Жүйрік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 15
Өлеңдер: 24
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1

Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Тазының жүйрігін түлкі сүймес.Бұл мақал білімпаздығымен өзінің ортасындағыларға ұнамайтын белгілі адамдарға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
 Ақыл – жас ұланнан, Жүйрік – тай-құнаннан.
 

Біздің халқымыз жастарды, балаларды ерте жастан даналыққа, парасаттылыққа..
©  Гүлтас Құрманбай
Жүйрік болсаң, шауып көр
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
Бәйге алмаған жүйріктенБелі берік бесті артық.Сүт бермеген сиырданШай қатық берген ешкі артық. 
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Ат жүйрігі —Азаптан құтқарады.Тіл жүйрігі —Мазақтан құтқарады. 
Байтал — жүйрік, парқы жоқ,
Қатын — шешен, нарқы жоқ.
Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай-құнаннан.
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
Жүйрік тазыны түлкі ғана жек көрер.
Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.
Ақыл — жас ұланнан,
Жүйрік — тай құнаннан.