Қазақша тақпақ: 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан) » ZHARAR © 2016 | Қазақша тақпақ: 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан), отан туралы тақпақтар жинағы, қазақстан отан туралы тақпақтар, отан туралы таппақ, отан туралы такпактар, отан туралы такпак, тақпақ отан туралы, қазақша тақпақтар отан туралы




  • »

Қазақша тақпақ: 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан)

Қазақша тақпақ: 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан) казакша Қазақша тақпақ: 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан) на казахском языке

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.

Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернатының
3"б" сынып оқушысы: Ғизат Қарақат
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Шоханова Арайгүл Лайқатқызы

Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Тақпақтар жинағы | | 131 109
Рейтинг:
(голосов: 296)

.

. .