Тұзақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 8
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 7
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 5

Құс тұзаққа жем үшін ілінер (түсер).Бұл мақал тамақ іздеп, азып-тозған адамға айтылады.
©  Түркі халықтары
Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.
Ақыл махаббат тұзағына тап келсе,
Қашарға жол іздейді.
Құс тұзаққа жем үшін түседі.
Адам аяғының тұзағы—бала-шаға.
Қолы ұзаққа да тұзақ бар.
Шілге тұзақ құрса да,
Тілге тұзақ құрмайды.
Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.