Жалғыздық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 47
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 165
Нақыл сөздер: 18
Әңгімелер: 3
Поэмалар: 1
Эсселер: 1

Үлкен қала үлкен жалғыздықтың ұясы.
Атадан жалғыз болсаң да,
Рудан жалғыз болма.
Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.
Атадан алтау тусаң да,
Басыңа түсер жалғыздық.
Жалғыз бала – жарты бақыт, көп бала-алтын уақыт.
Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа.
Жалғыз батыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ.
Жалғыз шала сәуле болмас,
Жалғыз шырақ тәубе болмас.
Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.
Жалғыз өгіз қос болмайды.
Жалғыздығын жасырған көбеймейді.
Жалғыз болсаң батыл бол.
Мінсіз жар іздеген жалғыз қалар.
Жалғыздықтан гөрі,
Ақымақ болса да, жолдасың болғаны абзал.
Жалғыз қаз қаңқылдамас.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.
Салт атты, сабау қамшылы.
Отау үй, оңаша бас.
Жалғыз атты жарыстан қалмас.
Жалғыздың ісі бітпес.
Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
Жалғыздың жары - құдай.
Ел кәдірін білмесең,
Жесірлік берсін сазаңды.
Ел кәдірін білмесең
Жалғыздық берсін жазаңды.
Жалғыз иттің
Үргені білінбейді,
Жалғыз жолаушының
Жүргені білінбейді.
Жалғыз кісі емес,
Жапалақ құс емес.