![]() |
|
![]() |
Мысық пен қоян

Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп, екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуіміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса, жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп, бірге жатып жүреді. Мысық балаларына күнде кекілік, қырғауыл тістеп әкеліп береді. Қоян шөп-шар беріп, күн көріп жүріпті. Бір күні мысық бір құсты аңдаусызда қармап алып, тірідей ұясына алып келеді. Құсты ұшып кетпес үшін қанат, құйрығын қырқып, балаларына береді. Балалары ары-бері жорғалатып ойнап, жемейді. Оны қоян көріп айтады: «Мысықжан, мынау жуас айуан екен, балалардың ішіне қосып қоя тұрып, менің балаларымның көзі ашылғанда, осындай қылып ойнатайық», – депті. Мысық досының тілін қимай, «мақұл» деп қосып қойыпты. Ертесіне екеуі далаға кетіпті. Құс екеуінің балаларын бәрін тойғанша жеп, қалғанын өлтіріп, кете беріпті. Мақал: «Бөрі баласы – ит болмас».
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨🎓 02.03.2023
Пікірлер 3
Ілмектер: ертегі Мысық пен қоян туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Мысық пен қоян для детей на казахском языке, балаларга Мысық пен қоян арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Мысық пен қоян, ертегилер казакша оку, Мысық пен қоян