Әке туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 55
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 420
Нақыл сөздер: 31
Құттықтау, тілектер: 54
Туындылар: 1
Әңгімелер: 98
Ертегілер: 4
Поэмалар: 6
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 10
Аңыздар: 7
Эсселер: 15

Әкең жынды болса, байлап бақ
©  Самет Оқанұлы
Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая
©  Самет Оқанұлы
Анаңнан асар аяулың жоқ,Әкеңнен асар қамқоршың жоқ
©  Самет Оқанұлы
Бір әке он баланы баулып шығар,Он бала бір әкені ауырсынар.
Әкесі мен анасын кім қорлайды, ол жақсылықты білмейді.
Балалардың байлығы-әке мен ана.
Қыз – әкесіне жұлдыз, шешесіне – күн.  
Әкесі қандай, ұлы да сондай.
Әкесі баласына бақ берді, ал ұлы әкесіне жүзім шоғырын аяды.
 Атасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды.
©  Естеу ЖҮНІС
 Тай өссе – ат тынығады, Ұлы өссе – әке тынығады.

Мақалдың мәнін қалай түсінесіз? Ұлы-қызы қандай болса әке-шеше тынығады?
Сіз..
©  Гүлтас Құрманбай
Әкем жорығын айтса,Шешем шығынын айтады.
Туған әкеңе де турасын айт.
Әке болдым деп мақтанба,Адам болдым деп шаттан.
Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.
Әкелі жетім — арсыз жетім,
Шешелі жетім — ерке жетім.
Әкеңді қартайса да, қадірлеп тұр,
Өміріңше оны тіпті ренжітпе.
Әкеңе игілік етсең,
Балаңнан соны күт, қартым.
Әкеден ұл туса – игі,
Әкенің жолын қуса – игі.
Білген жолыңды әкеңе де бер.
Бір әке отыз ұлды асырайды,
Отыз ұл бір әкені ауырсынады.
Алпыстағы әкеңнің
Артық күшін пайдалан.
Әкесіз жетім – құр жетім,
Шешесіз жетім – тұл жетім.