Талап туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 25
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 36
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 23
Туындылар: 2
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1
Шығармалар: 1

Тауды биік демеңдер,Талаптансаң шығарсың.Жауды мықты демеңдер,Жарақтансаң жығарсың
©  Самет Оқанұлы
Адамның ең жаманы-талапсыз.
©  Абай Құнанбаев
Таудай талап бергенше,Бармақтай бақ бер.
Талапты ерге нұр жауар.

Халық даналығы осылай дейді. Талапты ерге нұр жауар. Сіз қалай ойлайсыз?
Топтық әңгіме құрыңыздар. Осы мақал төңірегінде..
©  Гүлтас Құрманбай
Заманы бірдің талабы бір.
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
Талаптымен таласпа
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Ер талабы ертеңгі мегзер.
Таудай талаптан
Бармақтай — бақ.
Талаптың тұлпары
Тас қиядан таймайды.
Саятшының сұңқары
Салса, ілмей қалмайды.
Қуаныш жоқ, қайғы жоқ,
Қас наданның белгісі.
Тәуекел жоқ, талап жоқ —
Оңбайтұғын — ез кісі.
Қуаттының қолы ұзын,
Талаптының жолы ұзын.
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Жарақтансаң жығарсың.
Ерді талап ұшырар,
Құсты қанат ұшырар.
Тәйке түссе — талабымнан.
Талапты ерге нұр жауар.
Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.
Талап — тұлпар,
Білім — сұңқар.
Талабы жоқ жас —
Қанаты жоқ құс.
Талап — талмас қанат.
Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез.
Әуелі бойыңда талант болсын,
Талантыңа талабың қанат болсын.
Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Талап - пендеден, қолдау - Тәңірден