Тоқ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 14
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 1

Аш не жемес,Тоқ не демес.Аш адам алдына келген астың барлығын таңдамай жей береді. Тоқ адамаузына келгенді көпіріп айта береді. Бұл мақал осы жаман..
©  Түркі халықтары
Тоқ адам тойшыл,Аш адам арманшыл.
Тоқ қарын тұшынып оқымайды.
Аш-албырт,Тоқ-бейғам.
Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаманын жоқ санар.
Аш не жемес,
Тоқ не демес.
Аш адамның тоқпен ісі жоқ,
Тоқ адамның ашпен ісі жоқ.
Айтады екен алуа, бал татқандар:
«Азанда аш қой түнде тойып жатқандар».
Аздың ашпыз дегеніне нанба,
Көптің тоқпыз дегеніне нанба.
Аш не жемейді,
Тоқ не демейді.
Кім еңбек етсе - сол тоқ.
Ішкен мас, жеген тоқ.
Ішкенге – мәз, жегенге – тоқ.
Тоқ қонақты сыйлау оңай.