Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?

Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?

"Мен әншімін" байқауы арқылы Қытай елінде феноменге айналған Димаш Құдайбергенов туралы не білесіз? Ақтөбелік әншінің өмірбаянын оқи отырыңыздар.

Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Әкесі Қанат Айтбаев — облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыкалық адамдар. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі бар. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастаған. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанған.

2010 жылы «Байқонырдың Әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы «Жас қанат» Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды.

Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?

Сонымен қатар Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған. Екі күн ішінде жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады.

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренген. Балалар хорында ән айтқан. Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс тағы басқа тілдерде ән орындайды.



Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанғанын хабарлаған болатынбыз.

10 қаңтар күні Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған. Тіпті кейбір басылым оны «Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші» деп бағалаған. Ал, Қытайдың жаңалық порталдары мен энциклопедиялық сайттарында Димаш Құдайбергеннің өмірбаяны толыққанды жарияланған. Қытайлар тіпті Димаштың киім үлгісіндегі киімдерді сатылымға шығарып үлгерген.

Димаш Құдайбергенов ұйымдастырушылар тарапы ұсынған «SOS d’un terrien en détresse» француз әнін шырқады. Сайыс ережесі бойынша бірінші күні 8 әншінің біреуі кетіп, 7-еуі қалады. Бір әнші жеңіс кубогын жеңіп алады. Жеңіс кубогына жеті әншіні артта қалдырып, Димаш Құдайбергенов лайық деп танылды. Димаш Құдайбергеновтың менеджері Алпамыс Шәрімовтың мәлімдеуінше, бүгіннен бастап бір топ қытайлық фанат әншінің ана тілін түсіну үшін қазақ тілі курсына жазылған. Ал, Қытайлық микроблог Sina Weibo әлеуметтік желісінде жазылушыларының саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жеткен.

Айта кетер болсақ, аталған музыкалық байқау Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Әншінің менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы байқауға қатысатындықтан, тіпті имиджін де өзгерткен. Менеджердің сөзінше бұл «Қытай дауысы» жобасынан да үлкен жоба. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады