Ертегі: Ит пен мысық неге араз

Ертегі: Ит пен мысық неге араз казакша Ертегі: Ит пен мысық неге араз на казахском языке

Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты.

Күндердің бір күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.

Ит пен мысық ұнжырғасы түсіп, үнсіз келе жатқанда, кенет қожасының май сіңген дорбасының иісі мұрындарын жарып жібере жаздайды. Қуанғаннан ит қыңсылап, мысық мияулап жібереді.

Ит айнала жүгіріп, тіміскілеп, ақыры бір тышқанның інін тырналап қаза бастайды. Мысықтың қуанышы қойнына сыймай, аңдып қарап отыра береді. Ит көп азаптанып, тышқан інінің түбіне жетсе, алтын салынған майлы дорбаны тышқан тығып қойған екен.

Ит:

— Мынаны көрдің бе? – деп, алтынды мысықтың алдына лақтырып тастайды. Мысық сол кезде иесіне жақсы атанбақ болып, иттен бұрын алтынды ала қашады. Мысық үй-үйдің төбесімен қарғи жүгіріп, иесіне жетеді де алтынды тастай салады. Мұны көріп, қожасы қуанып кетеді. Мысықты бауырына басып, аймалай береді. Сөйтіп тұрғанда, қара терге түсіп, сабалақ-сабалақ болып, арсалаңдап ит те жетеді. Келген бойда қожасының аяғына оралып, қыңсылай еркелейді. Ештеңені түсінбеген ол итін теуіп, жекіріп қуып тастайды. Жәбір көрген ит ызаланып, мысыққа тап береді. Қожасы арашалап, екеуін зорға айырып алады да мысықты үйіне алып кетеді. Сол күннен бастап итті үйіне жолатпайды.

Мінеки, содан бері ит пен мысық бірімен бірі араз болып қалыпты. Мысықтың тышқанға өштесуі де сол күннен басталыпты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Ит пен мысық неге араз туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Ит пен мысық неге араз для детей на казахском языке, балаларга Ит пен мысық неге араз арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, Ит пен мысық неге араз, ертегі Ит пен мысық неге араз туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Ит пен мысық неге араз для детей на казахском языке балаларга Ит пен мысық неге араз арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегіл, Ертегі: Ит пен мысық неге араз ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн