Шумер мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 14

Бағың жанды сорың қалды.
Иесінің пейілі түссе де,Итінің мейірі түспейді.
Үзілген шыбықтан ұрпақ та күтпе,дән де дәметпе.
Ақылды жамау-жасқау іліп шығар,Ақымақ әлем-жәлем киіп шығар.
Жарлыға жаратқан ғана жар болар.
Ауруды дерті қинайды,Анасы ғана жылайды.
Тырп етпесең орныңнан,Кім ереді соңыңнан?!
Құлжадай кекжиеді құтылғанда,Иттей боп, ирелеңдер тұтылғанда.
Қашыр, атаңа да тартыпсың,енеңнен де аумапсың.
Ит түсінде де ырылдайды.
Анау желбас, мынау сараң-Күйеуге мен кімге барам?..
Құдығында су бардаЖігітті шөл қинар ма?
"Күшім-күшім" деген итің күшік боп кетеді.
Құдіретті мен қияс сиыса алмайды.