Тәрбие туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Құрметті оқырман! "Тәрбие" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер жинағы — бұл бөлімде "Тәрбие" ілмегіне қатысты Мақал-мәтелдер топтастырылған. Осы бетте "Тәрбие" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған Мақал-мәтелдер, қызықты Мақал-мәтелдермен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір Мақал-мәтелдер автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Тәрбие" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер іздесеңіз, жаттауға арналған Мақал-мәтелдер оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 238
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 125
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 34
Ертегілер: 2
Шығармалар: 11
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 26

Үйдегі сөз сырқа шықпасын!Сыртқы сөз үйге кірмесін!
©  Абдраманов Арсланбек
"Әже тәрбиесі – тәрбие мектебі."Әженің немерелеріне үйреткені тәрбиенің бастауы екенін білдіреді.
©  ChatGPT
Тәрбие туғанда басталып, өлгенде бітеді
©  Самет Оқанұлы
Тәрбиелі бала тілін жөндидіТәрбиесіз бала дінін білмейд 
Тәрбиелілікті базарда сатып ала алмайсың.
Тәрбие тал бесіктен 
Балаңды аясаң - аяма. -Қазақ халкы
Баласы жоқ адамдар, балаларды жақсы тәрбиелейді.
©  Еврей халқы
 Атасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды.
©  Естеу ЖҮНІС
Балаға ұрса беру ақыл емес, тамақты жатып ішу пақыр емес.
©  Естеу ЖҮНІС
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.
Балаңды ордаға бер, немесе молдаға бер.
Атасыздың аты шықса,
Асу сайын із салар.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.
Бала - дүниеге әкелгендікі емес, тәрбиелегендікі.
Баланы – жасынан,
Қатынды – басынан.
Ғалым тәлімін өзінен бастасын.
Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Тең теңімен, тезек қабымен.
Ғалым алдында аузыңды тый.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе,
Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.