Пайда туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 25
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 38
Нақыл сөздер: 39
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 2

Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,Зиянын тигізбейді
©  Самет Оқанұлы
 Пайдасыз баланы қарағым деме,Өтпес қылышты жарағым деме
©  Самет Оқанұлы
Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,Зиянын тигізбейді
©  Самет Оқанұлы
Іс ыңғайына (қарайды),Сарт пайдасына (қарайды).  Саудагер пайданы көрсе, ең қымбат затын да сатып жіберетінін ескертеді бұл мақал.
©  Түркі халықтары
Адам болсан елге пайдан тисін, Батыр болсаң жауға найзан тисін
Тірі күшік өлген министрге қарағанда пайдалы.
Тамақтанудағы ұстамдылық жүз дәрігерге қарағанда пайдалы.
Жамандық пайда етпейді,Жақсылық зая кетпейді.
Кімдерді пайда қосса, солар ғасырлар жанжалдасады.
Қызғаныш пен көреалмаушылықта пайда да, қуаныш та жоқ.
Әділ шығын әділетсіз пайдадан гөрі жақсы.
Пайдамен құрылған достық ұзаққа созылмайды.
Миы жоқ баста, өткір көзден пайда жоқ
Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.
Бейпіл сөзден түскен пайда көрмедім,
Көп те болса, ешбір түсім термедім.
Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.
Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.
Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.
Жаманның досы көп,
Жанына пайдасы жоқ.
Пайдаға жүгірген,
Пәлеге жолығар.
Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.
Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.
Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз ердің айласы көп.
Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без.
Қайырсыз пайдадан, қайырлы залал артық.