Сүйінші! Жаңа тарау! Димаш Құдайберген көптен күткен қуанышын жария етті


Қыркүйек айында Қазақстанда Қытай мен Қазақстан бірлесіп жүзеге асыратын ірі халықаралық музыкалық жобаның түсірілімдері басталады.

Продюсерлік міндетті әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген атқарады. Жобаға әлемнің әр түкпірінен дарынды вокалистер қатысып, Қазақстанның көрікті өңірлерін аралайды. Түсірілім жұмыстары 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтеді.


Бағдарлама халықаралық телеарналар арқылы әлем жұртшылығына ұсынылып, миллиондаған көрермен Қазақстанның әсем табиғатын және жаңа орындаушылардың өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады.


"Шамамен он жыл бұрын Hunan TV арнасындағы "Мен – әншімін" жобасы арқылы үлкен сахнаға қадам бастым. Бүгін мүлде жаңа қырдан – халықаралық шоу авторы ретінде қайта оралып отырмын. Бұл бастама мәдени ынтымақтастықты нығайтып, адамдарды музыка арқылы біріктіруге арналған тарихтағы жаңа парақ болмақ", – деп атап өтті Димаш Құдайберген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу