Той туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 57
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 230
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 7
Құттықтау, тілектер: 16
Баталар: 21
Туындылар: 6
Әңгімелер: 33
Ертегілер: 1
Поэмалар: 6
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 3

Тойдың тамашасына бақпа,тағылымына бақ
©  Самет Оқанұлы
Мастың қызуы қайтқанша,Той тарқайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Той десе, қу бас домалайды.
Сұлулық тойда керек, махаббат күнде керек.
Тойға барсаң тойып бар, қомағайлықты қойып бар.Тойға барсаң тойып бар, торқа тоның киіп бар.Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар.
Жол болмайды аяусыз,Той болмайды шашусыз.
Тойға, қуанышқа, отбасылық, мерекеге байланысты мақал-мəтел
Тойға барсаң тойып бар,Торқа тоның киіп бар.Тойға барсаң бұрын бар,Бұрын барсаң орын бар.Сұлулық тойда керек,Махаббат күнде керек.Көппен көрген ұлы..
Ат өлімі-итке той.
«Ақылды қайғырған жерде, Ақымақ той қылады»
Қайғы әр түрлі болады, ел қайғысы да болады, ер қайғысы да болады. Яғни, қайғы жалпы да..
©  Гүлтас Құрманбай
Жаны сауға  күнде той.
Өмір үш сөзден тұрады: туу, той, өлім.
Бұқа қарап жүріп тойға жасауыл болды.
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегеде бірін таппас.
Асықпа, тойға барарсың,
Өлеңші болсаң, жеңерсің,
Палуан болсаң, жығарсың.
Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.
Арақ ішкен тойда мас,
Ақылы жоқ — күнде мас.
Басқаның тойы –
Аш қарын тойы.
Той бар жерде –
Думан бар.
Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.
Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.
Жақсы қатын үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.
Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
Он екі айда он үш той.