Тамақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 254
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 14
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 30
Құттықтау, тілектер: 1
Әңгімелер: 12
Анекдот, әзілдер: 3
Эсселер: 1

“Тамақты жамандаған – қарынның тоқтығы, Туысты жамандаған – ақылдың жоқтығы”.
©  Самет Оқанұлы
Судан алып, суға салғандай қылып. Тамақ дәмсіз жасалғанда айтылатын еді.  
Құс тұзаққа жем үшін ілінер (түсер).Бұл мақал тамақ іздеп, азып-тозған адамға айтылады.
©  Түркі халықтары
Нан тасыған адам тамақ сұрамайды.
Тамақтанудағы ұстамдылық жүз дәрігерге қарағанда пайдалы.
Қасқыр тамақ алу үшін баспалдаққа көтеріле алады, бірақ ол төмен түсе алмайды.
Адам қалай тамақ ішеді, солай жұмыс істейді.
Ағасы әпкесіне тамақ пісіруде жарлық емес.
Ара тамағы балға, ал өрмекшінің тамағы уларға айналады.
Нашар тамақ жақсы адамды өзгертпейді, бірақ жақсы адам жаман тамақты қайта жасайды.
Біреудің тамағы-бұл жұтқыншақты мазалайтын тағам.
Жалпы тамақ — тәрбиесіз адам үшін өлім.
Балаға ұрса беру ақыл емес, тамақты жатып ішу пақыр емес.
©  Естеу ЖҮНІС
Тамұқта да тамақ асырауға болады.
Табалағанша, тамақ бермеген жақсы.
Тәтті ұйқы тамақтан кем емес.
Аяғың талмай, тамағың тоймайды.
Тамақтан сорламайсың,Арақтан сорлайсың.
Шақырмаған қонаққаШала піскен тамақ бар.
Артық тамақ шашты ағартып қинайды,Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды. 
©  Уильям Шекспир
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
Ашығып жесең, нан да шекердей көрінеді.
Ашкөзге дүниенің асы жетпес.
Ашқан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.
Аурудың жаманы да тамақтан өтеді,
Амалы да тамақтан өтеді.