Бай туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 118
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 86
Нақыл сөздер: 46
Туындылар: 1
Әңгімелер: 73
Ертегілер: 7
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 21

Бай болып көргем жоқ,Кедей болып өлгем жоқ
©  Самет Оқанұлы
Қырық жылға дейін баймен жарлы теңелер.Өлім-жітім мен заманның өзгеруіне орай, қырық жылға дейін бай мен жарлыныңтеңелетінін ескертеді бұл мақал.
©  Түркі халықтары
Әкесі байдың –баласы бай.
©  Ермахан Шайхыұлы
Байы бар, байы бардың,Оптом сатар майы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Байға тай мінсе де жарасады  "Байға тай мінсе де жарасады" демекші, тақсыр, сізге қандай түсті киім кисеңіз де, хандығыңызға ұнасып тұрады деп айтар..
Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,Адам болар жігіт қарындасшыл келеді.
Бай адамның ақшасы-Кедейдің өмірі.
Кедей болсаң - алдама, бай болсаң - менмен болма.
Бай қарасын сатар,Байғұс баласын сатар.
Өзбек байыса там салады, Қазақ байыса қатын алады..
Байға-серуен,Сорлыға-сергелдең.
Сатып алар арзандыБай емеспін мал-жанды.
Аузы қисық болса да,Байдың қызы бай таңдар.
Байғұс тигенін жейді,Бай сүйгенін жейді.
Шын достары бар адам бай.
Бай саудагер болып ата-анамды ұмыттым.
Көлдің - тақырға айналуы оңай,Байдың - пақырға айналуы оңай. 
©  Шерхан Мұртаза
Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат. 
©  Ғабит Мүсірепов
Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
Батыр болып, бай болсаң,
Патшадан нең кем?
Жарлы болып, бек болсаң,
Келекеден нең кем?
Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.
Барын жемей бай өледі.
Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаманын жоқ санар.
Байлардың сыйлығынан
Кедейдің сабыр еткені артық.
Байлығы тайған бек
Жұртсыз күн көре алмайды.