Етік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 16
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 8
Жаңылтпаштар: 1
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Суды көрмей, етігіңді шешпе.
©  Түркі халықтары
Бүгін етік тігеді, ертең бәліштер пісіреді.
Қызыл етік те қысады.
Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.
Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.
Өзіңді көрмей,
Етігіңді шешпе,
Етегіңді түрме.
Етігім тар болса,
Дүниенің кеңдігінен не пайда.
Суды көрмей етігіңді шешпе.
Етігіңе қарай,
Етегіңді көтер.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Етігің жаман болса, аяғыңды қажайды,
Жолдасың жаман болса, жаныңды қажайды.
Көк етікті келмейді, көн етіктіге бармайды.
Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
Қатының долы болса, елдің тыныштығынан не пайда?
Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.
Құр сөз қоңылтақ етік,
Жүрсең аяғыңды қажайды,
Отырсаң тобығыңа батады.
Етік тіге алмаған біз таңдайды.