«Ата -аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді»


Сынып жетекші:

Күні:

19.05.2025

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы:

«Білімім – Отаныма!»

«Ата -аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді»

Мақсаты

 Оқушыларды білімнің маңызы мен еліміздің дамуына қосатын үлесі туралы ойландыру

Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру

Білімнің еліміздің болашағы үшін маңызды екенін түсіндіру

Оқушылардың ата-анаға деген сенімін нығайту

Маңызды сәттерде кімнен кеңес алу керектігін түсіндіру

Сенімді қарым-қатынастың маңызын ұғындыру

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді.

Көңілді әуен

Сабақтың ортасы

«Сіздер білімді қалай бағалайсыздар?» деген сұрақ арқылы оқушылардың ойларын білу

Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. Білімнің маңызы

Білім – бұл адамның өмір жолында алға қойған мақсаттарына жету үшін маңызды құрал. Ол тек жеке тұлғаның дамуына ғана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына да ықпал етеді.

Білімді адам өз елінің дамуына, экономикасына, мәдениетіне үлес қосады.

Әрбір адам өз білімін арттыра отырып, қоғамның дамуына, елінің болашағына әсер етеді. Ол үшін тек өз білімін жетілдіріп қана қоймай, басқа адамдармен бөлісу де маңызды.

2. Білім мен елдің болашағы

Елдің дамуы – білімнің деңгейімен тікелей байланысты. Әрбір білімді азамат өз елінің дамуына үлесін қосып, қоғамды алға жылжытады.

Елдің білімді азаматтары мемлекеттің экономикасын, әлеуметтік жүйесін дамытуға көмектеседі.

Қазақстанның болашағы: Білімді адамдар елдің әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазіргі заманғы технологиялар мен жаңалықтарды меңгеру арқылы Қазақстанның әлемде өз орнын табуына ықпал етуге болады.

3. Отанға қызмет ету

Отанға қызмет ету – әрбір азаматтың борышы. Бұл тек әскерге қызмет ету емес, білім алып, оны өз елің үшін пайдалану дегенді білдіреді.

Отанға деген сүйіспеншілік біліммен бірігіп, елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталады.

4. Жасампаз ұлттың болашағы

Білім мен ғылым дамыған елде әр азаматтың өзіне де, қоғамға да пайдасы көп болады.

Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін түсіну керек. Әрбір жас ұрпақтың білім алуын қамтамасыз ету – еліміздің ең үлкен міндеттерінің бірі.

Топтық жұмыс / Жағдаяттарды талдау

Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа төмендегі сұрақтарды талқылауға тапсырма беру:

1. Топ 1: Өз еліміздің болашағын қандай білімді азаматтар жасай алады?

2. Топ 2: Қазақстанның әлемде дамыған елдер қатарына қосылуы үшін қандай білім салаларын дамыту керек деп ойлайсыз?

3. Топ 3: Сіздер Отаныңызға қызмет ету үшін қандай білім алуды жоспарлайсыздар?

Топтар өз пікірлерін сыныпқа таныстырады.

Ойын / Сергіту сәті:

"Менің білімім – Отанымның болашағы" ойыны:

Мұғалім оқушыларға әртүрлі сұрақтар қойып, олар білімнің қоғамға және Отанына қалай пайда әкелетінін түсіндіреді:

«Сіздер қандай білім салаларында жетістікке жетуді армандайсыздар?»

«Білімді адам елінің дамуына қалай көмектеседі?»

Оқушылар өз ойларын айтады және талқылайды.

Оқушылар өз жауаптарын ортаға салады.

Оқушылар ойынға қатысты

Топтар өз тақырыптары бойынша постер дайындайды және қорғайды.

Әр жағдаят бойынша оқушылар өз шешімдерін айтады.

Оқушылар бірін -бірі бағалайды

Ақ қағаз, фломастерлер

Сабақтың соңы

Қорытынды:

Білім – бұл әр адамның және елдің болашағы. Отанға қызмет ету үшін білім алу, оны дамыту өте маңызды.

Білім арқылы біз өз елімізді дамытуға, оның халықаралық аренада алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына ықпал етеміз.

Әрбір жас ұрпақ өз елінің болашағына жауапты екенін түсініп, білімге деген құрметті қалыптастыру керек.

Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады

Шығармашылық тапсырма бойынша ауызша пікір айту.

Ақ қағаз

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Қызығушылық ояту:

– Сен бір шешім қабылдарда кімнен кеңес сұрайсың? Жаңа сабақ

1. Ата-аналарға деген сенім деген не?

Бұл — өз сезімдерің мен ойларыңды ата-анаңа ашық айта алуы

Қиын сәтте көмек сұраудан қорықпау

2. Сенім мен қауіпсіздік арасындағы байланыс

Ата-анаға сенген бала:

Қателескен жағдайда өзін жалғыз сезінбейді

Қауіп төнгенде көмектесе алатын ересекке жүгіне алады

Өмірлік маңызды шешім қабылдарда ақылдасады

Алаяқтар мен теріс әрекеттерден өзін қорғай алады

3. Маңызды шешімдерге мысал:

Жаңа достармен араласу

Жеке ақпаратпен бөлісу

Интернеттегі күмәнді ұсыныстар

Мектептен тыс шараларға қатысу

Тосын жағдайда не істеу керек екенін таңдау Топтық тапсырма:

Жағдайды талдау:

Топтарға жағдаяттар беріледі, олар:

Бейтаныс адам интернеттен ақша ұсынды

Досың қате әрекетке итермелеп жатыр

Қиын жағдайға тап болдың, қорқып жүрсің

Тапсырма: Бұл жағдайда бала ата-анасына сенсе, не істеуі мүмкін? Сенім қандай рөл атқарады?

"Иә – Жоқ" ойыны

Мұғалім сенімді қарым-қатынасқа қатысты сөйлемдер оқиды, оқушылар келіссе – қол шапалақтайды, келіспесе – үнсіз қалады.

Мысалы:

Ата-анаға қателіктерімді айтуға қорқамын – ЖОҚ

Қиындық туындаса, ең бірінші ата-анама айтамын – ИӘ Қорытынды

Ата-ана – ең жақын, ең сенімді адам

Маңызды шешімдерде олар кеңесші бола алады

Сенім – қауіпсіздіктің бір бөлігі

Оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Топтық жұмыс орындайды

Оқушылар бірін -бірі бағалайды

Оқушыларды мадақтайды

Топтық жұмыстағы белсенділік.

Талқылаудағы ұсыныстардың нақтылығы.

Сабақ соңындағы рефлексия сапасы.

Презентация

Презентация, бейнематериалдар, қауіпсіздік белгілері, үлестірме материалдар

Суреттер

Видеороликтер

Жағдайлық тапсырмалар парақтары.

Презентация (интернет қауіпсіздігі туралы).

Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу