Кемпір туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Өлеңдер: 28
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 23
Ертегілер: 5
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 5

Кемпір би білмес,– Жер тар, – дер.Бұл мақал өтірік мақтанып, нағыз іс кезінде сылтауратқыш адамдарға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Кемпір шалдың тілін біледі,Шал малдың тілін біледі. 
Билей білмейтін кемпір,
Бұрылуға жер тар дейді.
Кемпірі өліп еді,
Кекірігі де таусылды.
Бір кемпір бір кемпірді апай дейді.
Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.
Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.