Жер туралы Мақал-мәтелдер ✍️
Құрметті оқырман! "Жер" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер жинағы — бұл бөлімде "Жер" ілмегіне қатысты Мақал-мәтелдер топтастырылған. Осы бетте "Жер" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған Мақал-мәтелдер, қызықты Мақал-мәтелдермен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір Мақал-мәтелдер автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жер" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер іздесеңіз, жаттауға арналған Мақал-мәтелдер оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Мақал-мәтелдер: 203
Жұмбақтар: 28
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 440
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 45
Баталар: 2
Туындылар: 2
Әңгімелер: 31
Ертегілер: 1
Поэмалар: 5
Шығармалар: 1
Аңыздар: 4
Эсселер: 1
Жер - таусылмайтын қазына.
Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.
Жерді шым, елді қыз біріктіреді.
Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе"Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе" дейді. Алапес, қазақ ұғымында, ем қонбайтын дерт...
Сіз жерді тамақтандырсаңыз-ол сізді тамақтандырады.
Жалаңаш жерге қарағанда кішкентай теріге жату жақсы.
Адамдар жоғалып, жер қалады.
Жалқау - жер жыртпайды деп қорқыңыз
Кім жерге берсе, жер үш есе береді
Жерінен айрылған жидеЖелге ұшар.
Қос қадірін жеккен білер,Жер қадірін еккен білер.
Арқа сүйер елің болсын,Аунап жатар жерің болсын.Алысып ойнар теңің болсын,Сүңгіп бойлар көлің болсын.
Кезінде жауын жаумаса,Керіліп жатқан жер кәріп.Тең құрбысы болмаса,Тетелес өскен ер кәріп.
Жаңбыр жауса — жер тоқ,Егін ексе — ел тоқ.Бұлақ ақса — көл тоқ.Еңбек етсе — ер тоқ.
Жерге еткен жақсылықЖерде қалмас.
Елдің көркі — жастық,Жердің көркі — астық.
Жер сәні — егін,Ер сәні — білім.
Елге мал көптік қылмайды,Жерге тал көптік қылмайды.Тарыға май көптік қылмайды,Күрішке су көптік қылмайды.
Жер тозса — тақыр,Ер азса — пақыр.