Жомарт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 16
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 12
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 5
Әңгімелер: 2

Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Параны берген емес,Алған – жомарт.
©  Ермахан Шайхыұлы
Байсалды қонақ жақсы, ал қожайын - Жомарт.
Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.
Ақылды деп айтса болар
Айттырмай өзі білгенді.
Жомарт деп айтса болар
Сұратпай өзі бергенді.
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.
Берген жомарт емес,
Алған – жомарт.
Жомарттық – сұратпай сыйлау.
Қонақтың қаржысымен қой сойсаң,
Атымтай Жомарттан нең кем.
Арғымақтың желісінен,
Аруананың өрісі кең.
Жомарт жоқты білмейді, батыр көпті білмейді.
Шын жомарт жоқтығын білдірмес.
Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.
Жоқшылық жомарт ердің
Қолын байлар.
Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Жомарт жоқтығын білдірмес.
Жомарт бергенін айтпас.