Димаш Құдайберген Назарбаевқа өз арманын айтты (видео)

Димаш Құдайберген Назарбаевқа өз арманын айтты (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қытайдан оралған Димаш Құдайбергенді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы әншіні Қытайда өткен I аm а Singer байқауындағы жетістіктерімен құттықтап, батасын берді.

Димаш Құдайберген өз кезегінде Елбасын жеке қолдауы үшін және Қазақстан атын шығаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Сонымен бірге, әнші үш бірдей сыйға ие болғанын айтты, олардың ішінде "Жылдың үздік әні", "Танымал халықаралық әнші" және "Азияның ең танымал әншісі". Димаштың айтуынша, ол голливудтық фильмге саундтрек жазып та үлгеріпті.

"Мені MTV Music Awards номинацияларының біріне ұсынғалы жатыр деп естідім. Өзімнің арманым - үлкен аренада жанды дауыспен концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқаныңызға көп рақмет айтамын", - деді әнші.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады