Сенім туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 24
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 116
Нақыл сөздер: 105
Туындылар: 1
Әңгімелер: 6
Поэмалар: 2
Эсселер: 1

Құдайға сенсең, құстай ұшасың,Адамға сенсең, мұрттай ұшасың
©  Самет Оқанұлы
Айтылған өтірік басқа адамның сенімін жоғалтады.
Адам тезірек сенім-нанымнан шегінеді, әдетінен гөрі.
Әйелдің сөзі сенімсіз.
Өзара сенім-достықтың негізі.
Қуанышта мөлшерді біл, қиындықта-сенімді жоғалтпа
Ұрыста сенімділік жеңеді.
Сенімін жоғалтқан адам өмір таба алмайды.
Сенімділік тауды орнынан жылжытады.
Халықтың сенімі алтыннан да қымбат
Өзгенің сөзіне сенгенше,Өзіңнің көзіңе сен.
Алтыныңа сенгенше, ақылыңа сен.
Адам баласы тек өзіне, өзнің біліміне, ақылына, күшіне сену керек. Біреулерден жақсылық болса, ол – жақсы...
©  Гүлтас Құрманбай
Күмән сенімнен айырар.
Бұ бақытқа сенбе,
Келер, кетер демде.
Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.
Өтірігіңді ашты –
Сенімің қашты.
Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.
Жолдастарың күзеттегі саған сенеді,
Қырағы қыран көзіне сенеді.
Бостан-босқа қарғанба, саған кісі нанбайтын болар.
Судағы қайыққа сенбе (кемеге)
Қойныңдағы қатынға сенбе,
Астыңдағы атыңа сенбе.
Мұзға сүйенбе, жауға сенбе.
Астыңдағы атыңа сенбе,
Қойныңдағы қатыныңа сенбе.
Еліне сенген еңкеймейді.