Тоқтық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 15
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 3

Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтықАздырар адам баласын.
©  Абай Құнанбаев
Аш асығыс,
Тоқ тыныш.
Аш адамның тоқпен ісі жоқ,
Тоқ адамның ашпен ісі жоқ.
Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.
Ашқан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.
Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.
Арпа жеген ат ойнақтар.
Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.
Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.
Тоқтың жоқпен ісі жоқ.
Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.
Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.
Ораза, намаз, тоқтықта,
Құйрығын қысар жоқтықта.