Аңшы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 29
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 25
Ертегілер: 3
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 5

Адаспайтын аңшы болмас,Жаңылмайтын данышпан болмас.
©  Түркі халықтары
Аңшы қанша айла білсе,Аю сонша жол білер.Бұл мақал əккі, өте тəжірибелі екі адам бір-бірімен айтысып, дауласып, ерегісіпқалғанда айтылады.
©  Түркі халықтары
Кенеден зардап шеккен Барыс аңшыдан қорықпайды.
Аңшы итін мақтайды,Балықшы таңды жақтайды.
Аңшы аңына қарап шығады,
Арыстан көргенін жығады.
Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.
Кәрі қыран – аңшының бастаушысы.
Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.
Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,
Аю құтылудың сонша айласын жасайды.
Аңшының ажалы аңынан.