Сыйлау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 19
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 29
Нақыл сөздер: 13
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2

«Туғаның» дегенге қарамадық,«Құда» дегенде жалт қарадық.Бұл мақал ағайын-туған, жекжат-жұраттардың арасында құданы құрметтеп, арнайы сыйлауға..
©  Түркі халықтары
Үлкенді сыйласа, құт болар.
©  Түркі халықтары
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Сиыр сипағанды білмейді,Жаман сыйлағанды білмейді. 
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Қырандарын қинаған – даласын да сыйламас,
Ұландарын қинаған – данасын да сыйламас.
Өсер өзін сыйлайды,
Өспес өзгені сыйлайды.
Қонағын барымен сыйласа,
Жанымен ырза болар.
Жомарттық – сұратпай сыйлау.
Үлкенмін деп сынайсың,
Бізден ақыл сұрайсың.
Өзіңді жаттай сыйла,
Жат бойыңнан түңілсін.
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса, мерт қылар..
Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.
Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Тоқ қонақты сыйлау оңай.
Қонағын сыйласа төрге шық дейді.
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.