбандық Дүбірлетсін өңірді Дүбірлесін дүлділі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл - күні!
1-жүргізуші.
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
.
«Болса екен қазақ баласы» Ертеңі өсіп елімнің Сабырлысы болса екен Ар-ұятты айбатты Азулысы болса екен Батыл, берік орнықты Байсалдысы болса екен Алғыр, зерек, мейрімді Ақылдысы болса екен Тапқыр, шешен талапты Өнерлісі болса екен Ойшыл, өткір, дарынды Білімдісі болса екен Сергек, іскер, сезімтал Саналысы болса екен Парасатты намысты Отаншылы болса екен Болса екен қазақ баласы Ел ішінде өсетін «Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін Ізгіліккке леп едім Жақсылыққа сеп едім Тәуелсіз елдің ертеңін Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. Олай болса балалар, ән: «Біз Отанның ұланымыз» 2-жүргізуші:Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.
1986 жыл 16 желтоқсан-Желтоқсан оқиғасы
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
2011 жыл-Қазақстан республикасында Азияда ойындары өтті
«Оян елім» Жандос
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім
Самғап жүрсек бостандықта биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім
Шар Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
1 жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін,егеменбін, дербеспін.
2-жүргізуші:1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол
Қорытынды. Атамекен хор.
1-жүргізуші
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Бірге.Жүргізушілер: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Дей келе мектеп директорына сөз кезегінбереміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру