Ата туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 104
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 162
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 23
Құттықтау, тілектер: 35
Баталар: 1
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 6
Эсселер: 1

Атаның ұлы атасына тартып туар.
©  Түркі халықтары
Атасы бардың жорғасы бар,Әжесі бардың дорбасы бар.Ағасы бардың «Вольвасы» бар,Тоқалы бардың сор басы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
АТАНЫҢ БАЛАСЫ БОЛМА АДАМНЫҢ БАЛАСЫ БОЛ 
 Атасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды.
©  Естеу ЖҮНІС
  Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

«Кеш» дегені «кешір» дегені. «Алдыңа келсе» дегені «кешірім..
©  Гүлтас Құрманбай
       Атаға баланың алалығы жоқ.
 

Ата-ана үшін өзінен туған баланың бәрі бірдей. Кейін қарым- қатынастарында алалық..
©  Гүлтас Құрманбай
Атасы бұлан атпағанныңБаласы қабылан ата алмас.
Қашыр, атаңа да тартыпсың,енеңнен де аумапсың.
«Ата ­ асқар тау, Ана ­ бауырындағы бұлақ, Бала ­ жағасындағы құрақ»
 
Біздің халық көбінде ер азаматты асқар тауға..
©  Гүлтас Құрманбай
Атаң мұрап болса да,Арықтың басында бол.
Оқыған ұл-атасынан да үлкен.
Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық.
Тай өссе ат тыныс алады,Ұл өссе ата тыныс алады. 
©  Махмұд Қашқари
Атаңда жоқ арғымақ,
Анаңда жоқ арғымақ
Саған не керек?!
Атасы ащы алма жесе, ұлының тісін қамар,
Атасы мен анасы ащы алма жесе, ұлы мен қызының тісін қамар.
Атасы басқамен аң аулама,
Аларда жанына байланар.
Атасы басқамен жолдас болма,
Атарда жанына байланар.
Атасы басқаменен қоян аулама,
Атарда жанына байланар.
Атасы бұлан атпағанның
Баласы құлан атпайды.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Атадан жалғыз болсаң да,
Рудан жалғыз болма.
Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.
Аталы сөзді арсыз қайырар.