Әдеп туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 25
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 17
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Әдепті адам – арлы адам
©  Самет Оқанұлы
Адам баласы әдемі киімімен жақсы болмайды,Әдеп, білімімен жақсы болады
©  Самет Оқанұлы
Біліктіден шыққан сөз — әдеп үлгісі.
Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
Әдептік ерге керек,
Екінші қызға керек.
Әдепшілік белгісі—
Иіліп сәлем бергені.
Жақындықтың белгісі—
Кешіктірмей келгені.
Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.
Ардагер аға алдында тұрсың,
Әдепті іні артында тұрсын.
Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.
Жаман қатын терісін жимайды да,
Жегізіп алып итті қинайды.
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.
Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы-қызыл жібектей.
Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.
Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
Әдептілікті данадан үйрен.
Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
Әдепті келін - ауылдың көркі
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.