Бал туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 33
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 25
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 6
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 2
Аңыздар: 1

Адалдық ойласаң, бал жұтасың,Арамдық ойласаң, қан жұтасың
©  Самет Оқанұлы
Аузында бал, ал жүрегінде мұз бар.
Бал болса болғаны, ал шыбындар Бағдадтан да ұшып келер еді.
Бал болса, шыбын оған Бағдаттан ұшып келеді.
Сірке судан гөрі балдың айналасында шыбындар көп.
Ара тамағы балға, ал өрмекшінің тамағы уларға айналады.
Араларсыз сіз бал ала алмайсыз;жұмыссыз ақша ала алмайсыз
Тікеннен — гүл,Заһардан — бал. 
Жалғыз ара балға жарытпас.
«Араға ерсең балдан татарсың, Қоңызға ерсең қиға батарсың»
Мына тіршілікте аралардың өмір сүру тәртібі өте ерекше көрінеді. Олардың..
©  Гүлтас Құрманбай
Гүлден жылан зәр жияды, ара бал жияды.
Бал жинаған бармағын жалар.
Бар жерінде бал да арзан.
Аралардың қорегі бал болады, өрмекшінікі – зәр болады.
Өлімнен қорыққан адамға бал да ащы.
Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.
Бал қайда болса, ара сонда.
Бал татқан бармағын жалар.
Ара қанша бал берсе де,
Зәрін бір төкпей тұрмайды.
Айтады екен алуа, бал татқандар:
«Азанда аш қой түнде тойып жатқандар».
Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.
Балдан тәтті болма,
Зәрден ащы болма.
Тәжірибесіз ғалым –
Балсыз ара.
Зәрінен кейін балын жей алмассың.
Біреуге – бал,
Біреуге – зәр.