Сауап туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 9
Өлеңдер: 10
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 1

Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің
©  Самет Оқанұлы
Оразаны ұйқымен өткізсең,Сауабын түсіңде көресің!
Азды көпке қосқан сауап.
Әрі құрма тапты,
Әрі сауап тапты.
Сауап істесең –
Жауап іздеме.
Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.
Досты досқа қосқан — сауап,
Досты достан айырған — жауап...
Адамгершілікке арналған
Үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған,
Өзенге көпір салған,
Жолға ағаш еккен.
Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің.